"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Оңтүстік өңірлер импорттық газсыз қыстап шықты
12.04.2016

«100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының Индустрияландыру және экономикалық өсім деп аталған III бағытында жүктелген міндеттемелерді орындау мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ бірқатар жобаларды жүзеге асырды.

Соның арқасында биылғы жылыту маусымында еліміздің оңтүстік өңірі сырттан көгілдір отын сатып алған жоқ. Естеріңізде болса, қытымыр қыстың алдында ғана Ұлттық газ операторы биыл тұңғыш рет тек отандық газ пайдаланылатыны туралы баяндап бір серпілткен еді. Компания уәдеде тұрып, жылыту маусымын импорт газсыз аяқтап келеді, - деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.

Бұрын Қазақстан, әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлері импорттық, негізінен өзбек газына қатты тәуелді болып келді. Бұл ретте, бірде-бір жылыту маусымы іркіліссіз өткен емес. Температураның әрбір күрт төмендеуімен қатар көгілдір отынның тапшылығы сезіліп, ауыл-қалаларымызда газдың қысымы төмендеп кететін. Бір сөзбен айтқанда, көршілерден келетін газ көлемі күрт азаятын.

Осы жылыту маусымында көгілдір отынды іркіліссіз тұтынған жергілікті халық расында бұл жағдайдың қуантарлық жайт екенін айтып отыр.

«Бұрын қыс кезінде қиын болатын, кез келген сәтте газ өшіп қалатын еді. Міне, бірінші рет қыста осындай проблемаға ұрынбадық, газ барлық уақытта болып, үйде жылы әрі жайлы болды. Ешқандай отын да іздемедік, сақтап қойған көміріміз де қажет болмады. Енді әрқашан осылай болады деп сенеміз, және осы жақсылық үшін мемлекетімізге, Елбасыға рахметтен басқа айтарымыз жоқ», - дейді Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауданы Береке кентінің тұрғыны Жеңіс Жанқұлов.

«Біздің мектеп қысқа бұрынғыша мұқият дайындалды. Газ тоқтап қалған жағдайға арнап бізде автономиялы жылыту қондырғысына көшу көзделген, дегенмен оны бір рет те қолданған жоқпыз. Бүкіл жылыту маусымы ішінде газ өшкен жоқ, мектеп газбен жылытылып тұрды, балалар тоңған жоқ», - дейді Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы № 140 мектебінің директооры Мәдина Жанқараева.

Көгілдір отынмен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету өндірістерді дамытуға, жаңа бизнес көзін ашып, кәсіпкерлікті жолға қоюға зор қолдау екені де жасырын емес.

Газдың қолайлылығы мен үнемділігі арқасында көптеген қолданыстағы кәсіпорындар өз бизнестерін кеңейтіп қана қоймай, өздерінің экспорттық «аумақтарын» да ұлғайтуға мүмкіндік алып отыр. Мәселен, отандық кәсіпорындардың бірі үшін тұрақты газбен жабдықталу - бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы отандық өнімді өндіру мүмкіндігі.

«Іркіліссіз газбен жабдықтаудың арқасында осы қыста біз күн сайын қазақстандық тұтынушылар үшін жоғары сапалы май өнімдерін шығарды. Бұл ретте бізге Ресей мен Беларусияның өндірушілерімен не жоғары бәсекелестік, не теңге бағамының тұрақсыздығы кедергі болған жоқ. Барлық өнім супермаркеттердің сөрелеріне қолжетімді баға бойынша түсті. Біздің газ операторымыз біздің кәсіпорынның мұқтажы үшін табиғи газды жеткізуді және тасымалдауды тұрақты түрде жүзеге асыруды жалғастырады деген сенімдеміз» - дейді «Масло-Дел FOOD» компаниясының директоры Рахымжан Ниязов.

Тұрақты түрде газбен жабдықтау осы жылыту кезеңінде тағы бір алматының кәсіпорны «Первомайские деликатесы» ЖШС-на өндірістің қуатын арттырып, іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етті.

Импорттық көгілдір отыннан бас тарту арқылы халқы тығыз орналасқан өңірлердің газ тапшылығынан арылуына мүмкіндік туды және ең бастысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жасалған нақты қадам болды.

Бұл «ҚазТрансГаз» АҚ – Ұлттық газ операторының былтырғы жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының «Бейнеу–Бозой» желілік учаскесін салуды аяқтауының және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының кезекті желілік бөлігі мен компрессорлық станцияларын пайдалануға енгізуінің арқасында мүмкін болып отыр. Осы екі индустриялдық жоба бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне барлық отандық газ құбырларын қосуға, тасымалдауды әртараптандыруға және қажетті көлемді мұқтаж өңірге жіберуге мүмкіндік берді.

Отандық газ операторының жұмысына әсер еткен барлық келеңсіз экономикалық процестерге қарамастан, газдандыруға ғана емес, газ тарату желілерін жаңғыртуға да бағытталған компанияның инвестициялық бағдарламалары толығымен іске асырылды.

Газ саласы қызметкерлері үшін ең «қауырт шақ» - бұл жылыту кезеңі деп саналады. Дегенмен, оны артқа тастаған сәттен-ақ, өте маңызды әрі талмай еңбек етуді қажет ететін салмақты міндеттер, яғни бірден келесі жылыту маусымына дайындық басталып кетеді.

Анықтама үшін:

Бүгінгі таңда Ұлттық оператор Қазақстанның 10 аймағында 7 млн-нан астам тұрғынды және 30 мыңнан астам кәсіпорынды газбен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Ішкі нарыққа газды 35 мың км-ден асатын газ таратушы жүйе арқылы жеткізеді.

Былтыр 70 елді-мекен, 60 мыңнан астам отбасы жаңадан газ жүйесіне қосылды. Бұған дейін, жыл сайын ҚазТрансГаз, әрі кетсе 30 мың абонентті орталық газ жүйесіне қосып келсе, былтыр бұл көрсеткіш екі есеге өсті. Ішкі нарықтағы газ тұтыну көлемі 12,1 млрд текше метр газды құрады.

Былтыр ҚазТрансГаз Қызылорда облысының 4 елді мекеніне – Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған және Арал қалаларына ұзындығы 1400 км газ құбырын жаңадан жүргізді.

Ақтөбе облысында Комсомол, Ойыл, Қосестек, Ырғыз елдімекендеріне газ жеткізуге арналған ұзындығы 250 км. газ құбырының құрылысын аяқтады. Жоба бойынша, облыстың 9 елді мекенін газдандыру жұмыстары жалғасады.

Маңғыстау облысында Жыңғылды, Таушық, Батыр, Бейнеу елді-мекендеріне жаңа газ құбырын төсеумен қатар, осы аумақтағы ескі құбырларды жаңарту жұмыстары да жүргізілді.

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның алдында, 2020 жылға дейін еліміздің 8 аймағында 7 мың км-ден асатын газ құбырын төсеп, жаңарту жоспары тұр.

Ақпарат дереккөзі - "Bnews.kz" ақпараттық агенттігі

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу