"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ОТАНДЫҚ ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
14.12.2016

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында отандық газ саласының ең үздік қызметкерлері марапатталды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «-ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық оператор кеңселерінде салтанатты рәсім өтті.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінен, «Самұрық-Қазына» АҚ-дан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-дан, «KAZENERGY» ЗТБ-дан және «ҚазТрансГаз» АҚ-дан Ұлттық газ компаниясының 232 қызметкері елдің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік марапаттаулар, ордендер мен мерейтойлық медальдар, сондай-ақ құрмет грамоталары мен алғыс хаттар алды.

Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы елеулі жетістіктер үшін және мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен: «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары -Шаңбатыров Мұхатай; «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ бас директоры (Басқарма Төрағасы) - Тасыбаев Манас; "Амангелді Газ" ЖШС бас директоры (Басқарма Төрағасы) - Құрманалиев Қанат; «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС бас директоры (Басқарма Төрағасы) - Естай Серік; «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының бірінші орынбасары - Хван Валентин; «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГБ директоры, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының директоры - Сарбалин Мирбол; «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГБ директоры, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры - Мұртазаев Болат марапатталды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі аға вице-министр - Серді Ибулла; «ҚазТранГаз» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) - Сулейманов Рустам; «ҚазТранГаз» АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі бас директордың орынбасары - Темірханов Ерқанат; «ҚазТранГаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары - Көшеров Даир; «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) Қасенов Арман; «Азиялық Газ құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары - ЖБТ басшысы Сағынтаев Ғалымжан марапатталды.

ҚР Энергетика министрлігінен «Мұнай- газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін және «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісін «Амангелді Газ» ЖШС технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша мастер Маматкәрім Серікбаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің директоры Кнауэр Федор алды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаев марапаттауларды тапсыру барысында біздің еліміздің егемендігіне биыл 25 жыл толып отырғанын айтып өтті

 

«Қазақстан тарихи тұрғыдан алғанда ширек ғасырдағы осыншама қысқа уақыт ішінде елімізді жаңғыртуда, экономика мен әлеуметтік салада таңқаларлық жетістіктерге қол жеткізе алды- деді Қайрат Шәріпбаев. - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамашылығымен Тәуелсіздік жылдары болған оң өзгерістер арқасында Қазақстан кең халықаралық танымалдыққа ие болды және сәтті дамуын жалғастыруда. Осындай мықты даму қарқынында ҚазТрансГаз еуразиялық газ тасымалдау жүйесінде алпауытқа айналды. Біз 54 мың км газ құбырын салдық, қысқа мерзімдерде сығымдау компрессорлық станциясын, «Бозой» ЖАГҚ-ны, «Бозой» КС-ны және басқа да стратегиялық жобаларды аяқтадық. Сондықтанда бүгін марапаттау алған отандық газ саласының әрбір қызметкері үшін мақтануға себеп бар. Осы жылдар ішінде газ саласының қызметкерлері миллиондаған қазақстандықтар үйіне жылу мен жайлылық әкеле отырып, энергетикалық қауіпсіздікті және біздің Отанымыздың тәуелсіздігін нығайту ісінде қомақты үлес қосып отыр».

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу