"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ҚазТрансГаздың көмір қабаттарынан метан өндіру жөніндегі жобасы Үкімет отырысында қаралды
25.01.2017

ҚР Үкіметінде отырыс өтті, онда отандық көмір-химия саласы туралы есеп берілді, сондай-ақ оны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Отырыс барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев көмір өндіретін өңірлер әкімдерінің, тау-кен кәсіпорындары мен қауымдастықтары басшыларының, ғалымдардың баяндамаларын тыңдады.

Осы саладағы істің негізгі жай-күйі туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып өтті. Минэнерго басшысы атап өткендей, осы ведомство 2030 жылға дейінгі перспективада көмір өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Жол картасын әзірлеп, бекіткен. Басымдық ретінде өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсартуға және көмірден жоғары деңгейлі өнім алуға қатысты мәселелер қойылды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне орай көмір-химия саласын дамыту қажеттілігі туындады, ол аталған өнімнің тұтынушылық қасиеттерінің сапалық тұрғыда өзгеруін, сәйкесінше, оның нарықтағы бағасының көтерілуін қамтамасыз етіп, ең бастысы – энергетикалық көмір нарығына шығуға мүмкіндік береді. Қанат Бозымбаев сонымен қатар көмір қабаттарынан метан өндіру бойынша кешенді жоба әзірленіп жатқандығы туралы айтып өтті.

Үкімет отырысына қатысқан «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рустам Сулейманов Министрлер кабинетінің басшысына осы жоба бойынша егжей-тегжейлі ақпарат берді. Оның айтуынша Қарағанды облысында 1 тонна көмірден 12 текше метрге дейін метан алуға болады, ал ондағы ресурстар шамамен 550 млрд. текше метрді құрайды. Рустам Сулейманов атап өткендей, 2015 жылдан бастап көмір қабаттарының метанын барлауды және өндіруді ұйымдастыру бойынша біздің еліміздің Президенті берген тапсырма бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ Қарағанды көмір бассейнінің Шерубай-Нұра көмірлі ауданында жобаны іске асыруға кірісті. Жер қойнауын пайдалану келісімшарты «Сарыарқа» ӘӘК-ке тиесілі.

Бүгінгі күні 8 үңғыма бұрғыланды, оның 3-еуі барлау, 5-еуі тәжірибелік-өнеркәсіптік. Бірінші газ да алынды және одан әрі игеру жалғастырылуда. Ұңғымалардан алынған керн нәтижелері Америка, Еуропа және Қытайдағы әлемнің жетекші зертханаларына жіберілді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының айтуынша қорытынды алынып та қойылды, біздің көмірдің көмірлі құрамы 1,5 млрд.куб көмір өндірілетін Америкадағы Блэк Вэрриор ірі кен орындарымен ұқсас тең келеді екен. Бізде бір тонна көмірден 10-нан 12 текшеге дейін газ алуға болады.

Рустам Сулеймановтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта «Baker Hughes» халықаралық компаниясы газ өндіру мен оны коммерциализациялаудың перспективтілігі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жүргізуде, оны 2017 жылғы екінші тоқсанда аяқтау жоспарланған.

Үкімет отырысының қорытындысы және мәселелерді талқылау бойынша Премьер-Министр өзінің бірінші орынбасары Асқар Мәминге көрсетілген мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуге және осы жұмыстың жалпы үйлестірілуін жүзеге асыруға тапсырма берді. Министрлер кабинетінің басшысы көмір өндіру және қайта өңдеу орындарында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне де назар аудару қажет екендігін ескертті.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу