"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҮЗДІК МАМАН – 2017»
21.04.2017

2017 жылғы 17-20 сәуір аралығында  «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да «Үздік маман-2017» кәсіби шеберлік конкурсы болып өтті. Биылғы жылы конкурс «Интергаз Орталық Азия» АҚ құрылғанына 20 жыл толу мерейтойына арналды.  Ұлттық оператор құрамындағы компания қызметінің аса маңызды бағыттарының бірі болып табылатын табиғи газды магистральдық тасымалдау саласында оның мүдделерін таныстырады.

 «Үздік маман – 2017» конкурсының ашылу рәсіміне «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Мұқатай Шаңбатыров пен газ саласының ардагерлері қатысты.


Төрт күн ішінде газ тасымалдау саласының 15 кәсіби мамандықтары бойынша 100-ден астам қатысушылары арнайы сынақтан өтті. Олардың ішінде апаттық-құтқару жұмыстарының слесарі, газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу слесарі, электр газбен дәнекерлеуші, газбен кесуші және т.б. мамандар бар. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, бұрғылаушы және бұрғылаушының көмекшісі алғаш рет өз шеберліктерін көрсетті.

Конкурстың барлық кезеңдері соңғы жылдары бірнеше газ саласының ұрпақтарын біліммен сусындатып үлгерген оқу-курстық комбинатының аумағында өтті.

Жыл сайынғы осындай жарыстар кәсіби шеберлік сатысымен жоғары өрлеуге мүмкіндік береді. Оқу орталығында кез келген жағдайды үлгілеп, оны қайтадан бұзып, жаттығып, тәжірибе алмасуға болады.

Практикалық жұмыстар басталмас бұрын конкурстанттар теория бойынша емтихан тапсырды. Қатысушылардың ай       туынша, сұрақтар күрделі болған, алайда тапсырмаларды көбісі дұрыс орындай алды. Емтихан билеттері заңнаманы және техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша өндірістік нұсқауларды білу, алғашқы медициналық жәрдемді көрсете білуге арналды.

Практикалық тапсырмаларды орындауда конкурсанттар аса байсалдылық танытты, олардың әрбір шешімін емтихан алушылар мұқият қадағалап отырды. Әділқазылар алқасы – өндірістік бөлімшелердің, орталық-диспетчерлік басқарманың басшылары, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің басшылары, газ саласының ардагерлері.

Аспаптардың жұмысқа жарамдылығын тексерудің негізгі техникалық процесімен қатар, олар қатаң бақылаушы ретінде қызметкердің сыртқы келбеті, абонентке нұсқау беру сауаттылығы, еңбекті қорғау талаптарын орындауды қоса алғанда, барлық маңызды тұстарын бағалады. Практикалық тапсырмалар газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді, бұзылуларды анықтауды және нормативтік талаптарға сәйкес одан кейінгі әрекеттерді негіздеуді, құжаттамаларды толтыруды қамтыды.

Конкурстың көріністік кезеңдерінің бірі «Электр газбен дәнекерлеушілер және газбен кесушілер» полигоны, сондай-ақ жер асты газ қоймасы мамандарының командасындағы жұмыстар болды.

Мұнда конкурсанттар уақытқа өз жылдамдықтарын, металмен жұмыс істеу тәжибелерін, ептіліктерін, қауіпсіздік нормаларын сақтауын көрсетті.

Конкурстанттардың әңгімелеуінше, ең күрделісі өз уайымдарын жеңу болыпты. Барлық қатысушылар, сөзсіз, толқып, өте қатты уайымдады. Соның салдарынан біреулері ұпайларынан айрылса, екінші біреулері айтатын сөздерін ұмытып не толық айта алмай қалған. Десе де, жеңімпаз атанған қазақстандық газшылар  – үздіктердің ең үздігі.

 «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында жұмыс істейтін кәсіби мамандар жарысы игі дәстүрге айналған жыл сайынғы оқиға.  «ҚазТрансГаз» АҚ-да өз қызметкерлерінің кәсіби өсуіне аса мән берілетінін атап айту қажет. «Үздік маман» конкурсы – компанияның персоналды басқару саласындағы саясатының бір тармағы ғана.  Жалпы, оның құрамына еңбекті ынталандырудың қарқынды  жүйесі, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау кіреді.  Мұның бәрі әрбір жұмыскердің әлеуетін ашуға ықпал етеді, ашықтық, өзара құрмет, дұрыс бәсекелестік рухы мен серіктестік қарсыластық ортасын қалыптастырады. 

Қызу күрестің қорытындысында конкурстық комиссия жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан үздіктерді анықтады. Барлық конкурсанттар барынша күресті, себебі жүлделердің өзі күш жұмсауға тұрарлықтай болды. Бас жүлде – жыл бойына төленетін жалақыға алған жеңісті тұғырына қарай 20-30 пайызға дейінгі үстеме. Қатысушылар басқа да бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

«Үздік маман-2017» кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі Шымкенттің орталық сахнасы - Ш. Қалдаяқов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясында болып өтті.

«Үздік маман» конкурсы шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.  Мұнда қызметкерлердің өз қолдарымен жасалған ерекше қолөнерлер, шекімелер, түрлі материалдардан және түрлі техникалармен жасалған картиналар, сондай-ақ газшылардың ауыр да қиын кәсіптеріне арналған шығармашылық жұмыстары қойылды.


 

Номинациялар мен жеңімпаздардың тізімі:

Технологиялық компрессорлар машинисі

1 орын - Нұрберген Ыбрайұлы Жақашев (Ақтау қ.)

2 орын - Арыстанбай Заркунұлы Тұрамұрадов (Шымкент қ.)

3 орын - Руслан Қалыбекұлы Тажбенов (Орал қ.)

 

Технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі

1 орын - Амандық Аралбайұлы Сарманов (Ақтау қ.)

2 орын - Артем Қадыржанұлы Тугузбаев (Орал қ.)

3 орын - Ғалымбек Қадыржанұлы Қайрлиев (Атырау қ.)

 

Желілік құбыр жүргізушісі

1 орын - Михаил Степанович Лохбаум (Ақтөбе қ.)

2 орын - Нұрлан Серғазыұлы Абдуллаев (Ақтау қ.)

3 орын - Ғалымжан Бақытжанұлы Рахымов (Тараз қ.)

 

Газ тарату станциясының операторы

1 орын - Есболат Ерболатұлы Омаров (Атырау қ.)

2 орын - Бахтияр Темірұлы Уаисов (Қостанай қ.)

3 орын - Евгений Владимирович Власов (Тараз қ.)

 

Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау монтері

1 орын - Александр Владимирович Осипов (Орал қ.)

2 орын - Мамбетқұл Пірасылұлы Аймаханов (Шымкент қ.)     

3 орын - Асылхан Әміржанұлы Байжекенов (Қызылорда қ.)

 

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері

1 орын - Арыстанбай Табынбайұлы Қытайбеков (Ақтау қ.)

2 орын - Ақылбек Нұрбекұлы Бекмұрзаев (Шымкент қ.)

3 орын - Әлібек Наурызғалиұлы Камиев (Атырау қ.)

 

Электр газбен дәнекерлеуші

1 орын - Марс Мергенғалиұлы Ержанов (Орал қ.)

2 орын - Жәнібек Маханбетұлы Алтаев (Шымкент қ.)

3 орын - Мұханбетхали Жаңабайұлы Жармақов (Ақтөбе қ.)

 

Газбен кесуші       

1 орын - Мұхамбетжан Сергеевич Сергеев (Ақтау қ.)

2 орын - Жамал Төребайұлы Нұртяков (Шымкент қ.)

3 орын - Қанат Ғалымжанұлы Тукасов (Атырау қ.)

 

Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі

1 орын - Игорь Олегович Гомин (Тараз қ.)

2 орын - Бисен Саменұлы Кушенов (Атырау қ.)

3 орын - Ерлан Садықұлы Қанатов (Орал қ.)

 

Газ өндіру операторы

1 орын - Болат Қайроллаұлы Оспанов (Ақтөбе қ.)

2 орын - Қайрат Лесұлы Данлыбаев (Тараз қ.)

3 орын - Алийбай Бисенбайұлы Әбішов (Шымкент қ.)

 

Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор

1 орын - Бауыржан Қыдырбайұлы Бектұрғанов (Шымкент қ.)

2 орын - Ниедулла Икмашұлы Дәулетов (Ақтөбе қ.)

3 орын - Рахыш Бердіғұлұлы Есболов (Тараз қ.)

 

Бұрғылаушы

1 орын - Қасымбек Мұсаұлы Сәрсенбаев (Тараз қ.)

2 орын - Нұржан Мұсаұлы Сатеев (Шымкент қ.)

3 орын - Нәби Әбдуәлиұлы Сырлыбаев (Ақтөбе қ.)

 

Бұрғылаушының көмекшісі

1 орын - Эргешбай Хайтбайұлы Шерметов (Шымкент қ.)

2 орын - |Қанат Жарылқасынұлы Нұртаев (Ақтөбе қ.)

3 орын - Әділ Серікбайұлы Қожахметов (Тараз қ.)                  

 

Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі

1 орын - Әзімбек Қобылбек Әуелбеков (Шымкент қ.)

2 орын - Қанат Шиныбекұлы Балмұханов (Ақтөбе қ.)   

3 орын - Марат Квайберинұлы Душанов (Орал қ.)   

 

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі

1 орын - Амангелді Орынғалиұлы Молдашев (Ақтөбе қ.)

2 орын - Василий Игоревич Авраменко (Орал қ.)

3 орын - Жомарт Балташапұлы Рабеков (Шымкент қ.)  

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу