"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
5 ЕЛДІҢ ГАЗ ТАСЫМАЛДАУ САЛАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГТАРЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
26.10.2017

 Алматыда ұйымдастырылған метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық жиынға «Газпром» ААҚ, «Нафтогаз Украины» ҰАК, «Газпром трансгаз Беларусь» ААҚ, «Молдовагаз» АҚ және «Интергаз Орталық Азия» АҚ мамандары жиналды.

Жиынның тақырыбы: «Табиғи газдың физикалық-химиялық көрсеткіштерін өлшеудің оңтайлы әдістері мен құралдарын таңдау».

Жыл сайын газ тасмалдаудың жаңа маршруттары, магистральдық газ құбырларының транзиттік бағыттары іске қосылып жатыр. Мысалы жақында Қазақстан Қытай нарығына қазақстандық газды экспорттай бастады. Тасымалдау 9,8 МПа-ға тең өте жоғары қысыммен магистральдық газ құбырлары арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жағдайда газдың сапалық көрсеткішінің тоқтаусыз мониторингі үлкен маңызға ие болады.

Магистральдық газ құбырының сақталуын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету газдың физикалық-химиялық көрсеткіштері туралы алынатын деректердің нақтылығы мен уақтылы берілуіне байланысты.  

2007 жылдан бастап 10 жыл бойына Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес кәсіпорны «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ресей, Украина, Белоруссия және Молдованың газ тарату компанияларымен метрология саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысып келеді.

Осы формат шеңберінде өткізілетін жұмыстардың маңыздылығы, ең алдымен практикалық тәжірибемен алмасу. Тұрақты өткізіліп отыратын кездесулер шекаралық газ өлшейтін станцияларды салу және жаңғырту кезінде оңтайлы, бірыңғай тәсілдерді табуға, өлшейтін жүйелердің жай-күйіне мониторинг жасаудың ең тиімді әдістерін анықтауға, заңнамалық және нормативтік талаптардың ұлттық ерекшеліктерін ескеретін шешім табуға мүмкіндік береді.

«Интергаз Оталық Азия» АҚ метрологиялық қамтамасыз етуге үлкен назар аударылады. Метрологиялық қызметтің жұмыс сапасы көбінесе жалпы газ тасымалдайтын жүйе жұмысының тиімділігін айқындайды. Технологиялық процестердің параметрлерінің нақты және өлшемдерін жедел алу магистральдық газ құбырлары объектілерінің қауіпсіз және үнемді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ осымен үшінші рет жауапты басқосу ұйымдастырып отыр. 2009 жылы мәжіліс Орал қаласында және 2012 жылы Алматы қаласында өткізілді. Бұл жолғы отырысқа Өзбекстан мен Қырғызстанның газ тасымалдау кәсіпорындарының өкілдері де қатысты.

«ҚазТрансГаз» АҚ – отандық және  шетелдік газ  нарығында мемлекеттің мүддесін танытатын Қазақстан Республикасының негізгі газ-энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері  бойынша  тауарлық газды тасымалдау бойынша орталық инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау орындарын әзірлейді, қаржыландырады, құрылысын салады және пайдаланады.

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз-қызметі

Тел: 7(7172) 55 23 16

   

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу