"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ҚАЗТРАНСГАЗ 2017-2018 ЖЖ. ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18.04.2018

 Қазақстанның басым бөлігінде жылыту маусымы аяқталуда. 2017-2018 жж. жылыту маусымы кезеңінде «ҚазТрансГаз» АҚ өзінің барлық газ тасымалдау инфрақұрылымы нысандарының қалыпты жұмысын және еліміздің ішкі нарығына іркіліссіз газ жеткізуді қамтамасыз етті. 8 млн. астам қазақстандықтарды көгілдір отынмен қамтамасыз ететін 19 мың магистральдық газ құбыры, 48 мың шақырымнан астам газ құбыры мен тарату желілері үздіксіз жұмыс істеді. Бұл шамамен 900 мың пәтер, 870 мың жеке меншік үй, 40 мыңнан астам коммуналдық-тұрмыстық және 3 мыңға жуық өнеркәсіптік кәсіпорындар. Айта кетерлігі, 2017 жылы 73 мыңға жуық абонент немесе 360 мың тұрғын газға қосылды.

Биылғы жылыту кезеңінде тауарлық газды ішкі нарықта тұтыну көлемі 10,1 млрд. текше метр газға дейін артты немесе 6%-ға өсті. Өткен жылыту кезеңінде 9,5 млрд. текше метр газ жеткізілген болатын. Газды тұтынудың өсуі абоненттер санының ұлғаюына, сондай-ақ оңтүстік облыстарда болған қатты аяздарға байланысты болды.

Ұлттық оператор тарапынан көк отынның тұрақты әрі сенімді жеткізілуіне қарамастан, қыс айларындағы газ тұтынудың ең шекті деңгейі кезеңінде оңтүстік өңірлердің кейбір елді мекенінде газ жеткізуде іркілістер байқалды. Іркілістер жеке меншік компанияларға тиесілі кіші-гірім желілерде байқалды, себебі көбірек пайда табу үшін жеке компаниялар, газ құбырының өткізу қабілетін ескерместен абоненттерді артығымен, мейлінше көбірек желіге қосып отырған. Сондықтан, газды тұтыну көлемі артқан кезде, құбырдағы қысымы шектеулі газ абоненттердің барлығына бірдей жетпей қалды.

Жылыту маусымының қорытындылары бойынша тағы бір проблема бұл ірі кәсіпорындардың, ЖЭО-ның, заңды және жеке тұлғалардың тұтынылған газ үшін ақы төлемеуі. Бүгінгі күнге компания алдындағы дебиторлық берешек шамамен 29 млрд. теңгені құрайды. Бұл газ инфрақұрылымын жаңғыртуға және келесі жылыту маусымына дайындық үшін қажетті қаражат.

«ҚазТрансГаз» АҚ импорттық газдан бас тартып, елімізді отандық газбен қамтамасыз етіп отыр. Осындай нәтижеге компания соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстанның барлық газ тарату желілерін жаңғыртуы арқасында қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру да өз нәтижесін бері. Солардың бірі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының іске қосылуы. Осы магистральға батыстағы барлық кен орындары мен газ қоймалары қосылған, ол газдың маршруттық бағыттарын әртараптандыруға және елдің оңтүстігін толықтай газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, былтыр, ішкі нарықты отандық газбен қамтамасыз етумен қатар, ҚазТрансГаз алғаш рет Қытайға газ экспорттауды бастады, ол еліміздің газ саласы үшін ең маңызды оқиға саналып отыр.

«ҚазТрансГаз" АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді) мемлекттің мүддесін отандық газ нарығында, сондай-ақ шетелдік газ нарығында да білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистарльдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тауарлық газды тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық тарнзитті қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. 

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу