Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ 2-ші жастар слеті
07.08.2018

Ағымдағы жылдың 7-8 тамызында Орал қаласында, компанияның 95 қызметкерлерінің қатысуымен, «Жастар инновациясы – Қазақстан Республикасының газ саласын әлеуетті дамыту» тақырыбы бойынша («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіретін) «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның екінші жастар слеті өтті.

Слеттің бірінші күні «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Жастар кеңесімен құрылған салтанатты тұсаукесермен басталды. Бүгінгі күні оның саны 2 395 қызметкерді құрайды. Кеңестің негізгі мақсаттары компанияның бірыңғай жастар саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру, жас мамандарды тарту, олардың сәтті әрі тиімді шыңдалуы үшін жағдай жасау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту болып табылады.

Әрі қарай слет бағдарламасына сәйкес алдын ала іріктеу турына түскен 65 баяндаманың арасынан беделді сарапшылар комиссиясы 15 баяндаманы іріктеп алып, тыңдады. Әр қатысушы газды тасымалдау, энергия үнемдеу, робототехника, автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ газ саласындағы әлеуметтік және басқа өзекті міндеттерді шешу бойынша жобалары мен авторлық идеяларын ұсынды.

Комиссия компания үшін әзірлеменің өзектілігін, жаңашылдығын, маңыздылығын, ұсынылған шешімдерді енгізу болашағын, күтілетін экономикалық және әлеуметтік ықпалын ескере отырып үздік жобаны анықтады.

Ол «Газ құбырларын пайдалану кезінде бақылауды бұзбайтын заманауи әдістерді тиімді қолдау» тақырыбы бойынша Орал қаласындағы «Инженерлік-техникалық орталық» филиалының жас маманы Александр Самарцевтың жобасы болды. «Газ тасымалдау саласында SMART технологияларын енгізу» тақырыбы бойынша жобасымен Тараз қаласының жас маманы Азамат Төркенбаев көрермендердің көзайымына лайықты болды.

Инновациялық жобалар «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ғылыми-техникалық кеңесіне ұсынылады. Ол қарап, талдап, мақұлдаған жағдайда нақты өндірістік қызметке тәжірибелік енгізу жөнінде ұсыныс беруі мүмкін.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Бас директорының Бірінші орынбасары Мұхатай Шаңбатыров: қоғамның экономикалық дамуына қарай инновация, автоматтандыру және цифрландырудың маңызы одан сайын артып, қазіргі уақытта бәсекеге қабілеттіліктің маңызды құралына айналып келе жатқанын атап өтті. Бұл тақырыптың маңыздылығын Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, әркімнің қабілеті қажетке жарап, ортақ нәтижеге қол жеткізуге көмектесетіндей бір командада жұмыс істей алатындарын көрсетті.

Компанияның жас мамандарының атынан сөйлеген Уәлихан Кымбатов: «Мен газ саласында жұмыс істегеніме қуанамын. Мен өз компанияммен мақтанамын және оның дамуына үлес қоса алатыным үшін, сондай-ақ өз еңбегім арқылы Қоғам мен Отаныма пайдам тиетіні үшін мақтанамын!»-деді. Ол сондай-ақ мұндай слеттердің пайдалы екенін, іске жұмыла кірісуде жауаптылықты қалыптастыратынын, компанияның жетістігін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бір екенін атап өтті.

Анықтама ретінде: «Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылы шілде айында құрылған. Компания газ тасымалдау жүйесін басқаруды және магистральдық газ құбырларына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді) «ҚазТрансГаз" АҚ компания тобының құрамына кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ отандық, сондай-ақ шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін отандық газ нарығында, сондай-ақ шетелдік газ нарығында да білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистарльдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тауарлық газды тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық тарнзитті қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

11.12.2018
«Интергаз Орталық Азия» АҚ экологияны сақтауға қосқан үлесі үшін «Парыз» сыйлығын алды
Әрі қарай оқу
29.11.2018
БІРДЕН ҮШ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯ ПАЙДАЛАНУҒА ҚОСЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
13.11.2018
Standard and Poors «ҚазТрансГаз» АҚ рейтингін арттырды
Әрі қарай оқу
07.11.2018
«ҚазТрансГаз» АҚ 10 айдағы жұмысын қорытындылады
Әрі қарай оқу