Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ЖҮРЕТІН КӨЛІКТЕРДІҢ ЕҢ ҰЗАҚ АВТОШЕРУІНЕ ҚАТЫСУДА
04.09.2018

 Бүгін Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан Жудун қаласында «Моторға газ» атты табиғи газбен жүретін техниканың ең ұзақ халықаралық автошеруі басталды. Іс-шара Қытайдың, Қазақстан мен Ресейдің ірі энергетикалық компаниялары– «СNPC», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Газпром» ААҚ-ның қатысуымен ұйымдастырылды.  

Бұл, газды-моторлы отынмен жүретін көліктердің автожарысы тарихындағы  ең үлкен жарыс, ұзындығы 9 881 шақырымды құрайды. Бұған қоса оның елеулі бөлігі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жаңа халықаралық көлік дәлізі бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтеді. Қытай, Қазақстан және Ресей аумағындағы автошеру бағыты: Жудун, Суцянь, Чжэнчжоу, Сиань, Динси, Увэй, Цзяюйгуань, Хами, Тұрфан, Усу, Қорғас (Қытай), Алматы, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Арал, Ақтобе (Қазақстан), Орынбор, Альметьевск, Қазан, Нижний Новгород, Владимир, Торжок және Санкт-Петербург (Ресей) қалалары арқылы өтеді.

Жарыстың қазақстандық бөлігінде көліктерге газ толтыруды ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ қамтамасыз ететін болады. Жарысқа қатысушылар 4 қазанда VIII Петербург халықаралық газ форумының ашылуы шеңберінде Санкт-Петербург қаласында мәреге жетуді жоспарлады.  

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рустам Сулейманов, осы автошеруді өткізу табиғи газды экологиялық таза және үнемді моторлық отын ретінде пайдалануды насихаттау үшін шынайы мүмкіндік екендігін айтты.

«Қазір Қазақстанда көліктік секторды жаңғырту және оны дизельді отыннан табиғи газға ауыстыру мәселесі пысықталуда» - деді Рустам Сулейманов. -  2022 жылға көліктік сектордың табиғи газды тұтынуын он есеге ұлғайту болжанып отыр. Бұл үшін автоматты және криогенді газ толтыру станциялары желілерін кеңейту жобалары іске асырылатын болады. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу зиянды шығарындылардың азайюына, жұмыс орындарының ұлғаюына және отын шығындауды орасан үнемдеуге елеулі әсер етеді».

Автожарыс колоннасы сұйытылған және сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін 17 жүк және жеңіл автомобильдер мен автобустардан тұрады. «ҚазТрансГаз» АҚ осы іс-шара шеңберінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тарнсконтинентальдық көлік бағытының қазақстандық учаскесінде перспективалы газ толтыру инфрақұрылымының локациясын айқындау міндетін қойып отыр. Бұдан бөлек, автожарыс табиғи газды дәстүрлі отын түрлері арасында моторлы отын ретінде пайдалану артықшылығын көрсетуді көздейді. 

Елімізде газды мотор отыны ретінде қолдануды дамыту және автогаз құю бекеттерін салу ісімен «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес кәсіпорны «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС айналысуда.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін  кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. 

11.12.2018
«Интергаз Орталық Азия» АҚ экологияны сақтауға қосқан үлесі үшін «Парыз» сыйлығын алды
Әрі қарай оқу
29.11.2018
БІРДЕН ҮШ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯ ПАЙДАЛАНУҒА ҚОСЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
13.11.2018
Standard and Poors «ҚазТрансГаз» АҚ рейтингін арттырды
Әрі қарай оқу
07.11.2018
«ҚазТрансГаз» АҚ 10 айдағы жұмысын қорытындылады
Әрі қарай оқу