"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Көгілдір отынды күтіп отыр
27.09.2015

Ел арасында газдандыру мәселесі басты тақырыпқа айналды. Көпшілік бас қосқан жерде газдандыру жайы бір қозғалмай қалмайды десек, жалған емес. Олай болуға тиісті де. Көгілдір отынға қол жеткізу кім-кімге де арман. Әсіресе қысы қытымыр келетін облыстың солтүстік беткейінде орналасқан ағайын­ға аса маңызды.

Жоба бойынша кентте 382,4 шақырым газ құбырыжүргізілуі тиісті. Сондай-ақ автоматтандырылған газ тарату стансасы, 3 газ реттеуіш пункттері, 42 дана газ таратушы шкаф, бір дана газ шығынын есептеуіш бекет орнату көзделген еді. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистраль­ды газ құбырының құрылысын салу жүк­телген «Ақмарал» ЖШС 38218 метр газ құбырынан 36360 метр газ құ­быры құрылысын аяқтап, АГРС-ті 80% бітірсе, өзге жұмыстарды қарқынды жүргізуде. «СпецГазМонтаж» ЖШС болса кенттегі өздері атқаруға тиісті шаруаларда белсенділік танытуда. Олар түрлі қысымдағы газ құбырларының ағымдағы жылдың 21 тамызына дейін 69 пайызды атқарып үлгеріпті.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев­тың тапсырмасына сәйкес аудан, қала әкімдері «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның өкіл­дерімен бірлесе тұрғындар арасында газбен жабдықтау жүйесіне қосылу жайлы түсіндірме жүргізуге тиісті болатын-ды. Осы тұрғыда аудан әкімінің өкімімен алдағы жылу беру маусымында тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды газға қосу әрі қауіпсіз пайдалану мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылды. Оған аудан әкімінің орынбасары жетекшілік жасайды. Жуырда аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте тындырылған тірліктер, іс барысы жан-жақты зерделенген еді. Айта кетерлігі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кенттегі әлеуметтік-мәдени нысандардың бу қазандықтарын табиғи газға көшіру бағытында жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Жеңімпаз болып танылған «Құрылыс консалтинг ұлттық орталығы» тиісті жұмыстарды атқаруда.

Қазалыда аудандық мәсли­хаттың тұрақты комиссияларының бастамасымен өткен көпшілік тыңдауда да халықты көгілдір отынмен қамту назардан қалыс қалмады. Мердігерлерден газ құбырын жүргізуде асқан ұқыптылық танытып, қауіпсіздік ережесін қатаң қадағалауды өтінген аудан басшылығы шараға сергек қарайтынын пайымдатты.

Арал қаласында «СпецГазМонтаж» ЖШС қала көшелерін газдандыру бағы­тында жұмыстарын ерте көктемде бастаған еді. Аталған мекеме қатарында 115 адам, 31 техника еселі еңбек етуде. Жұмысшылардың түгелге жуығы жер­­гілікті тұрғындар. Оған қоса табиғи кө­гіл­дір отын қалада маздар шақ та қа­шық емес. Әрине, кез келген шаруаның уақытша қиындығы кездесері заңдылық. Алайда кәсіби шеберлік бәрінен басым түсері даусыз.

Арал қаласы бойынша орнатылуға тиісті 288 шақырым газ құбырының қазірде 212 шақырымы қазылып, газ құбырлары жүргізілді. Яғни міндетті шаруаның 73 пайызы орындалды деген сөз. Қалаға автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатушы «Ақмарал» ЖШС өзіне жүктелген жұмыстарды аяқ­тау­ға жақын. Қолдағы деректе «СпецГаз­Монтаж» ЖШС-ның мәліметі бойынша Арал қаласының газдандыруы бел­гіленген мерзімде аяқталатыны жа­зылыпты. Тамыздың басындағы мәлі­мет бойынша қала тұрғындарынан 952 өтініш түсіп, мамандармен 385 жо­ба дайындалып, бірқатар тұрғын үйге газ жүйесі жүргізілген. Арада уақыт өткенін ескерсек көрсеткіш еселей түспекші.Тұрғындарға түсіндірме жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылған. Көше комитеттерінің төрағалары, тұрғындардың қатысуымен әлденеше мәрте жиындар өткізілді.

Сонымен, ағайындардың көгілдір отынның рахатын көруге асығып күтіп отырған жайы бар.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу