"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Сенімді жерасты газ қоймасы
21.09.2015

Жер астындағы газ қоймасы (ЖГҚ) дегенде, көз алдымызға жерге көмілген цистерналар, танкерлер немесе тағы да сондай үлкен резервуарлар (ыдыстар) елестейтіні рас.

Алайда, бұл қоймалар ондай емес, сығымдалған газ ешқандай ыдыссыз жер астында сақталады. Егер ол тесік тауып, сыртқа шыға бастаса, не болмақ? Жалпы, газ сақтайтын жерасты қоймасы дегеніміз не? Оған жауапты еліміздегі газ қоймаларының бірі туралы жазылған төмендегі әңгімемізден таба аласыз.  

Қазақстанда жер астындағы газ қойма­лары үшеу – оңтүстік Қазақстан облысындағы «Пол­торацкий» қоймасы, Жамбыл об­лы­сын­дағы «Ақыртөбе» және бірі Ақтөбе облысында ор­наласқан «Бозой». Оларда сақталатын бел­сенді газдың жиынтығы 4,65 млрд текше метр­ді құрайды. Бұл газ қоймаларын отандық жә­не шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүд­десіне жұмыс істейтін, Қазақстандағы не­гізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылатын газ және газ­бен қамтамасыз ету саласындағы отандық опе­ратор «ҚазТрансГаз» АҚ басқарады. Қаз­Транс­Газ ортаазиялық өңірде ірі газ тасы­мал­дау желісі және ішкі нарықты газбен қам­та­ма­сыз ететін бірыңғай желісі бар тұ­­­тыну­шыларға газды жеткізетін сенімді компания бүгінде же­расты газ қоймалары жүйесін дамытумен бел­сенді айналысып жатыр. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған сақтау объектілерінің ес­кіргенін ескере отырып, оның қуаттылығын арт­тыру, реконструкция жасау, техникалық жаңарту – компанияның стратегиялық мін­деттерінің бірі болып табылады. 

Биылғы жылы газды жер астында сақ­тау­дың әлемдік тәжірибесіне 100 жыл толыпты, ал Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан “Полторацкий» жерасты газ қоймасының 50 жылдық мерейтойы соған тұспа-тұс келіп отыр. Жерасты газ қоймасының қызмет етуі­не табиғи жер қыртысы пайдаланылады. «Пол­торацкий» ЖГҚ орналасқан жердің қыр­тысы газ сақтауға өте ыңғайлы, жер а­с­тын­дағы табиғи ыдыста газ шығатын ине­нің көзіндей тесік немесе ешқандай сызат жоқ. Осы жағынан алғанда, бұл қойма әлемдегі газ сақтайтын ең сенімді табиғи ыдыстардың бірі болып табылады. Еліміздегі осындай сенімді жерасты газ қоймасының пайдаланылып жатқанына биыл 50 жыл болыпты. 

Жердің астынан газ сақтайтын қойма жа­сайтын орын табу үшін жер қыртысындағы газ немесе су жатқан белдеуді табу керектігі бел­гілі. Жерді тесіп шығатын артезиан сула­ры­ның қандай күшті қысыммен атқылай­ты­нын бәріміз білеміз. Демек, сол жерден се­нім­ді газ сақтайтын қойма жасауға мүмкіндік бар. Геологтар осындай жерлерді табады, ал газ саласындағылар ондағы суды алып, ор­ны­на газ толтырады. Өткен ғасырдың алпы­сын­шы жылдарының басында геологтар газ қой­­масын жасайтын осындай жер іздеді. 1961-1965 жылдар аралығында қазіргі Пол­то­­рацкий ЖГҚ тұрған аумақта 35 барлау ск­ва­­жи­налары бұрғыланған екен. Содан алынған гео­логиялық мәліметтер бойынша Полто­рац­кий құрылымындағы, қазірге дейін сығым­да­лған газ жіберетін қойма тұрған Шанақ кол­лектор-қыртысы анықталды. Бұл қандай қой­ма дейсіз ғой? Бұл – қиыршық тас, құм мен керіш аралас босаң қабат. Әлгі қа­бат­тар бір-біріне ауа өткізбейтін керіш қыр­тыстары ар­қылы ұштасып жатыр. Мамандар­дың айтуынша, Шанақ коллектор-қыртысы құра­мы бойынша өте күрделі геологиялық құры­лым, сондықтан оны газ сақтауға пайда­ланғанда мұқият болу керек. 

Жердің бұл қыртысын газ сақтайтын қой­маға айналдыру үшін көп жұмыстар істелді. Оның қаншалықты ауқымды екендігін жет­кізу үшін 99 скважинаның бұрғыланғанын айт­са да болады. Ал олардан басқа қаншама құ­рылыстар жүргізілді. Полторацкий ЖГҚ жұ­мысын 1965 жылы, қоймаға тәжірибелік-өн­дірістік газды жіберген күннен бастады. Ал­ғашында қоймаға тек газды ғана айдады. Оған өте көп газ жіберу керек болды, өйткені қа­жетті қымысды тудыру үшін газдың бір бө­лігі коллектор-қыртысына толтырылды. Бұл газ  «буферлік газ» деп аталды. Оның көле­мі қоймаға жіберілген газдың шамамен жар­ты­сын құрайды. ЖГҚ шығарылатын газ «бел­сенді газ» немесе «жұмысшы газ» деп ата­лады. 

Қойманың үздіксіз жұмыс істеуі үшін та­ғы екі жыл қажет болды. Тек 1967 жылы ға­на газ қоймасының циклдық пайдалану жұмысы басталды, бұл дегеніміз – газды жер астына циклдық айдау және циклдық шығару. Газ сақталатын жер қыртысының тереңдігі 400 метрден 700 метр деңгейде. Одан алынатын белсенді көлем 350 млн текше метрді құрайды. Полторацкий ЖГҚ содан бері өзінің қорын­да­ғы газбен қыс мезгілдерінде де бірдей мөл­шер­де қазақстандықтарды газбен қамтамасыз етіп, үзбей қызмет атқарып келеді. 
Енді жерасты газ қоймалары не үшін қа­жет деген мәселеге келейік. Полторацкий ЖГҚ негізгі міндеті маусымдық газ тұтынуды рет­тейтін атратегиялық объект болып табы­ла­ды. Мәселен, халық жазғы кезде газды аз пай­даланады, ал қыста сұйық отын көп жа­ғылады. Қатты суық болған кездерде Шым­кент және Оңтүстік Қазақстан облысының бі­раз бөлігін газбен қамтамасыз етіп отырған Өзбекстан газ жіберуді азайтады, өйткені өз­де­ріне газ жетіспейді. Қазақстандық газ са­ла­сының қызметкерлері «Бізде суық болса бола берсін, тек Ташкентте ауа райы жылы болып тұрсын» деп қалжыңдайтыны сондықтан. Қыстың суығында Полторацкий ЖГҚ-дан  газ беріле бастайды. Сөйтіп, қысымның күрт азайып-көбеюін көтермейтін, тұтыну­шы­ларды бірқалыпты газбен қамтамасыз етіп оты­ратын газ тасымалдау жүйесінің қалыпты жұ­мыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қазақстандықтар қысқы уақытта газды емін-еркін пайдалану үшін Полторацкий ЖГҚ жаз кезінде қарқынды жұмыс істейді. Қоймаға газ толтырумен айналысады, ал бұл – өте күрделі және қауіпті жұмыс. Жер үстіндегі құбырдағы қысым қалыптан асып кетпеуі, скважина мен газ айдайтын аппаратты үнемі қа­дағалап отыру керек. Сәл қателік кетсе, оның арты апатқа соқтырады. Ал енді сәл ға­на ұшқын түссе, оның неге апаратыны бел­гілі. Газ факелі – өте қатерлі апат. Сондықтан газ саласының қызметкерлерінің басты қағи­далары – сенімділік және қауіпсіздік. Полто­рацкий  ЖГҚ барлық скважиналар тексеріл­ген және пайдалануға рұқсат бар. Күрделі жә­не ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жыл сайын жүргізіледі. Апаттан құтқару қыз­ме­ті­мен бірлесіп бұрқақтарға қарсы қауіп­сіздіктің алдын алу жұмыстарын жасайды. Мұнда бі­лік­ті мамандар жұмыс істейді, соған қара­мас­тан олардың біліктіліктерін көтеру бойынша үнемі оқу курстарынан өтеді. «ГАЗПРОМ – ВНИИГАЗ» табиғи газды зерт­теу институты авторлық қадағалау жасап, қой­маны пайдалану жөнінде кеңес беріп оты­рады. 

Пайдаланылатын құрал-жабдықтардың сапа­сына қатты көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде «ҚазТрансГаз» АҚ техникалық жабдықтау және объектілерді автоматтандыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Полто­рацкий ЖГҚ тәуліктік өнімділігін арттыру үшін ауқымды жұмыстар жүргізілді – бүгінгі за­манның талабына сай заманауи құрал-жаб­дықтар пайдаланылған жаңа газ реттеуші пункт салынды, жаңа скважиналар қосылды. 

Қысқаша айтқанда, бүкіл энергия жүйе­сінің стратегиялық объектісі ретінде Қазақ­стан­ның жерасты газ қоймасы еліміздің энер­­­гетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тін сенімді бөлігі болып табылады. Со­ны­мен қатар қазіргі кезде жерасты газ қой­ма­лары әлемдік деңгейде даму үстінде екендігін ес­кер­сек, ҚазТрансГаз аумағынан табиғи газ транзиті өтетін импорттаушы елдермен осы сала бойынша қарым-қатынастарын жақ­сартып, ынтымақтасуда. 

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу