"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Қызылорда облысын газдандыру жұмыстары жалғасады
17.02.2016

Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ” акционерлік қоғамы арасындағы меморандум аясында 2015 жылы облыстағы 7 аудан орталығының 4-уінде - Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттерінде газ тарту жұмыстары аяқталды.

Бұл – облыс экономикасына қосымша қуат беріп, халықтың күнделікті өмірін түбегейлі түрде өзгерткен үлкен жаңалық болды.

- Тезек пен көмірдің қамы, ыс пен күлдің азабынан құтылған сан мың отбасының тұрмысы жаңа сипат алды деуге болады, - деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде.

Көгілдір отынның қызығын көріп отырғандардың бірі Шиелі ауданындағы Көпеновтер әулеті. Бұл отбасы теміржол саласында тер төгіп келеді. Еңбек династиясы атанған әулет телекөпір арқылы байланысқа шығып, атқарылған жұмысқа алғысын білдірді.

- Көңілде күпті болып, көптен күткен мәселе шешілді. Шырайлы Шиелі халқы үшін өткен жыл ақ түйенің қарны жарылған жыл болып, жақын арада күтпеген газ келді. Бұл – Біз үшін үлкен қуаныш. Бейнеті бөлек күл шығарып, от көсеген уақыт қалды. Тұрмыс тауқыметі азайып, халықтың тұрмыс жағдайы жақсарды. Бұдан басқа ауданымызда жаңа мектеп салынып, немерелерім сол мектепке барады. Келінім сонда жұмыс істейді. Жолдарға асфальт төселді, ауызсу мәселесі шешілді. Құдық қазып немесе бұлақ жағалаған заман да қалды, қазір ауызсуды үйден ішіп отырмыз. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп міне, осыны айтуға болады, - дейді 80 жастағы қария Дүйсен Көпенов.

Биыл қалған үш аудан орталығын – Жосалы, Жалағаш және Тереңөзекті, сондай-ақ, Қызылорда қаласының газға қосылмаған тұрғын үйлерін және қала маңындағы елді мекендерді газдандыру жоспарланған. Қазір оған қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Кезең-кезеңімен басқа да елді мекендерге газ жеткізуге арналған жұмыстар жалғасады.

Облыс елді мекендерін газдандыру жобасы жаңа жұмыс орындарын, орта арнаулы оқу орындарында осы салаға қажетті бірқатар жаңа мамандықтардың ашылуына мүмкіндік берді.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу