"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Комплаенс

КОМПЛАЕНС

«Интергаз Орталық Азия» АҚ заңдылық, адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттарын ұстанады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Комплаенс қызметі Қоғамның Директорлар кеңесіне бағынатын және есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады. Қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын Қоғамның атқарушы органынан, лауазымды тұлғаларынан және өзге де жұмыскерлерінен тәуелсіз жүзеге асырады.

Қызметтің негізгі мақсаты Қоғам мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына жәрдемдесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және өзге де комплаенс-тәуекелдерді анықтау, бағалау және мониторингтеу болып табылады.

Қызмет сыбайлас жемқорлық және өзге де комплаенс-тәуекелдерге мониторинг жүргізеді, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды, контрагенттер мен лауазымдарға кандидаттардың сенімділігін тексереді, бастамашылық ақпараттандыру желісі бойынша келіп түскен өтініштерді қарайды, өз құзыреті шегінде тексерулер мен ішкі тергеп-тексерулер жүргізеді.

Қызмет сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы ішкі құжаттарды әзірлейді және өзектендіреді, оқыту және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қоғамның ішкі құжаттары талаптарының сақталуына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпарат ұсынады.

Қызметтің жұмысы Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға, бұзушылықтар туралы ашық хабарлауға және жұмыскерлердің заңнама мен Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауына бағытталған.

Камалбек Канатжан Далелханулы

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Комплаенс қызметінің басшысы

Телефон: 7 (7172) 92 70 47, ішкі нөмірі 7047

Электрондық пошта: compliance@ica.kz

Карибжанова Ляйля Сериккалиевна

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

Комплаенс қызметінің комплаенс-офицері

Телефон: 7 (7172) 92 70 32, ішкі нөмірі 7032

Электрондық пошта: compliance@ica.kz

⇩   Комплаенс қызметі туралы ереже                          ⇩   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты

⇩   Мүдделер қақтығысын реттеу саясаты                   ⇩   Бастамашылық ақпараттандыру саясаты

 

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ

Егер Сізге заңнаманы немесе Қоғамның ішкі құжаттарын ықтимал не орын алған бұзу фактілері немесе мән-жайлары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, мүдделер қақтығысы немесе Комплаенс қызметінің құзыретіне жататын өзге де бұзушылықтар туралы белгілі болса, бұл туралы Жедел желі арқылы хабарлай аласыз.

Белгіленген тәртіпке сәйкес өтініштің құпиялылығы мен анонимділігіне кепілдік беріледі. 

«Самұрық-Қазына» АҚ
Жедел желісінің арналары

☎ 8 800 080 47 47

◉ 7 771 191 88 16

◎ www.sk-hotline.kz

✉ mail@sk-hotline.kz

Жедел желі заңнама және/немесе Қоғамның ішкі құжаттары талаптарының болжамды немесе орын алған бұзушылықтары, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, әдепке жат мінез-құлық, мүдделер қақтығысы жағдайлары, сондай-ақ құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету туралы хабарлау арнасы болып табылады.

Қоғам жұмыскерлерді көрінеу жалған айыптаулардан қорғау жөнінде шаралар қабылдайды. Бұл ретте, жосықсыз әрекет ететін, көрінеу жалған мәліметтерді хабарлайтын не жеке пайда табу мақсатында және/немесе арам пиғылмен айып тағатын тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін.

Комплаенс-бұзушылықтарға байланысты емес мәселелер бойынша, сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ басшылығына ресми өтініштер жолдау үшін Қоғамның ресми интернет-ресурсында көрсетілген тиісті байланыс арналарын пайдалану қажет. «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялардың тапсырыс берушісінің, ұйымдастырушысының, конкурстық комиссиясының, сараптама комиссиясының немесе электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінің операторының әрекеттері мен шешімдеріне қатысты шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы берілуі тиіс