"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Экология

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ экологиялық саясатының мақсаты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құндылықтар тепе-теңдігінің негізінде өндірістік қызметте экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге негізделген.

    Экология саласындағы негізгі міндеті – қоршаған ортаға жағымсыз әсерді үздіксіз азайту. 

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ қоршаған ортаны қорғау – газ тасымалдау қызметінің ажырамас әрі маңызды бөлігі болғандықтан, қоғам алдында өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өз жауапкершілігін толық сезінеді және мойындайды. Компания өндірістік нәтижелерге және өзінің экономикалық тиімділігіне қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар өндірістік объектілердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де мүдделі.

     

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ жалпыға ортақ қабылданған халықаралық стандарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық талаптарын бұлжытпай ұстанады. Компанияның экологиялық саясаты өндірістік қызмет кезінде экологиялық тәуекелдерді тұрақтандыруға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, қоршаған ортаны қорғау саласындағы Саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    Қоғам қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Ол Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да заңдар мен нормативтік актілердің және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Интеграцияланған менеджмент жүйесі

    Қоғамда ХС ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO/IEC 27001 халықаралық стандарттарының, ҚР СТ ИСО 9001, ҚР СТ ИСО 14001, ҚР СТ OHSAS 18001, ҚР СТ ИСО 50001 мемлекеттік стандарттарының және EFQM жетілдіру моделі әдістемесінің негізінде құрылған интеграцияланған менеджмент жүйесі табысты жұмыс істейді.  

    EFQM компанияларды басқару жүйесінің сапасы және жетілдіргені үшін Еуропалық награданы беруге арналған жыл сайынғы конкурсты әзірлеу мен өткізуді жүзеге асыратын Еуропалық Одақтың жалғыз ресми ұйымы болып табылады http://intergas.kz/ru/sertifikaty-integrirovannoy-sistemy-menedzhmenta/

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ сапа саласындағы Мақсаттары мен Саясаттары, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобын одан әрі дамытудың стратегиялық жоспары – Газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» бекітілді.

             Компанияның осы құжаттарға қатысты процестері мен қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін мониторингтеу және бақылау мыналар арқылы жүзеге асырылады:

    • Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тараптардың қанағаттанушылығын мониторингтеу мен талдау, мониторингтеу процесі мен процестер нәтижелілігін талдаудың тұрақты негізде жұмыс істеуі;
    • ISO 9001 (СТ РК ИСО 9001), OHSAS 18001 (СТ РК OHSAS 18001), ISO 14001 (СТ РК ИСО 14001), СТ РК ИСО 50001 және ISO/IEC 27001 стандарттарының талаптарына сәйкестікке жоспарлы және жоспардан тыс ішкі аудиттерді жүргізу;
    • EFQM моделіне сәйкестікке жыл сайынғы өзін өзі бағалауды жүргізу;
    • Компания басшылығымен ИМЖ жұмысына талдау жүргізу.

              2016 жылдан бастап «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да  EFQM жетілдіру моделінің іргелі тұжырымдары мен өлшемшарттарына сәйкес өзін өзі бағалау жүргізіліп келеді. Мысалы, 2017 жылы компания сыртқы ассессмент рәсімінен өтіп, «ТАНЫЛҒАН ЖЕТІЛДІРУ, 4 ЖҰЛДЫЗ» деңгейіндегі сертификатын алды. 2018 жылы компанияда сыртқы ассесменттің кезекті рәсімі өткізіліп, «ТАНЫЛҒАН ЖЕТІЛДІРУ, 5 ЖҰЛДЫЗ» деңгейіндегі сертификатын алды.

               2017 жылғы маусымда «Интергаз Орталық Азия» АҚ сыртқы байқау аудитінің рәсімдерін табысты өтті және менеджмент жүйесінің ISO 9001 (СТ РК ИСО 9001), OHSAS 18001 (СТ РК OHSAS 18001), ISO 14001 (СТ РК ИСО 14001) және СТ РК ИСO 50001 стандарттарына сәйкестік сертификаттарын растады.

               2017 жылдан бастап «Интергаз Орталық Азия» АҚ ISO/IEC 27001 – Ақпараттық технологиялар халықаралық стандарты енгізілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері. Ақпараттық қауіпсіздік менеджментінің жүйелері.                

           2018 жылы Интеграцияланған менеджмент жүйесін дамыту саласында көптеген іс-шаралар өткізілді:

    • Компанияның Орталық аппараты мен филиалдарының ISO 9001 (СТ РК ИСО 9001), OHSAS 18001 (СТ РК OHSAS 18001), ISO 14001 (СТ РК ИСО 14001), СТ РК ИСО 50001, ISO/IEC 27001 стандарттарының талаптарына сәйкестігіне ішкі және сыртқы аудиттер жүргізілді;
    • МС ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің және МС ISO 14001:2015 талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесінің құжаттамаларын жетілдіру, сондай-ақ оларды OHSAS 18001:2007, СТ РК ИСО 50001:2012, ISO/IEC 27001:2013 талаптарына және 4 жұлдыз деңгейіндегі EFQM  жетілдіру моделінің әдістемесіне сәйкес компанияның жұмыс істеп тұрған ИМЖ-мен интеграциялау;
    • Компанияның барлық қызметкерлерін интеграцияланған менеджмент жүйесі саласында тұрақты оқыту.

    2019 жылдың маусым айында «Интергаз Орталық Азия» АҚ ISO 9001:2015 «Сапа менеджменті жүйесі» және ISO 14001:2015 «Экологиялық менеджмент жүйесі» стандарттарының жаңа нұсқалары енгізілді және стандарттардың жаңа нұсқаларына сәйкестік сертификаттары алынды.

         - ISO 9001 (ҚР СТ ИСО 9001), ISO 14001 (ҚР СТ ИСО 14001) стандарттардың жаңа нұсқаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы құжатталған рәсімдер мен процестердің карталары жетілдірілді;

         - Компанияның Орталық аппараты мен филиалдарында ISO 9001 (ҚР СТ ИСО 9001), OHSAS 18001 (ҚР СТ OHSAS 18001), ISO 14001 (ҚР СТ ИСО 14001), ҚР СТ  ИСО 50001, ISO/IEC 27001 стандарттарының талаптарының сәйкестігіне ИМЖ ішкі және сыртқы аудиттері жүргізілді.

    Сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, ақпараттық қауіпсіздік, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы корпоративтік мәдениетті жетілдіру мақсатында, компанияның барлық қызметкерлері үшін арнайы аудиториялық семинарлар ұйымдастырылды.

    Жыл сайын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттарды белгілеу бойынша іс-шаралар өткізіледі. 2017-2019 жылдардағы экологиялық мақсаттарға қол жеткізу бойынша негізгі көрсеткіштер мыналар болып табылады:

    • Атмосфераға ластаушы заттарды шығаруға берілген рұқсаттармен салыстырғанда компания қызметінің нәтижесінде экологиялық аспектілердің (атмосфералық ауа) 20% - ға төмендеуі
      • Ағынды суларда ластаушы заттар төгінділерінің белгіленген лимиттерінен асып кетуіне жол бермеу – 86,2 тонна
    • «Тараз» МГҚБ, «Ақтөбе» МГҚБ, «Қостанай» МГҚБ, «Атырау» МГҚБ, «Ақтау» МГҚБ және «Қызылорда» МГҚБ өндірістік қызметінен атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын, ағынды суларға төгінділерін және өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түзілуін нормалау.

    Тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау саласында процестің нәтижелілігін мониторингтеу жүргізіледі, оның көрсеткіштері сапалы бағаланады және 100% орындалады:

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы компанияның саясаттары табысты іске асырылып келеді, олар тәуекелдерді және қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың денсаулығына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін үздіксіз азайтуға, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді тұрақтандыруға және компанияның өндірістік қызметінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. http://www.intergas.kz/ru/politika-v-oblasti-kachestva/. Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогреске қол жеткізу базасында жаңа технологияларды қолдана отырып, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар кешені орындалады.

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ-дағы компрессорлық станцияларды, жерасты газ сақтау қоймаларын және магистральдық газ құбырларының желілік бөліктерін салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу кезінде экологиялық және өндірістік тәуекелдерді азайту бойынша іс-шараларға, сондай-ақ  сапалы жобалау мен қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) да жатады.

             ҚОӘБ жүргізудің басты мақсаты:

    - жобаланатын объектілердің зерттелетін аумағында орналастыруға негізделген техногендік жүктеменің әсерінен қоршаған орта (ҚО) құрамдастарының құлдырау дәрежесін анықтау;

    - табиғатты пайдалануға, қоршаған ортаның қажетті сапасын қамтамасыз ету бойынша инженерлік-экологиялық іс-шараларды әзірлеу мен технологиялық үдерістерді жетілдіруге арналған рұқсаттар алу кезінде лимиттерді есептеу үшін қажетті дұрыс деректерді алу;

    - ҚО құрамдасының қажет етілген жағдайын сақтауды берілген уақыт аралығында қамтамасыз ететін жүктемені экожүйеге таңдау болып табылады.

    Қойылған мақсаттарға мынадай жолдармен қол жеткізіледі:

    - ҚО құрамдасына жобаланған объектінің жағымсыз әсер факторының номерклатурасын анықтау;

    - ҚО жобаланған объектісінен жүктемені бөлу сипатын, сондай-ақ факторлардың әсер ету процесін зерттеу және олардың қарқындылығын анықтау;

    - ҚО құрамдасына әрбір анықталған көздердің сандық және сапалық әсер ету деңгейін бағалау және жобаланатын объектінің табиғи ортаға жағымсыз әсерінің даму болжамын жасау;

    - жобаланатын объектінің өндірістік технологияны өзгертуге дейін, ҚО-ға жағымсыз әсерін бейтараптандыру әдістерін жасап шығару (ҚОӘБ құрылыс жобалары бойынша кешендік ведомстводан тыс сараптама жүргізуге арналған бірыңғай порталда орналастырылған https://epsd.kz/).

    Жаңа компрессорлық станциялар бойынша ҚОӘБ КОМПАНИЯ туралы бөлімде орналасқан.

     

    Дәстүрлі өмір салтын ұстанатын жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимыл

    Компанияның өңірлердегі өндірістік қызметінде дәстүрлі өмір салтын ұстанатын жергілікті тұрғындар жоқ.

    Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да энергия тиімділікті арттыру үшін «2015-2019 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру бағдарламасы» әзірленіп, бекітілді. Бұл бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралардың орындалуы 2016-2019жж. энергия үнемдеу жөніндегі есептерде көрініс тапқан.

    http://www.intergas.kz/ru/energosberezheniye-povysheniye-energoeffektivnosti/

    Энергия үнемдеу мақсатында мынадай іс-шаралар көзделген:

    • Компрессорлық станциялардың (КС) жүктемесін оңтайландыру;
    • Газ айдау агрегаттарын жөндеу;
    • Су жылытқыш қазандарды энергия тиімді қазандарға ауыстырып, қазандықтарды реконструкциялау;
    • Жаңа буындағы катодты станцияларды (ескілердің орнына) орнату;
    • КС-тегі реактивтік қуаттылықты автоматты компенсациялау қондырғысын монтаждау;
    • КС жарықтандыру шырағдандарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру;
    • Қазандықтарды реконструкциялау кезінде қуаты аз электр қозғалтқыштарымен Wilo энергия тиімді желілік сорғыларын қолдану және т.б..

    Энергия үнемдеу бағдарламасына сәйкес табиғи газды үнемдеу 5,3% жалпы тұтыну есебінде 45 209,2 Т.У.Т. құрайды.

    Энергия үнемдеу бағдарламасына сәйкес электр энергиясын үнемдеу 9,0% жалпы тұтыну есебінде 916,78 Т.У.Т. құрайды.

    ҚР ИСО СТ 50001 «Энергоменеджмент жүйесі» енгізілген стандартының талаптарына сәйкес болу үшін компания мынадай іс-шараларды орындайды:

    • Қажетті құрылым мен тиімді энергоменеджерлер командасын құру;
    • Персоналды кәсіпорынның энергия тиімділік деңгейі туралы үздіксіз құлақтандырып отыру;
    • Кәсіпорын әлеуетін анықтау және энергия тиімділікті насихаттау мақсатында мерзімдік энергетикалық тексерулер жүргізу;
    • Пайдалану сипатына және тұтынатын энергия мөлшеріне сәйкес, энерготалдау негізінде энергия тиімділік индикаторларын анықтау және орнату;
    • Энергия тиімділік деңгейін жиі мониторингтеу және өлшеу, өз энергетикалық көрсеткіштерін жоспарлы түрде жақсарту бойынша инвестициялық, ұйымдастыру-техникалық, технологиялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен іске асыру;
    • Энергия үнемдеу бойынша нақты бағалаулар негізінде персоналды энергия үнемдеуге ынталандыру жүйесін қолдану.

    Биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ биоалуантүрлілікті қорғау мен сақтау саласында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, құстардың және жануарлар әлемінің басқа да объектілерінің жоғары вольтты электр берілісімен (ЛЭП 6-10 кВ), тірек элементтерімен және басқа да электр қондырғыларымен соқтығысып және тоқ соғып опат болуын болдырмау  бойынша.

    Құстар үшін аса қауіпті электр қондырғылары бар учаскелерді анықтау мен тексеру арнайы тексерулер барысында немесе өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.  

    Электр берілісінің (ЛЭП 6-10 кВ) әуе желілерінде құстардың электр тоғына соғылып опат болуын болдырмау үшін арнайы полимерлі құс қорғағыш қондырғылар (ПҚҚ) орнатылады. ПҚҚ бұл типі шетелде кеңінен таралғанымен, Қазақстан аумағында енді ғана қолданысқа енгізілуде. Оның артықшылығы сол, ПҚҚ барлық элементтері диэлектрлі материалдардан жасалған. ПҚҚ орнату алдын ала күрделі дайындау жұмыстарын (дәнекерлеу, траверс бұрғылау және т.б.) талап етпейді. Ал тоқ жүретін сымды оқшаулау құстардың қатысуымен қауіпті тұйықталулардың болмауын қамтамасыз етеді.   

    Қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайту бойынша іс-шаралар шеңберінде Компания объектілерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

    Жыл сайын «Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті экологиялық сақтандыру» шарты жасалады. 

    Эмиссиялардың қоршаған ортаға әсері

    Атмосфералық ауа

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ тасымалдау жүйелерінің объектілерін пайдалану нәтижесінде атмосфералық ауаға 47-ге жуық атауы бар ластаушы заттар бөлінеді. Бұл ретте 95-97% шығарындылар қауіптілігі едәуір аз ластаушы заттарға жататын метанға тиесілі. Газ тасымалдау жүйесінің объектілерінде метан шығарындыларының болуы өндіріс технологиясына негізделген және жабдықты жөндеу, пайдалану процесінде тасымалдау ортасынан (табиғи газ) жабдықты босатуға негізделген.     

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалдарының объектілерінде техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өшіктірілетін табиғи газ көлемін қысқарту мақсатында магистральдық газ құбырының көрші учаскесіне табиғи газды қайта шығарылым ретінде шығарындыларды қысқарту әдісі, жөндеу учаскесін бөліп тастау және тұтынушылармен газды өндіру, сондай-ақ магистральдық газ құбырлары учаскесінде табиғи газ қысымын азайту үшін мобильді газ айдау агрегаттарын жұмылдыру әдістері қолданылады.   

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ әлеуметтік-жауапты миссияны орындайды және Қазақстан Республикасының тұтынушыларына табиғи газ түріндегі ең экологиялық таза отынды тасымалдауды қамтамасыз етеді.

    Сонымен қатар, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да қоршаған ортаға әсерді азайту және компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын іске асыру шеңберінде даму тұрақтылығын арттыру мақсатында шығарындыларды тиімді басқаруды қамтамасыз ететін Шығарындыларды басқару бойынша саясат әзірленіп, жұмыс істейді.

    Шығарындыларды басқару саясатының негізгі міндеттері болып табылатындар:

    1) бүкіл компания бойынша міндетті пайдалануға арналған шығарындыларды басқаруға принциптерді, регламенттелген тәсілдерді айқындау;

    2) өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру, шығарындыларды қысқарту;

    3) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және ағып кетулердің алдын алу.

    Атмосфераға түсетін ластаушы заттар шығарындыларының ұлғаюы «Орта Азия Орталық» МГҚ бойынша түрікмен газын транзиттеудің жаңғыртылуымен және Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында жаңа жоғары технологиялы газ компрессорларлық станцияларының пайдалануға берілуімен байланысты.Станциялардың мүмкіндіктері «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ өткізгіштік қабілетін жылына 15 млрд. м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, «Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік қызмет кезінде атмосфераға метанның шығарылуын қысқартуға бағытталған экологиялық тәуекелдерді тұрақтандыруға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді.

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ Инженерлік-техникалық орталығының өз материалдық-техникалық базасы газ тасымалдау жүйесінің объектілерінде атмосфераға метанның ұйымдастырылмаған шығарындысын (ағып кетуін) анықтау мен оқшаулауға бағытталған толық іс-шаралар кешенін жүргізуге мүмкіндік береді.

    Компанияның Инженерлік-техникалық орталығымен тұрақты негізде компанияның объектілерінде атмосфераға метанның шығарылуын қысқарту мақсатында ақпаратты бақылау, диагностикалау, мониторингтеу, жинау мен өңдеу жүргізіледі. Компрессорлық станцияларды, газ тарату станцияларын және магистральдық газ құбырларының желілік бөліктерін пайдалану кезінде табиғи газдың ағып кетуі туындауы мүмкін, бұл жұмыс тиімділігін азайтады, энергия ресурстарының шығынын арттырады, жарылу қаупі бар жағдайлардың туындау тәуекелін ұлғайтады.

    Ағып кетулерді табу бойынша тексерулер түрлі тәсілдермен жүргізіледі: ауамен тексеру, автомобильдік тексеру және жаяу тәсіл.

    Осы бағыттағы жұмыс сапасын арттыру мақсатында, компанияның Инженерлік-техникалық орталығы осы нұсқалардың түрлі комбинацияларын қолдану әдістемесін әзірледі.

    Мысалы, ауамен нұсқасында Ми-8 тікұшағы қолданылады, технологиялық люгінде метанның аралық лазерлік детекторының оптикалық блогы бекітіледі. Аспаптық жұмыс принципі диодты-лазерлік спектроскопияға негізделген. Автомобильдік табу нұсқасында метанның оптикалық детекторы қозғалыс кезінде ауада метанның болуын анықтайтын көлік құралының алдыңғы бөлігіне бекітіледі. Аспаптың әрекеті метанның инфрақызыл (ИҚ) сәулеленуді жұту қасиетіне негізделген. Аспап газдың ағып кетуін миллионның 1 үлесіне дейін (PPM) табу мүмкіндігін береді.

    Крандық тораптарда ағып кетулер орнын анықтау немесе басқалай нұсқалармен ағып кетулерді табу мүмкін болмаған кезде, метанның аралық лазерлік детекторы қолданылады.   

    Газдың ағып кету қарқындылығын анықтау үшін арнайы жылжымалы сынама алғыш қолданылады. Аспап түрлі құбыр арматураларынан, магистральдық желілердегі бөліп таратқыш тығыздауыштармен компрессорлық тығыздауыштардан, қоймалар мен компрессорлық станциялардан сынама алуға мүмкіндік береді. Ағып кету қарқындылығы тексеру объектісінен ағып кететін бүкіл газды ұстап қалу үшін жоғары жылдамдықта сынаманы іріктеумен өлшенеді.

    2016-2019 жж. аралығындағы кезеңде магистральдық газ құбырларында қоршаған ортаны апаттық ластаулар мен оқиғалар тіркелген жоқ.

    Парниктік газдар

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ тексерушілерде «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 2016-2020 жылдарға арналған өндірістік қызметінен шығатын парниктік газ шығарындыларын  қысқарту бойынша бағдарламаны әзірлеп, бекітті.

    Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері парниктік газ шығарындыларын қысқарту әлеуетін бағалау, осы шығарындылардың көздерін анықтау және өндірістік және қосалқы бөлімшелермен, технологиялық процестермен және жекелеген тұтынушылармен отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану көлемін бағалау, сондай-ақ мақсатты әлеуетті экономикалық жағынан іске асыру кезінде парниктік газ шығарындыларын азайтудың мүмкін болатын көлемдерін бағалау. Парниктік газ шығарындыларын қысқарту бағдарламасын құрайтын техникалық шешімдер сапасы ақпарат дұрыстығы мен оны пысықтау дәрежесімен анықталады.

    Тексеру процесінде компания кәсіпорын мамандарымен сауалнама, сондай-ақ парниктік газ шығарындыларын түгендеу жүргізді, оның нәтижелері парниктік газ шығарындыларын қысқарту әлеуетін анықтауға мүмкіндік берді. Бағдарлама экологиялық-энергетикалық тексерулер жүргізу бойынша негізін қалайтын құжаттармен, бастапқы ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау бойынша, энерготасымалдағыштардың тиімді пайдаланылуын анықтау және өнеркәсіп кәсіпорындарының энергетикалық балансын құру бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттармен базаланады.

    Парниктік газ шығарындыларының аздап ұлғаюы «Орта Азия Орталық» МГҚ бойынша түрікмен газын транзиттеудің жаңғыртылуымен және Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында жаңа жоғары технологиялы газ компрессорларлық станцияларының пайдалануға берілуімен байланысты.Станциялардың мүмкіндіктері «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ өткізгіштік қабілетін жылына 15 млрд. м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

    Су ресурстарын басқару

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да «Су ресурстарын басқару» құжатталған рәсімі әзірленіп, енгізілді, соның негізінде 2020-2024жж. Тасымалдау кезінде су ысырабын қысқарту бойынша іс-шаралар есебінен нормативтік тазаланған судың и,ғлықсуын қысқарту, таза судың пайдаланылуын мүмкіндігінше қысқарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.   

    «8 су принциптері» су ресурстарын тиімді пайдалануды ұстану туралы мәлімдемеге қол қойылды http://www.intergas.kz/ru/upravleniye-vodnymi-resursami/.

    Суды алу  «Ақтөбе» МГҚБ КС-11, КС-14, «Тараз» МГҚБ КС-5, «Ақыртөбе» ЖАГҚ, «Шымкент» МГҚБ «Полторацкое» ЖАГҚ, КС-Самсоновка, «Орал» МГҚБ Орал ЖӨБ, Чижа ЖӨБ жерасты су көздерінен, «Орал» МГҚБ «Жаңғала» КС Пятимар су қоймасынан жүргізіледі. Қалған объектілерге су шарттық негізде сумен жабдықтау ұйымдарымен жеткізіледі.

    2018 жылы – 732,692 мың м3 су өндірілді, оның 523,832 мың м3 елді мекендерге берілді. Сумен жабдықтау ұйымдарынан 208,860 мың м3 су алынды, оның ішінде суаруға арналған техникалық су - 101,703 мың м3. 2019 жылы – 653,883 мың м3 су өндірілді, оның 275,727  мың м3 елді мекендерге берілді. Сумен жабдықтау ұйымдарынан 201,923 мың м3 су алынды, оның ішінде суаруға арналған техникалық су - 105,203 мың м3.

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ жер бетіндегі су қоймаларына ластанған суды ағызуды жүзеге асырмайды.  

    МГҚ бойынша табиғи газды тасымалдауға арналған су қажеттілігінің меншікті шамасы (ТТР): 2016 жылы – 22 (м3/млрд.м3*км), 2017 жылы – 18 (м3/млрд.м3*км), 2018 жылвы – 20 (м3/млрд.м3*км), 2019 жылы – 17,34 (м3/млрд.м3*км).

    Филиалдар бойынша су тұтынуды талдау көрсеткендей, 2018 жылғы су тұтынудың 2017 және 2019 жылдармен салыстырғанда ұлғаюы «Тараз» КС-5 артезиан ұңғымасынан су тұтынуды есепке алу жүйесіндегі кері клапанның бұзылуы салдарынан болды, бұл су көлемінің жылына 37 мың м3 қосымша дұрыс есептелмеуіне алып келді.

    Қалдықтарды басқару

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік қызметінің нәтижесінде қатты-тұрмыстық және өндірістік қалдықтар түзіледі. Барлық қалдықтар шарт бойынша мамандандырылған ұйымдарға тапсырылады. Кәсіпорындағы қалдықтарды басқару жүйесі қалдықтардың түзілу процесін, оның сәйкестендірілуін, оны жинауға, орауға, маркалауға және уақытша қоймалауға қойылатын талаптарды анықтайды (меншікті полигондар жоқ).

    Қалдықтарды басқару саласындағы негізін қалайтын қағидаттар мыналар болып табылады:

      - өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен ластанудан қоршаған орта құрамдауыштарын (ауа, жерасты сулары, топырақ) қорғауды қамтамасыз етуге жауапкершілік;

      - өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түзілуін барынша қысқарту және олармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеу;

      - қалдықтардың түзілуін азайтуға мүмкіндік беретін технологиялар мен жабдықтарды пайдалану есебінен қоршаған ортаға жағымсыз әсерді қысқарту.

    Қалдықтарды басқару ҚР Экологиялық кодексіне, халықаралық танылған практикаға сәйкес, сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ-дағы қалдықтармен жұмыс істеу» құжатталған рәсіміне сәйкес жүргізіледі.  

    Компания өндіріс пен тұтынудың түзілген барлық қалдық түрлеріне түгендеуді, есепке алуды және уақытша сақталуы мен жай-күйіне бақылауды тұрақты түрде жүргізеді.

    Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар

    Экологиялық тәуекелдерді тиімді басқару үшін «Интергаз Орталық Азия» АҚ тұрақты түрде табиғатты қорғау қызметін басқару тәсілдерін жетілдіріп отырады және қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды бөледі, атап айтқанда, құрамына нормативтік эмиссиялар кіретін салықтарды, табиғатты қорғау іс-шараларына арналған шығындарды төлеу.            

    2017-2019жж. кезеңде «Интергаз Орталық Азия» компаниясына қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік айыппұлдар салынған жоқ.

    2017-2019жж. кезеңде «Интергаз Орталық Азия» компаниясына қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік айыппұлдар салынған жоқ.

    Жаңартылмалы энергия көздері (ЖЭК)

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да  DS 5051.3/4 сериялы WATERKOTTE енгізілген жылу сорғылары түріндегі жаңартылмалы энергия көздері тиімді жұмыс істейді, олар жылуды төменгі әлеуетті көзден (топырақты, артезиан суының жылуы, жер қойнауының жылуы) жылу энергиясын пайдалану есебінен, оны едәуір жоғары температурадан жылу тасымалдағышқа ауыстыру арқылы алуға мүмкіндік береді.

    Жылу сорғыларын қолдану – бұл экономикалық жағынан тиімді, қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде парниктік газдардың (С02) атмосфераға шығарындыларын қысқарту есебінен энергоресурстарды үнемдеу.

    Сонымен қатар, компания жаңартылмалы энергия көздерінен (күн энергиясынан) қуат алатын СКУ-В1-50 жарықдиодты шырағдандармен периметральды жарықтандыру орнатты. Күн энергиясын шығару көзі KZPV 230 M60 фотоэлектрлі өңдеуші болып табылады. Басқару ЕСО Энергия МРРТ Рro 250/60 бақылаушысымен жүзеге асырылады.

    ДРЛ-250 лампасын қолданумен салыстырғанда, электр энергиясын үнемдеу жылына 492 мың тг құрайды.  

    Өз қажеттіліктері үшін 7884 кВт*сағ электр энергиясы өндірілді, бұл бүкіл энергия өндірісінің («Қараөзек» КС) 0,1% құрайды.

    Апаттарды жою жоспары

    2014 жылғы 11 сәуірдегі  «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының талаптарына сәйкес, «Интергаз Орталық Азия» АҚ әрбір өндірістік құрылымдық бөлімшесінде қауіпті өндірістік объектілерге арналған апаттарды жою жоспарлары әзірленеді.

    Апаттарды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша, апаттық құтқару қызметтері мен құрылымдары басшыларының және қызметкерлерінің іс-қимылы бойынша іс-шаралар қарастырылады.

    Апаттарды жою жоспары ұйым басшысымен бекітіледі және кәсіби апаттық-құтқару қызметтерімен және (немесе) құрылымдарымен келісіледі. 

    АЖЖ-да зиянды және қауіпті факторлардың, соның ішінде қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың әсерін тоқтатру/алдын алу бойынша пеерсоналдың жедел іс-қимылы жазылған.

    Тасымалданатын табиғи газ кәдеге жаратуға жарайтын (қауіптілігі аз заттар) қауіптіліктің 4 класына жатады. Сондықтан, АЖЖ апаттық жағдайларды мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде, соның ішінде зиянды факторлардың қоршаған ортаға әсерінің аз болуы үшін жоюды көздейді.

    Апаттар мен оқиғалар және олардың салдарларын жою бойынша шаралар туралы ақпарат http://www.intergas.kz/ru/notice/.

    Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тараптардың шағымдарымен жұмыс істеу тәртібі http://www.intergas.kz/ru/procedure/.

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіби апаттық-құтқару қызметтерінің қатысуымен апатқа қарсы, өрт-тактикалық жаттығулар жүргізіледі:

    • Апатқа қарсы (жаттығулар, оқулар) – 2019ж. -2293; 2018ж. - 2257; 2017ж. – 2089; 2016ж. –1957;
    • Өрт-тактикалық (оқулар, сабақтар) – 2019ж.– 906; 2018ж.- 2257; 2017ж. – 881; 2016ж. – 831;
    • Кешендік (оқулар, сабақтар) – 2019ж. -85; 2018ж. - 77; 2017ж. – 81; 2016ж. – 60;

    Жоғарыда аталған барлық іс-шараларға, өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында түрлі апаттық-құтқару қызметтері, төтенше жағдайлар салдарларын жою кезінде жұмылдырылған ұйымдар мен ведомстволар, сондай-ақ компания тұрған өңірдегі Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өкілдері тікелей қатысады. Сонымен қатар, байқаушы ретінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері белсене қатысады.

              Мұндай іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаттары басшылық құрамның, ауыспалы персоналдың, апат салдарларын жою бойынша құрылымдар командирлерінің жұмысындағы үйлесімділікке қол жеткізу, ТЖ салдарларын жоюдың едәуір жетілдірілген жолдары мен тәсілдерін анықтау болып табылады.     

    **************

             «Интергаз Орталық Азия» АҚ экологиялық жағдайды және өндірістік объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін тұрақты негізде өндірістік экологиялық мониторинг жүргізіп тұрады. Өндірістік қызмет әсерін бақылауды ең жаңа жабдықтармен және аспаптармен жарақталған Өндірістік-экологиялық мониторингтің өз аккредиттелген зертханасы жүзеге асырады.

    Өндірістік экологиялық мониторингтің құрамына қоршаған ортаға: атмосфераға, сулы ортаға, топыраққа, радиациялық аяға эмиссиялар мен әсерлер мониторингі кіреді.

    Ø Газ жағу жабдығын ластайтын стационарлық көздерден зиянды заттар шығарындыларын газ аспапты бақылау;

    Ø Санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) шекарасындағы ауа мониторингі;

    Ø Ағынды және жерасты суларын зерттеу;

    Ø Топырақ жабынында ауыр металдардың болуын зерттеу;

    Ø Өнеркәсіп объектілерінің радиациялық аясына мониторинг жүргізу.

    Өндірістік объектілердің өндірістік экологиялық мониторингін жүргізу үшін «ИОА» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» филиалының арнайы Өндірістік-экологиялық   мониторингінің қызметі (ӨЭМ) құрылды.

    Тексеру жүргізу қорытындылары бойынша, Өндірістік-экологиялық   мониторинг бөлімінің мамандарымен аумақтық органдарға қоршаған ортаны қорғау бойынша актілер, хаттамалар, толық тоқсандық есептер жасалады.

    Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша барлық есептілік Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Бірыңғай экологиялық интернет-ресурсында http://prtr.ecogosfond.kz/otchety-rvpz/  жарияланады және барлығы үшін қолжетімді:

    Компания қызметінің бүкіл кезеңінде келісімшарт аумағының экологиялық жағдайының нашарлау фактісі болған жоқ.

    Бұл жетістіктер жоғары үкіметтік наградалармен аталып өтті. Мысалы, 2018 жылғы 11 желтоқсанда «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында гран-при иегері атанды. «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен марапаттау Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында, Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде болып өтті.  Лайықты награданы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.