Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Филиал туралы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» филиалы компрессорлық станцияларға, газ тарату станцияларына, жерасты газ қоймаларына, желілік бөліктерге және магистральдық газ құбырлардың бұрма газ құбырларына қызмет көрсететін салалық диагностикалық орталық болып табылады. ИОА филиалының диагностикалық жұмыстарды жүргізу бойынша көпжылғы тәжірибесі, дайындықтан өткен мамандары мен диагностикалық жабдықтары бар, методикалық жасақтамалары мен бағдарламалық құралдары қолданысқа енгізілген. ИОА өндірістік қызметтері диагностикалық қызмет көрсетуді арнайы талдаушы аппаратураларды (аспаптарды) қолданып және біліктілігі жоғары мамандардың қатысуымен, көшпелі оперативтік мамандандырылған бригадалардың күшімен атқарады.
Бөлімшелер туралы
ИОА филиалының өндірістік бөлімшелері:
«Оргтехдиагностика» Басқармасы магистральдық газ құбыры объектілерін, жерасты газ сақтау және тарату жүйелерін техникалық диагностикалау, БӨҚжА және энергиямен қамтамасыз ету жабдықтарын жөндеу, метрологиялық қамтамасыз ету, профилактикалық, сынақ және жөндеу-іске қосу жұмыстарын, ГТЖ объектелірендегі өндірістік-экологиялық мониторинг жұмыстарын орындайды.
ТДК көмегімен газ құбырын диагностикалау
Өндірістік-экологиялық мониторинг
«Оргтехдиагностика» Басқармасына келесі қызметтер қосылады:
- сапаны және техникалық диагностикаларды бақылау (СжТДБ);
- магистральдық газ құбырларды техникалық диагностикалау (МГТД);
- компрессорлық станцияларды техникалық диагностикалау (КСТД);
- электр жабдықтарын түзету және жөндеу (ЭЖТжЖ);
- метрология және талдау (аналитикалық) құралдары (аспабы) (МжТҚ);
- өндрістік-экологиялық мониторинг (ӨЭМ);
- ЭХҚ құралдарын талдау және түзету жөніндегі қызмет (ЭХҚҚТжТ);
- бекіткіш арматураларды жөндеу және жөндеу (БАЖжТ);
- бақылау-өлшеу құралдарын және автоматикаларды жөндеу (БӨҚжА).
«Газэнергожөндеу» Басқармасы компрессорлық станциялардың жабдықтарын, газ турбиналарын, компрессорларды, газ дайындау және қалдық газдың жылуын регенерациялау жабдықтарын, КС қосымша жабдықтарын күрделі, орта және авариядан қалпына келтіріп жөндеу жұмыстарын орындайды.
Роторды теңестіру | Бекіткіш арматураларды жөндеу |
Турбиналарды жөндеу | Жоңғыш білдекте роторды жөндеу |
«Газэнергожөндеу» Басқармасы келесі бөлімшелерді қосады:
- «Мақат» жөндеу-механикалық шеберханасы («Мақат» ЖМШ);
- кешенді жөндеу учаскелері (УКР);
- бақылау-өлшеу құралдары және автоматика қызметі;
- теңдестіру және дефектоскопия (ақаутабу) қызметі;
- оқшаулағыштарды жөндеу учаскесі.
Қызметтер туралы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» филиалының мамандарында әр түрлі жұмыс түрлерін орындауға арналған қажетті құрал-жабдықтар, дайындықтан өткен мамандар, тиісті нормативтік-техникалық және рұқсат құжаттары бар. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өзге қызметтерді жүргізуге арналған келісімі алынды.
1.Мұнайгаз және энергетика саласының объектілеріндегі профилактикалық сынаулар, электротехникалық өлшеулер, түзету жұмыстары:
-электр станцияларын, трансформаторлық подстанцияларды, тарату қондырғыларын, басқару станцияларының щиттерін, ауа желілері мен ЭХҚ құралдарының электр жабдықтарын профилактикалық өлшеу және сынақтан өткізу, тексеру және түзету;
-жеке қорғаыс құралдарын сынау;
-электр жабдықтарын тепловизорлық бақылау;
-жоғары вольтты кабельдің (шоғырсым)бүлінген жерін іздеу және табу;
-тігілген полиэтиленнен жасалған оқшаулағышы бар кабель желілерін жоғары вольтты сынау;
-жоғары вольтты ажыратқыштардың коммутациялық аппаратураларын (аспаптарын) диагностикалау.
2.Шаруашылық жүргізуші субъектілер объектілерінің өндірістік-экологиялық мониторингі:
-су және топырақ сынамаларының талдамасы;
-қазан агрегаттарын режимдік реттеп сынау;
-желдеткіш жүйелерінің жұмыс тиімділігін тексеру;
-өнеркәсіптік объектілердің радиациялық аясының (фон) мониторингін жүргізу;
-объектінің санитарлық-қорғаныс аясы шекарасындағы атмосфералық ауа сапасының жай-күйін сынақ жүргізу;
-мұнай өнімдері, кадмия, мед, қорғасын құрамындағы топырақты талдау;
-қазан агрегаттарынан шығатын зиянды заттардың шығарындыларына аспаптық бақылау жасау.
3.Қауіптілігі жоғары объектілерде қызметтің нормативтік мерзімін өтеген жабдықтарды техникалық диагностикалау нәтижелері бойынша жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы:
- магистральдық газ құбырларын, піспекті (поршень) қабылдау жне босату камераларын, газ шаруашылығының газ құбырларын (1,2 Мпа дейін);
- газотурбиналық қозғалтқышты, газды айдап қотару агрегаттарының ортадан теуіп айдағышын;
- газ тарату станцияларын;
- жүк көтеретін механизмдерін;
- жоғары және төмен қысымды ыдыстарды (шаңтұтқыштар, ресиверлер, абсорберлер, сепараторлар және т.б.), құйма сыйымдылықтарын (ЖЖС сыйымдылықтары, одорант, метанол және т.б. сақтау);
- бу және ыстық су қазандығын, қазандықтың түтін мұржасын.
4.Объектілерді бұзбай бақылау әдісімен бақылау, мұнайгаз және энергетика саласындағы объектелерді техникалық диагностикалау:
- дәнекерленген жалғаулардың сапасын рентгенографиялық және ультрадыбысты әдістермен бақылау;
- құбырішілік дефектоскопия нәтижелерін талдау;
- телебасқармалы диагностикалық комплекспен құбыр желілерін диагностикалау;
- құбыр желілерінің, құбырлардың жалғанған бөліктерінің, жабдықтардың ульта дыбысты қалыңдығын өлшеу;
- магниттік-ұнтақты, ультрадыбысты және түсті диагнотикалау әдістерімен құбыр желілерінің, жоғары және төмен қысымды ыдыстардың жағдайын бағалау;
- жоғары және төмен қысымды ыдыстардың, жүк көтергіш механизмдердің, жабдықтардың қалдық қорларының есебі;
- құбырларды құрастыру және дәнекерлеу технологиялық карталарының сараптамасы;
- құбыр желілерінің жағдайын диагностикалау;
- машиналар мен құрылыс іргетастарының жағдайын вибрациялық бағалау;
- вибрациялық диагностикалау және жылу техникалық сынау әдістерімен механикалық агрегаттардың жағдайын бағалау;
-металлдар мен құйындылардың химиялық құрамын талдау;
-құбыр жүйелерінің күшпен деформацияланғыш жағдайын бағалау;
-ауаға метанның шығуын анықтау;
-құбыр жүйесінің оқшаулану жағдайын бағалау;
-дәнекерлеу материалдарын, құбырлар мен жалғағыш бөліктерді кірістік тексеру;
-машиналар мен жабдықтарды тепловизиялық бақылау.
5.БӨҚжА жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу, түзету, тексеруге дайындау және тексеру:
-вибрацияны, газдылықты бақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу- түзету және тексеруге дайындау;
-автоматика жүйесіне, басқару, сигнал беру және технологиялық процестерді бақылау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және түзету;
-жылу тетіктерімен күзет, күзет-периметриялық және өрт сигнал беру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және түзету;
- қазандықтарды басқару жүйелеріне және пештерді басқару блоктарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және түзету;
-БӨҚ жабдықтарын, ТҮБАЖ жүйелерін және СЛТМ тексеруден өткізу және диагностикалау;
-қолданыстағы автоматика және бақылау-өлшеу құралдары жүйелерінің барлық түрлерін жөндеу, түзету, ақауларын анықтау және жою;
-ОҚ калибрлеу, дәлдемелеу, күйге келтіру және тексеру;
-өлшеулерді орындау әдістемелерін (ӨОӘ) әзірлеу.
6.Түрлі бөлшектер мен құралдарды дайындау және жөндеу:
- жону, фрезер, дәнекерлеу, слесарь, мысшы, қаңылтыр жұмыстары;
-металл құрылымдарын (бағаналар, фермалар, қақпалар, стеллаждар, төсегіш бөлшектерді және т.б.) дайындау;
- түрлі жұмыстарды орындауға арналған құралдарды дайындау (оқшаулағыш машинкалар, айналмалы жанарғылар, центраторлар және т.б.) дайындау;
-ғимараттар мен құрылыстардың жылылығын сақтау жұмыстары;
-құбырларды оқшаулау;
-білдек жабдықтарын жөндеу .
7.Газтурбиналық, компрессорлық және сорғы жабдықтарын жөндеу:
- турбиналарды, компрессорларды, сорғыларды және басқа жабдықтарды күрделі, орташа және апаттан қалпына келтіріп жөндеу кезіндегі бөлшектеу-құрастыру операциялары;
- турбина, компрессор және сорғы бөлшектері мен тораптарының дефектоскопиясы (ақаукөргіш);
- машиналар мен жабдықтардың бөлшектерін аргондық икемдеп дәнекерлеп (аргонодуговой наплавкой) қалпына келтіру ;
- подшипниктердің жылжуларын газдық отпен икемдеп дәнекерлеп қалпына келтіру;
- турбина, компрессор және сорғы бөлшектері мен тораптарын механикалық өңдеу;
- роторларды динамикалық теңестіру;
- турбиналардың газ өткізгіштерін және ауа өткізгіштерін қаптау (выполнение окожушивания).
Жарақтандыру туралы
Қызметтердің аспаптық паркі диагностикалық, байқау және басқа жұмыс түрлерін орындауға арналған қазіргі заманғы жабдықтарды қосады.
«Оргтехдиагностика» Басқармасының мамандарымен жұмыстар қазіргі заманғы аспаптармен жабдықталған мабильдік зертханалардың қолданылуымен орындалады.
- Камаз, ГАЗ, УАЗ автокөліктерінің базасындағы арнайы диагностикалау зерханалары -12 бірлік.;
- Камаз автокөлігінің базасындағы ЭХҚ құралдарының арнайы зертханасы– 3 бірлік;
- Камаз автокөлігінің базасындағы электротехникалық зертхана - 4 бірлік;
- арнайы экологиялық зертхана – 3 бірлік;
- метанның шығуын анықтайтын зертхана – 2 бірлік;
- басқа зертханалар (метрология, вибродиагностика, БӨҚжА) – 3 бірлік.
«Газэнергожөндеу» Басқармасының жөндеу-механикалық шеберханасы білдек және басқа жабдықтардың мынадай түрлерімен жабдықталған:
-теңестіру білдегі – 2 бірлігі;
-әр жақты фрезер білдегі – 2 бірлік;
-жонғыш-бұрама жасайтын білдек – 8 бірлік;
-жонғыш білдек – 2 бірлік;
-жоңғыш-айналма үстелді бір тіреуішті білдек – 1 бірлік;
- радиаль бұрғылағыш білдек – 2 бірлік;
-дәнекерлеу жабдығы – 6 бірлік;
- U-55 типті компрессор – 1 бірлік;
-пресс – 1 бірлік;
-көпірлі кран г/п 10тн. – 1 бірлік;
-кран-балки г/п 1тн. және 3,2тн. – 2 бірлік;
-гидравликалық жүк көтергіш ножничного типа – 1 бірлік.
Кадрлар туралы
ИТЦ (ИТО) мамандары ҚР және РФ ең үздік оқу орталықтарында БТ алуан түрлері бойынша оқудан және тексеруден өтті. Қызметтің мамандарымен меңгерілген бұзбай тексеру жұмыстары мен әлдістері түрлерінің тізімі төмендегі кестеде көрсетілген. Мамандар бақылаудың 12 түрі бойынша, кейбір мамандар бақылаудың 2-3 түрі бойынша аттестациядан өткен, бұл персоналдың аз санымен объектілерге техникалық қызмет көрсету бригадаларын құруға және аз шығынмен жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.
ИТЦ ИТО мамандары аттестациядан өткен жұмыс түрлерінің атаулары | Куәліктері бар мамандардың саны |
Сынау жабдығына тексеру (аттестация) жүргізетін сарапшы-аудитор | 1 |
Акустикалық шама мен вибрацияларды (дірілді) ӨҚ тексеруші | 2 |
Электрикалық шаманы ӨҚ тексеруші | 3 |
Геометриялық шаманы ӨҚ тексеруші | 1 |
Қысым, шығын және жылуфизикалық (физикалық жылу) шамаларды ӨҚ тексеруші | 5 |
Көлемді, күшті, қаттылықты ӨҚ тексеруші | 2 |
Физикалық-химиялық өлшемдердің ӨҚ тексеруші | 7 |
Мұнай және газ өнеркәсібінің сарапшысы | 5 |
Қазанды қадағалау жөніндегі сарапшы | 4 |
ГПМ бойынша сарапшы | 2 |
Дәнекерлеу өндірісінің 4 дәрежелі маманы | 1 |
Дәнекерлеу өндірісінің 3 дәрежелі маманы | 1 |
Дәнекерлеу өндірісінің 2 дәрежелі маманы | 9 |
Дәнекерлеу өндірісінің 1 дәрежелі маманы | 9 |
Радиациялық қауіпсіздік және қорғау жөніндегі маман | 1 |
Дәнекерлеу жөніндегі халықаралық инспектор | 2 |
Радиографикалық бақылау бойынша аттестацияланған маман | 21 |
Визуалды-өлшеп бақылау бойынша аттестацияланған маман | 50 |
Визуалды-оптикалық бақылау бойынша аттестацияланған маман | 1 |
Ультрадыбысты бақылау бойынша аттестацияланған маман | 33 |
Вибрациялық бақылау бойынша аттестацияланған маман | 8 |
Енгіш заттарды бақылау бойынша аттестацияланған маман проникающими веществами | 18 |
Металлды диагностикалау бойынша аттестацияланған маман | 5 |
Оқшаулағыштарды бақылау бойынша аттестацияланған маман | 2 |
Құрылыстағы геодезиялар бойынша аттестацияланған маман | 3 |
Құйындытоқты бақылау бойынша аттестацияланған маман | 8 |
Электрометриялық бақылау бойынша аттестацияланған маман | 6 |
Магнитті-ұнтақты бақылау бойынша аттестацияланған маман | 17 |
Жылуды бақылау бойынша аттестацияланған маман | 7 |
Металлдың магнитті памят әдісі бойынша аттестацияланған маман | 7 |
Мұнай және газ құрылыстарының өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптаушы | 1 |
Рұқсат құжаттары туралы
Жұмыстарды орындау үшін алынған құжаттар:
2.1. 12.06.2015ж. № 38-14-23/7653 рұқсат. Мұнайгаз және энергетика саласының объектілеріндегі профилактикалық сынау, электротехникалық өлшеу, реттеу жұмыстары.
2.2. 12.06.2015ж. № 38-14-23/7654 рұқсат. Шаруашылық жүргізуші субъект объектілерінің өндірістік-экономикалық мониторингі.
2.3. 12.06.2015ж. № 38-14-23/7652 рұқсат. Қауіптілігі жоғары объектілерде қызметтің нормативтік мерзімін өтеген жабдықтарды техникалық диангностикалау нәтижелері бойынша жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы.
2.4. 12.06.2015ж. № 38-14-23/7647 рұқсат. Объектілерді бұзбай бақылау әдісімен бақылау, мұнайгаз және энергетика саласындағы объектелерді техникалық диагностикалау.
2.5. 12.06.2015г. № 38-14-23/7651 рұқсат. БӨҚжА жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу, түзету, тексеруге дайындау және тексеру.
2.6. 12.06.2015ж. № 38-14-23/7650 рұқсат. Түрлі бөлшектер мен құралдарды дайындау және жөндеу.
2.7. 12.06.2015ж. № 38-14-23/7649 рұқсат. Газтурбиналық, компрессорлық және сорғы жабдықтарын жөндеу.
3.1. 03.02.2015ж. №KZ.И.09.0447 тіркеу аттестаты. «Электр жабдығы мен электрхимқорғау сынақ зертханасы».
3.2. №KZ.И.09.0883 өндірістік-экологиялық мониторингтеу қызметі сынау және калибрлеу зертханасының техникалық құзыреттілігі туралы тіркеу аттестаты.
3.3. №KZ.П.09.0696 Өлшеу құралдарын тексеру құқығына тіркеу аттестаты.
3.4. №KZ. И.09.0884 сапаны бақылау және техникалық диагностикалау қызметі сынау зертханасының ҚР тіркеу жүйесіндегі тіркеу аттестаты.
ТДК көмегімен газ құбырын диагностикалау | Құбыр жүйесінің ақауын визуалды-өлшеп бақылау |
Өлшем торабын тексеру | Жоғары қысымды ыдыстарды (сосуд) диагностикалау |
Булағыш калонналарды тексеру |
|