Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Өндірістік көрсеткіштерге қарағанда адам өмірі мен денсаулығының басым болуы "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тың газ тасымалдау жүйесі объектілерін пайдалану кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі қағидасы болады.
Компания Қазақстан Республикасы заңнамасына, халықаралық интеграцияланған менеджмент жүйесі стандарттарына сәйкес еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің бірегей тәртібін белгілейтін, "Интергаз Орталық Азия" АҚ Еңбекті қорғауды басқарудың бірегей жүйесін (ЕҚББЖ) әзірлеп, енгізді.
Компанияның өндірістік объектілеріеңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының қауіпсіздігі нормаларына оқтын-оқтын аттестатталып отырады. Зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлердің денсаулығына әсер етуін анықтау және кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында жыл сайын медициналық тексерулер өткізіледі. Медициналық тексеру қорытындылары жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерімен бірге талданып, зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту шаралары әзірленеді. Сонымен бірге, әлеуетті қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ауысым алдындағы медициналық куәландырулар өткізіледі. Кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында қызметкерлерге арнайы тамақтар, жуу құралдары, арнайы киім және арнайы аяқ киім, жеке қорғаныс құралдары беріледі, өндірістік объектілерде үнемі залалсыздандыру жұмыстары өткізіледі.
Компанияның әрбір желілік-өндірістік басқармасында жеке компьютерлермен, бейне техникасымен, көрнекі насихаттаумен, техникалыққұжаттамамен, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына машықтануға арналған фант-жүйелерімен жабдықталған еңбекті қорғау бойынша оқу кластары жұмыс істейді. Бөлімшелерде жұмысты қауіпсіз орындау,еңбектің қауіпсіз әдістерін қолдану және дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек көрсету ережелері бойынша жыл сайынбейне материалдарынкөрсетіп, жұмысшыларды техникалық оқыту сабақтары өткізіледі. Жыл сайын техникалық оқу қорытындылары бойынша жұмыс персоналының білімдері тексеріледі. Нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес комиссияларда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен инженерлік-техникалық қызметкерлердің 3 жылда 1 рет білімі тексеріледі.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ қауіпсіздік талаптарының және жабдықтың техникалық пайдаланылуын сақтауды әкімшілік-өндірістік бақылаудың бес деңгейлік жүйесі қолданылады.
Компания қызметкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Республикамыздың және алыс әрі жақын шетел мемлекеттеріндегі оқу орындарына оқуға жіберіледі. Газ тасымалдау жүйесі объектілерін қауіпсіз және апатсыз пайдаланылуын және пайдаланушылық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Компания ескірген жабдықты ауыстырады, өндірістік қуаттарды жаңартады, өндірістік процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерін, газ ағуын анықтау жүйелерін және басқа да қауіпсіздік жүйелерін ауыстырады.
Халықаралық талаптарға сәйкес болу үшін 2007 жылы Компания OHSAS 18001:1999 «Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджментіжүйесі» талаптары бойынша сертификатталды.