Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Кредиттік рейтингтер
Кредиттік агенттік | Кредиттік рейтинг | Болжам |
Fitch Ratings | BB✚ | Тұрақты |
Moody’s Investors Service | Baa2 | Тұрақты |
Standard & Poor’s | BB✚ | Тұрақты |
«Интергаз Орталық Азия» АҚ наградалары
1. «Интергаз Орталық Азия» АҚ 2018 жылғы 11 желтоқсанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында гран-при жүлдегері атанды. «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен марапаттау Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында, Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде болып өтті. Лайықты марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев табыс етті. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесінің ұлттық операторы болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру – компания жұмысының ажырамас бөлігі, оның нәтижелері бойынша экологияға жағымсыз әсер жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады.
Соңғы бірнеше жыл ішінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ атмосфераға түсетін ластаушы зат шығарындыларын және парниктік газ шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін жобаларды табысты іске асырды.
2. 2016 ж. қыркүйек айында Владивостокта (РФ) Азиялық сапа желісінің XIV Конгресі шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ сапаны басқарудағы, қызметкерді басқарудағы зор жетістіктері, әлеуметтік жауапкершілігі мен көрсетілетін қызметтерінің сапасы үшін халықаралық жетекші ұйымдардың бірі – Азиялық сапа желісінен (Asian Network For Quality) жоғары наградаға ие болды.
Награда «ҚазТрансГаз» АҚ белсене қатысуымен өткізілген газ, тасымалдау және газбен жабдықтау саласындағы қызмет сапасын стандарттау бойынша компанияның табысты қызметін мойындау әрі соның дәлелі ретінде берілді.
3. 2014 жылдың 21 тамызында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь және Украина елдері экономикасының көшбасшы-кәсіпорындарының халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстанның Ұлттық бизнес рейтингісі «Интергаз Орталық Азия» компаниясына «Даңқ жұлдызы. Қазақстан экономикасы» орденін, сондай-ақ ұлттық сертификат пен «Сала көшбасшысы – 2014» медалін берді.
4. 2012 жылғы 2-желтоқсанда Брюссельде (Бельгия) European Society for Quality Research – ESQR (Еуропалық Сапаны Зерттеу Қоғамы) еуропалық ұйымы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-қа «International Diamond Prize for Excellence in Quality» жүлдесін берді. Ол компанияның жоғары сапаға деген бейімділігінің белгісі.
European Society for Quality Research – ESQR – сапа мәдениетін таратуға, бизнесті жүргізудің үздік тәжірибесін, технологиялық инновацияны мойындауға, сондай-ақ бүкіл әлемдегі ұйымдарда сапаға қол жеткізуге және табысты қызмет стратегияларын жарнамалауға ықпал етеді.
5. 2010 жылдың қазан айында «Үлкен Еуропа: Шығыс және Оңтүстік көршілермен жасалатын қатынастардың жаңа шеңберлері» көшбасшыларының Оксфордтық саммиті шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» компаниясы «Europe Business Assembly» Сарапшылар кеңесінің ұсынысымен «Ең үздік кәсіпорын» және «2010 жылдың ең үздік top-менеджері» номинацияларында жоғары жүлделерімен марапатталған. «Europe Business Assembly» (Еуропалық Бизнес Ассамблеясы) 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы Еуропа, Африка, Латын Америкасы және постсовет кеңістігі елдеріндегі өңірлерді экономикалық және әлеуметтік дамыту жобаларын әзірлеу мен енгізу бойынша үкіметтік емес ұйым болып табылады.
Әртүрлі жылдары қазақстандық компаниялар ЕБА марапаттарының номинанттары мен лауреаттары болған. «Europe Business Assembly» жоғары марапаты компанияның сапалы қызмет көрсетудегі жетістіктерін мойындау болып табылады. Құрмет марапатын алу компанияның экономикалық сенімділігін, оның әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін растау болады және көшбасшының ерекше белгісі болып табылады.
6. 2009 жылғы 30-қарашада «Интергаз Орталық Азия» АҚ Лондон қаласында сапа бойынша B.I.D. халықаралық конвенциясы шеңберінде Сапамен Ымыра, Озаттық, Технологиялар мен Инновациялар үшін Алтын санатында International Quality Crown Award жүлдесімен марапатталды.