"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Сапа саласындағы саясат

Сапа, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, энергоменеджмент салаларындағы менеджменттің интеграцияланған жүйесінің саясаттары

«Интергаз Орталық Азия» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) сапа саласындағы саясаты ҚР СТ ИСО 9001 (МС ISO 9001) стандарттарының талаптарына сәйкес:

• газ тасымалдау жүйесі объектілерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге;

• заманауи технологияларды енгізу, газ тасымалдау жүйелерін жаңғырту және процестерді оңтайландыру арқылы ГТЖ тасымалдау, сақтау, пайдалану бойынша қызметін тиімді басқаруға;

• сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін және тиімділігін арттыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға;

• Компания персоналының кәсіби біліктілігін, құзіреттілігін арттыруға бағытталған.

Қоғамның денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясаты ҚР СТ OHSAS 18001 (OHSAS 18001) стандарттарының талаптарына сәйкес, Қоғам қызметкерлерінің және басқа да мүдделі тараптардың денсаулығына қауіпті әрі зиянды өндірістік факторлардың болу тәуекелі мен әсерін үздіксіз азайтуға, газ тасымалдау және сақтау саласындағы тиімділікті арттыруға және басқа ұйымдарға қызмет көрсетуге бағытталған. Қоғам өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

• Қазақстан Республикасының нормативтік талаптары мен қолданыстағы заңнамаларын, сондай-ақ мүдделі тараптардың денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарын сақтау;

• еңбек жағдайының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту;

• Қоғамның өндірістік объектілерінде апаттар болған жағдайда, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша шараларды қабылдау;

• денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі арттырып отыру.

Қоғамның қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын ҚР СТ ИСО 14001 (МС ISO 14001) стандарттарының талаптарына сәйкес іске асыру үшін және қоршаған ортаға экологиялық аспектілердің әсер ету тәуекелдерін басқару мақсатында, Қоғам:

газ тасымалдау мен сақтауға және басқа ұйымдарға қызмет көрсетуге қолданылатын ISO 14001:2004 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін үнемі арттырып отыруға;

• газ тасымалдау объектілерін және басқа да өндірістік және өндірістік емес құрылыстарды орналастыру аймағында табиғи ортаның сақталуын қамтамасыз етуге;

• Қоғам қызметінің заңнамаға, нормативтік талаптарға, сондай-ақ Қоғам келіскен басқа да мүдделі тараптардың талаптарына сәйкестігін жүйелі түрде анықтауға және бағалауға;

• Қоршаған ортаны қорғау менеджментінің жүйесі жұмыс істеп тұрған кезде барлық мүдделі тараптардың пікірін ескеруге, тұтынушылармен, жұртшылықпен, билік және қадағалау органдарымен, іскер серіктестермен, өнім берушілермен тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуге;

• Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен сақтау, қоршаған ортаның ластануын болдырмау арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге;

• Персоналдың экологиялық саналылығын, білімі мен кәсіби деңгейін арттыруға ниетті.

Қоғамның энергетикалық саясатының ҚР СТ ИСО 50001 (МС ISO 50001) стандарттарының талаптарына сәйкес негізгі бағыттары. Энергетикалық саясаттың мақсаттарына қол жеткізу үшін, Қоғам:

• қажетті ұйымдық құрылым құруға және кәсіпорынның тиімді энергоменеджерлерінің командасын үйретіп шығаруға;

• кәсіпорынның энергия тиімділігінің деңгейі және энергия тиімділікті насихаттау туралы персоналды ақпараттандыру рәсімдерін тұрақты негізде орындауға;

• кәсіпорынның энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласындағы әлеуетін анықтау мақсатында, жүйелі энергетикалық тексерулер жүргізуге.

• пайдалану сипаты мен тұтынылатын энергия көлеміне сәйкес, энергия талдау негізінде энергия тиімділік индикаторын анықтауға және орнатуға;

• кәсіпорынның энергия тиімділігінің деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу және өлшеуді жүзеге асыру, өз энергетикалық көрсеткіштерін жоспарлы түрде жақсарту бойынша инвестициялық, ұйымдастыру-техникалық және технологиялық іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға;

• энергияны үнемдеу бойынша нақты бағалаулар негізінде энергия үнемдеуге персоналды ынталандыру жүйесін қолдануға ниетті.

Қомпания басшылығы қызметтер сапасын, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды, энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысты ИМЖ осы саясаттары мен мақсаттарын іске асыру үшін жауапкершілікте болады.

Компания басшылығы ИМЖ осы саясаттарына, олардың баламалылығы мен қолдануға жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында, тұрақты түрде талдау жасау жауапкершілігін өз мойнына алады.

ИМЖ осы саясаттарын оның барлық деңгейдегі қызметкерлері орындауға міндетті.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ ақпараттық қауіпсіздік саясаты

«Интергаз Орталық Азия» АҚ ақпараттық қауіпсіздік саясаты газды тасымалдау және сақтау бойынша қызметін тиімді басқару үшін ақпаратты едәуір құнды әрі өмірлік маңызы бар ресурс ретінде анықтайды және акционерлердің, тұтынушылардың, персоналдың және барлық қызығушылық танытқан тараптардың мүдделеріндегі ақпараттық активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) ақпараттық қауіпсіздік саясатты іске асыру үшін өзіне мынадай бағыттарды белгілейді:

• сыни ақпараттық ресурстардың құпиялылығын сақтау;

• бизнес қызметті қолдау үшін Қоғамның ақпараттық ресурстарына үздіксіз қолжетімділікті қамтамасыз ету;

• Қоғамның жоғары сапалы қызметр көрсету және тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау мүмкіндігін қолдау мақсатында іскерлік ақпараттардың бүтіндігін қорғау;

• Қоғамның ақпараттық ресурстарымен байланысты тәуекелдер саласында персоналдың хабардар болуын арттыру;

• Қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесі мен міндеттерін белгілеу.

Ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыра отырып, «Интергаз Орталық Азия» АҚ ақпараттық қауіпсіздікпен байланысты қолданыстағы талаптарға сәйкес болуды және ақпараттық қауіпсіздік менеджментінің жүйесін үздіксіз жақсартуды өз мойнына алады.

Осы Саясаттың талаптары «Интергаз Орталық Азия» АҚ барлық ақпараттарына және ақпараттарды өңдеу ресурстарына таралады.

Қоғам басшылығы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы осы Саясатты іске асыруға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысты Мақсаттарға қол жеткізуге жауапты болады.

Қоғам басшылығы қолдану үшін баламалылығы мен жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы осы Саясатқа жүйелі түрде талдау жүргізуге жауапкершілікті өзіне алады.

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы осы Саясатты барлық қызметкерлер барлық деңгейлерде орындауға міндетті.