Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – сәйкесінше Қызмет, Қоғам) Қоғамның ішкі аудитін, қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, Қоғамның қызметін жетілдіру мақсатында ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және консультация беру саласындағы бағалауды жүзеге асыратын орган болып табылады.
Қызмет ұйымдық тұрғыдан Қоғамның Директорлар кеңесіне бағынады және функционалды есеп береді. Қызметтің жұмысына жетекшілік етуді Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Аудит жөніндегі комитет жүзеге асырады.
Қызмет әкімшілік жағынан Қоғамның атқарушы органына бағынады. Әкімшілік бағыну Атқарушы органның Қызмет басшысы мен жұмыскерлеріне тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуін көздейді. Атқарушы орган әкімшілік бағынуды Қызметтің тәуелсіздігі мен объективтілігіне ықпал ету үшін пайдаланбауы тиіс.
Қызметтің миссиясы тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу, ұсыныстар беру және білім алмасу арқылы Қоғамның құнын сақтауға және арттыруға негізделген.
Қызмет жұмысының негізгі мақсаты Қоғамның Директорлар кеңесі мен Атқарушы органына Қоғамды басқару тиімділігін арттыруға, оның қаржы-шаруашылық қызметін жетілдіруге, оның ішінде Қоғамның алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ақылға қонымды сенімділік құралы ретінде тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін талдау мен бағалауға жүйелі және дәйекті тұрғыда жәрдемдесу болып табылады.
Қызмет жұмысы Ішкі аудит қызметі туралы Ережемен реттеледі.
Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors) шығарған ішкі аудиттің Халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкес, Қоғамда Ішкі аудиттің Халықаралық кәсіби стандарттарына Қызмет жұмысының (сыртқы және/ немесе ішкі) сәйкестігін бағалауды жүргізуге арналған «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да Ішкі аудит қызметінің сапасын қамтамасыз ету және арттыру Бағдарламасы қабылданды.
Қызмет штаты 3 жұмыскерден тұрады.