Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Тәуекелдерді басқару жүйесі
«Интергаз Орталық Азия» АҚ тәуекелдерін басқару жүйесі тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіру мен бағалауға, мониторинг жүргізуге, сондай-ақ Компанияның стратегиялық жетістіктері мен операциялық мақсаттарына әсер ететін кері салдарларды немесе тәуекел жағдайларының болу мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік беретін шараларды жасау мен іске асыруға бағытталған үдерісті көрсететін Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің (ТБКЖ) бірыңғай тәсіліне сәйкес жүзеге асырылады.
ТБКЖ негізгі міндеті тәуекелдерді басқарудың тік үдерісін құру және Компанияның барлық басқару деңгейінде жұмыс істеу болып табылатын ұйымдастыруды және тәуекелдерді басқару үдерісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін принциптердің, әдістердің және рәсімдердің жиынтығын білдіреді.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да Компанияның тәуекелдерін басқару үдерісінің мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің негізгі принциптерін сипаттайтын
Тәуекелдерді басқару саясаты бекітілген. Тәуекелдерді басқару саясатын іске асыру мақсатында мынадай ішкі құжаттар бекітілген:
• Өндірістік және өндірістік емес тәуекелдерді басқару үдерісін ұйымдастыру қағидасы;
• Тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау әдістемесі, тәуекелдерді басқару әдістерін таңдау;
• «Интергаз Орталық Азия» АҚ тәуекелдері жөніндегі комитет туралы ереже.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Директорлар кеңесімен жыл сайынғы негізде Өндірістік/өндірістік емес тәуекелдер тіркелімі мен картасы, Тәуекел-тәбет, Негізгі тәуекел көрсеткіштері және Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі. Тәуекелдер динамикасына және оларды төмендету бойынша іс-шаралардың орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.