Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы 1997 жылы шілде айында құрылған, Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесін пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіреді және табиғи газды магистральдық тасымалдау саласында оның мүдделерін танытады. «QazaqGaz» ҰК» АҚ отандық, сондай-ақ шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүдделерін танытатын Қазақстан Республикасының негізгі газ тасымалдайтын компаниясы болып табылады.
2018 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбыры бойынша Ұлттық оператор мәртебесін алды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстанның аумағы бойынша жалпы ұзындығы 21 262, 21 шақырым болатын магистральдық газ құбырлары арқылы табиғи газды ішкі тасымалдау мен транзиттеуді жүзеге асырады. Оның ішінде 7 009,32 км МГҚ шет ұйымдарға тиесілі, оларға компания техникалық қызмет көрсетеді, 2 991,30 км - газ құбыры-бұрмалары.
Газ тасымалдау 33 компрессорлық станциямен жүзеге асырылады, онда 322 ГАА орнатылған, соның ішінде «Бозой» КС-1, «Қараөзек» КС, «Қорқыт Ата» КС, «Арал» КС, «Түркістан» КС шарттық негізде пайдаланылады.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ 3 жер асты газ қоймасын пайдаланады. Олардың ең ірісі Ақтөбе облысында орналасқан Бозой ЖАГҚ (белсенді сақтау көлемі 4 000 000 мың м3), Түркістан облысында орналасқан Полторацкое ЖАГҚ (белсенді сақтау көлемі 350 000 мың м3), сондай-ақ Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖАГҚ (белсенді сақтау көлемі 300 000 мың м3).
Магистральдық газ құбырларының газ тасымалдау жүйесін «Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік филиалдары – Магистральдық газ құбырлары басқармалары (МГҚБ) пайдаланады:
«Атырау» МГҚБ: «Мақат-Солтүстік Кавказ» МГҚ, «Орта Азия-Орталық» МГҚ лупингпен;
«Ақтау» МГҚБ: «Орта Азия-Орталық» МГҚ, «Окарем-Бейнеу» МГҚ лупингтермен, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ, «Өзен-Жетібай-Ақтау» МГҚ;
«Орал» МГҚБ: «Орынбор-Новопсков» МГҚ, «Союз» МГҚ, «Орта Азия-Орталық» МГҚ лупингтермен, «Қарашығанақ-Орал» МГҚ;
«Ақтөбе» МГҚБ: «Бұқара-Орал» МГҚ, «Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе» газ құбыры лупингтермен, «Жаңажол-КС-13» МГҚ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ, «Қожасай-КС-12» МГҚ;
«Қостанай» МГҚБ: «Бұқара-Орал» МГҚ, «Қарталы-Рудный-Қостанай» МГҚ; «Шымкент» МГҚБ: «Бұқара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Газли-Шымкент» МГҚ, «Қазақстан-Қытай» МГҚ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ;
«Тараз» МГҚБ: «Бұқара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Амангелді-КС-5», «Қазақстан-Қытай» МГҚ;
«Алматы» МГҚБ: «Бұқара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Алматы-Байсерке-Талғар» МГҚ, «Қазақстан-Қытай» МГҚ, «Байсерке-Қапшағай» МГҚ, «Алматы-Талдықорған» МГҚ;
«Қызылорда» МГҚБ: «Ақшабұлақ-Қызылорда» МГҚ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ, «Сарыарқа» МГҚ;
«Қарағанды» МГҚБ: «Сарыарқа» МГҚ.
Компания құрамына сондай-ақ мыналар кіреді:
Инженерлік-техникалық орталық – 1996 жылы құрылған, ҚР газ тасымалдау жүйесінің желілік бөлігіне, компрессорлық станцияларына, газ тарату станцияларына, жерасты газ қоймаларына қызмет көрсету бойынша бірегей салалық диагностикалық орталық болып табылады. Инженерлік-техникалық орталықтың мамандары Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Еуропаның үздік оқу орталықтарында әртүрлі бұзылмайтын бақылау түрлері бойынша оқытудан өтіп, аттестатталды. ИТО өндірістік объектілер жабдықтарының техникалық диагностикасы бойынша жұмыстарды орындау үшін барлық қажетті рұқсат беру құжаттарына ие және қарамағында әлемдік өндірушілердің алдыңғы қатарлы жабдықтары бар, бұл ҚР Газ тасымалдау жүйесі объектілерінде іске қосу-жөндеу және диагностикалық жұмыстарды сапалы және мерзімінде орындауға мүмкіндік береді.