Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
ЕСКЕРТПЕ

ЕСКЕРТПЕ

ҚР 2012 жылғы 22-маусысдағы №20-V «Магистралды құбырлар туралы» Заңы (әрі қарай-Заң) магистралды құбырларды пайдалану барысында туындайтын әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейді және магистралды құбырларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қауіпсіз пайдалану дей отырып, біз ең бірінші адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны айтамыз.

Сондықтан Заңда «магистралды құбырлардың қорғау аймағы», «минималды қашықтық» деген түсініктер қарастырылған.

Қорғау аймағы дегеніміз не?

Заңның 1-бабының 9-тармағына сәйкес бұл магистралды құбырлар нысандарына іргелес орналасқан және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құбыр нысандарын қауіпсіз және тұрақты пайдалануға қажетті жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде оны орнату мақсаттарына қайшы келетін іс-әрекет түрлері шектелетін немесе тыйым салынатын, қорғау және пайдаланудың ерекше шарттары бар аумақ.

Сонымен, қарапайым сөзбен айтқанда, қорғау аймағы - бұл ешқандай тіршілік әрекет нысандары болуы тиіс емес, бұл аймаққа кірудің өзіне тыйым салынатын жер!

Бір техникалық дәлізде бірнеше магистралды құбырлары орналасқан жағдайда олардың барлығына бірдей қорғау аймағы орнатылады.

Қорғау аймақтары қай жерде орнатылады?

Заңның 14-бабының 2-бөліміне сәйкес олар орнатылады:

- мұнай, мұнай өнімдерін, табиғи газ, мұнай және жасанды көмісутекті газдар тасымалдайтын магистралды құбырлар трассалары бойында – құбыр осінің әр жағынан 50 метрде өтетін шартты сызықтармен шектелген жер телімі түрінде;

- ауыл шаруашылық жерлерінде магистралды құбырлар қорғау аймағы құбыр осінің әр жағынан 25 метрде өтетін шартты сызықтармен шектеледі;

- сұйытылған көмісутекті газдар, тұрақсыз бензин және конденсат тасымалдайтын магистралды құбырлар трассалары бойында – құбыр осінің әр жағынан 100 метрде өтетін шартты сызықтармен шектелген жер телімі түрінде;

- компрессорлық және газ тарату станциялары айналасында – аталған нысандардың аумақ шекараларының әр тарапынан 100 метрде орналасқан тұйық сызықпен шектелген жер телімі түрінде.

Қорғау аймақтарында неге тыйым салынған?

Заңның 14-бабының 5-бөліміне сәйкес тыйым салынады:

-бақша, ағаш өсіру, сонымен қатар айдалатын тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын егістік ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруге арналған агротехникалық жұмыстардан басқа магистралды құбырлар меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмыстар орындауға;

-кез келген құрылыс және ғимараттар тұрғызуға;

-автомобилді тасымал құралдары, тракторлар және механизмдер тұрақтарын ұйымдастыруға;

-мелиорациялық жер жұмыстарын жүргізуге, суландыру және құрғату жүйелерін салуға;

-магистралды құбырлар меншік иесімен келісілмей құрылыс, монтаждау жұмыстарын жүргізуге, жер тегістеуге;

-ұңғымалар, шурфтар ұйымдастырумен және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерін алудан басқа) алумен байланысты геологиялық түсірілім, зерттеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге.

Минималды қашықтықтар

Заңның 14-бабының 8-бөліміне сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары және ережелерімен орнатылған минималды қашықтықтар шегінде магистралды құбырларға қатысы жоқ кез келген нысандарды салуға тыйым салынады.

ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің 2010 жылдың 29-желтоқсандағы №606 бұйрығымен 3.05-01-2010 «Магистралды құбырлар» ҚР Құрылыс нормалары және ережелері (әрі қарай - ҚНжЕ) енгізілді.

Минималды қашықтық шектері тасымалданатын шикізат және құбыр диаметріне сәйкес 50-ден 350 метрге дейін орнатылған.

Атырау облысында магистралды құбырлар меншік иелерімен пайдаланылатын магистралды құбырлар арасында шартты диаметрлері 1000-нан 1400 мм-ге дейінгілері басым.

Осыған байланысты, құбырлар осінен екі жаққа жақын маңдағы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі минималды қауіпсіз қашықтық 150-ден 350-ге дейін метрден басталу қажет.

Жоғарыда аталған тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз, себебі - сыртқы әсер апаттық жағдайлардың бастамасы болып табылады. Қазіргі таңда қауіпсіздікке төніп тұрған басқа тікелей қауіп-қатер жоқ.