Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Сапа саласындағы саясат

"ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ" АҚ ЖОҒАРЫ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Қазақстан Республикасында да, одан тыс та тұтынушыларға газды тасымалдау, сақтау мен беру бойынша қызмет көрсететін ірі қазақстандық компания болып табылады.
Тұтынушылардың көрсетілетін қызметтермен қанағаттануын үздіксіз арттыру және компанияны тұрақты дамыту мақсатында басшылық өзіне:

  • Газ тасымалдауға, сақтау мен беруге қатысты ISO 9001:2008 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін үнемі арттыруға
  • Қоғам қызметінің заңнамалық, нормативтік талаптарға және қызметтер тұтынушыларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету
  • Барлық мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету
  • Заманауи ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы басқару процестерін үнемі жетілдіру және дамыту
  • Қоғам қызметінің барлық бағыттарында үнемі нәтижелілікті арттыру және жабдықты жаңарту, жаңа технологияларды енгізу және өндірістік процестерді автоматтандыру арқылы жабдықтың жұмыс істеуінің сенімділігін арттыру жолымен істен шығу мүмкіндігін болдырмау
  • Қоғам қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін дамыту, құзыреттілігін және жеке жауапкершілігін арттыру міндеттемесін алады.

 

«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

"Интергаз Орталық Азия" АҚ (бұдан әрі - Қоғам) табиғи газды сақтау, соңғы тұтынушыларға магистральдық газ құбырларымен тасымалдау мен сату қызметтерін көрсететін ірі қазақстандық компания болып табылады. Қоғамның өндірістік қызметінің қоршаған ортаға теріс әсер ететін әлеуетті қаупін ескеріп, магистральдық газ құбырлары орналасқан аймақта табиғи ортаның сақталуы үшін жауапкершілікті сезініп, Қоғам өзіне:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық стандарттарының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы талаптарын орындау;
  • газ тасымалдау объектілері орналасқан аймақта табиғи ортаның сақталуын және табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
  • технологиялық процестерді жетілдіру, жабдықты жаңарту, өндірістік процестерді автоматтандыру, материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану және энергия қорғайтын технологияларды қолдану арқылы қоршаған ортаны ластайтын көздерді қысқарту немесе жою;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі бойынша Рамалық конвенциясына Киот хаттамасының халықаралық механизмдерін пайдалана отырып, газ тасымалдау объектілерін қайта құру мен қайта жасақтау бағдарламасына сәйкес Қоғам объектілерінде ластайтын заттардың шығарылуын кезең-кезеңімен тұрақтандыру және төмендету;
  • жобалау құжаттамасын даярлау және экологиялық сараптама өткізу сапасын көтеру;
    • өндірістік объектілеріне уақытылы диагностика жасау және күйін бағалау:
    • қазіргі өндірістік объектілерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу, қайта құру мен жаңарту бағдарламаларын уақытылы және сапалы іске асыру;
    • озық ғылыми жұмыстар мен қауіпсіз технологияларды пайдаланып, газ тасымалдау жүйесі объектілерін жобалау және салу
  • қоршаған орта менеджменті жүйесіне ішкі аудит өткізу және еңбекті қорғау бойынша 5 сатылы комиссияның жұмысын өткізу арқылы өндірістік-экологиялық мониторингті және өз міндеттерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру арқылы қоршаған орта саласында қызметтің негізгі көрсеткіштеріне жүйелі мониторинг өткізу;
  • қызметкерлердің экологиялық ұғынуын, білім және кәсіби деңгейін, сондай-ақ Қоғамның экологиялық имиджін көтеру;
  • қоршаған орта менеджменті жүйесінің нәтижелілігін үнемі арттырып отыру міндеттемелерін алады.

«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

"Интергаз Орталық Азия" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың Қоғам қызметкерлерінің, халықтың және магистральдық газ құбырлары объектілерінің маңындағы елді мекендердің денсаулығына әсер ету қаупімен ұштасатын, табиғи газды сақтау, магистральды газ құбырларымен соңғы тұтынушыларға тасымалдау және сату қызметтерін көрсететін ірі қазақстандық компания болып табылады.

Магистральдық газ құбырлары орналасқан аймақта қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың ықпал ету тәуекелдерін үздіксіз төмендету мақсатында, Қоғам басшылығы өзіне:

  • Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының азаматтардың денсаулығын қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі талаптарын сақтау;
  • Еңбек жағдайларының күйіне жүйелі түрде мониторинг өткізу нәтижелері бойынша қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту;
  • қадағалау, бақылау органдарымен, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді өзара әрекет жасау;
  • қауіпті және зиянды өндірістік факторлар көздерін қысқартуды немесе жоюды, материалдарды ауыстыруды, технологиялық процестерді өзгертуді, жабдықты жаңартуды, өндірістік процестерді автоматтандыруды, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мен еңбекті нормалауды қамтамасыз ету;
  • денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесіне және еңбекті қорғау бойынша 5 сатылық комиссия жұмысына ішкі аудит өткізу арқылы өндірістік-экологиялық мониторингті және өз міндеттемелерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру арқылы денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы қызметтің негізгі көрсеткіштеріне жүйелі түрде мониторинг өткізу;
  • Қоғам қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін дамытатын, құзыреттілігін және денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігі саласындағы талаптарды сақтау үшін жеке жауапкершілігін арттыратын рәсімдер мен ынталандыруды қолдану және жетілдіру;
  •   Қоғамның өндірістік объектілерінде апаттар болған жағдайда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша шара қодану;
    денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің нәтижелілігін үнемі арттыру міндеттемесін алады.