Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы 1997 жылы шілде айында құрылған, Қазақстанның сенімгерлікпен басқаруға берілген газ тасымалдау жүйесін пайдалануды және техникалық күтуді жүзеге асырады. Компания «ҚазТрансГаз» газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың құрамына кіреді және табиғи газды магистральдық тасымалдау саласында оның мүдделерін білдіреді. 

«ҚазТрансГаз» АҚ елдің газ нарығында және әлемде мемлекеттің мүдделерін білдіретін Қазақстан Республикасының ең ірі газбен жабдықтайтын компаниясы болып табылады.

ҚазТрансГаз магистральдық газ құбырларымен табиғи газды тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нырақтарда газды сатумен айналасады, құбыр жүйелері мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстанның аумағы бойынша жалпы ұзындығы 14 мың км-нен асатын 14 магистральдық газ құбырымен табиғи газды ішкі тасымалдау мен транзиттеуді жүзеге асырады. Газ тасымалын алуан түрдегі және үлгідегі 298 газ айдайтын агрегат орнатылған 22 компрессорлық станция жүзеге асырады. 

Компания 3 жер асты газ қоймасын пайдаланадыі. Олардың ең ірісі Ақтөбе облысында орналасқан Бозой ЖАГҚ (белсенді сақтау көлемі 4 000 000 мың текше метр), Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Полторацкое ЖАГҚ (белсенді сақтау көлемі 350 000 мың текше метр), сондай-ақ Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖАГҚ (белсенді сақтау көлемі 300 000 мың текше метр).

Магистральдық газ құбырларының газ тасымалдау жүйесін «Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік филиалдары – Магистральдық газ құбырлары басқармалары (МГҚБ) пайдаланады:

1. «Атырау» МГҚБ:  «Орта Азия-Орталық» МГҚ, «Мақат-Солтүстік Кавказ» МГҚ

2. «Ақтау» МГҚБ:  «Орта Азия-Орталық» МГҚ, «Окарем-Бейнеу» МГҚ , «Окарем-Бейнеу Лупинг» МГҚ, «Орта Азия-Орталық Лупинг» МГҚ

3. «Орал» МГҚБ: «Союз» МГҚ, «Орынбор-Новопсков» МГҚ, «Орта Азия-Орталық» МГҚ

4. «Ақтөбе» МГҚБ: «Бухара-Орал» МГҚ, «Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе» газ құбыры,  «Жаңажол-КС-13»

5. «Қостанай» МГҚБ:  «Қарталы-Рудный-Қостанай» газ құбыры

6. «Шымкент» МГҚБ: «Бухара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Газли-Шымкент» МГҚ, «Амангелді-КС-5»

7. «Тараз» МГҚБ: «Бухара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Амангелді-КС-5»

8. «Алматы» МГҚБ «Бухара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ

9. «Қызылорда» МГҚБ: «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры.

Компания құрамына мыналар да кіреді:

«Инженерлік-техникалық орталық» филиалы - компрессорлық станцияларға, газ тарату станцияларына, жер асты газ қоймаларына, магистральдық газ құбырларының желілік бөліктеріне және газ құбырлары-бұрмаларына қызмет көрсететін салалық диагностикалық орталық. Қызметінің негізгі түрі: техникалық құрылғыларды, энергошаруашылық жабдығы мен құрылыстарын техникалық диагностикалау, жөндеу, біліктілік дағдыларын мониторингтеу, магистральдық газ құбырлары объектілерінің техникалық күйін және экологияны мониторингтеу, газды тасымалдау, жер астында сақтау мен тарату объектілерінде алдын алу, сынау және іске қосу-баптау жұмыстары.

Шымкент қаласындағы Оқу-курстық комбинаты - табиғи газды тасымалдаумен және магистральдық газ құбырларын пайдаланумен айналысатын қызметкерлер мен мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтеру бойынша жұмыс жасайтын жалғыз кәсіптік оқу мекемесі.

Транзиттік газ әлеуетінің Қазақстан үшін стратегиялық геосаяси және экономикалық маңызы зор. Сондықтан да табиғи газдың халықаралық транзитінің өсіп келе жатқан көлемдерін қамтамасыз ету және құбыр жүйесінің қолда бар активтерін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының аумағымен өтетін газ тасымалдау магистралінің транзиттік қуаттарын дамыту Компанияның қызметінде басым болып табылады.

Жаңа технологияларды қолдану, технологиялық процестің барынша қауіпсіздігін, сенімділігін, үнемділігі мен мүлтіксіздігін қамтамасыз ететін заманауи құрылғыларды, механизмдер мен жабдықты енгізу біздің негізгі жұмыс қағидаларымыз болып табылады.

Қазақтандық газ қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, жоғары біліктілігі мен қуаты – Қазақстан Республикасының газ тасымалдау саласындағы табыстар кепілі.