«Интергаз Орталық Азия» АҚ («QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіреді) жұмысшылардың дәстүрлі «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқау 15 мамандық бойынша екі кезеңде өткізілді. Аталған шара жұмысшылардың мотивациясын, өндіріс мәдениетін, жұмысшы мамандығының беделін арттыруға бағытталған.

Байқаудың бірінші іріктеу кезеңі компанияның өндірістік филиалдары базасында аймақтық деңгейде өтті.

Финал QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығының оқу алаңында, сондай-ақ Шымкент МГҚБ Ақбұлақ желілік өндірістік басқармасы және Полторацк жерасты газ қоймасы базасында өтті.

Үш күн бойы байқауға қатысушылар өздерінің тәжірибелік білімдерін, сондай-ақ төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау қабілеттерін көрсетті.

Байқау комиссиясы байқауға қатысушының өндіріс орнында орындаған жұмысының сапасын, ұтымды және қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдануын, өндірістік дербестік дәрежесін және тапсырманы орындауға жұмсалған нақты уақытты бағалады.

«Газ қызметкерлері қауіпті нысандарға қызмет көрсетеді, сондықтан әрбір қызметкердің жоғары біліктілігі өте маңызды. Байқауға теориялық та, практикалық та қызу дайындық жүреді. Бұл қызметкерлердің біліктілік деңгейін одан әрі арттырады. Біздің мамандар әрқашан жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Олардың атқарған жұмыс сапасы тұтынушыларға газды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, жоғары кәсіби шеберліктері үшін жалақыға үстемақы тағайындалды.