"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Қызылорда облысы Шиелі кенті тұрғындарының үйіне көгілдір отын қосылды
15.10.2015

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның «Қызылорда облысының 5 елді-мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы аясында «Шиелі» автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) іске қосылды.

Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Серік Естай қатысты.

Облыстың ірі елді-мекендерінің бірі – аудан орталығы Шиелі кентін газдандыру аясында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан ұзындығы 17 км жеткізуші газ құбыры тартылып, АГТС, 4 ГТП (газ тарату пункті), 29 ШГТП (шкафтық газ тарату пункті) және 270 км ауылішілік газ құбырлары салынды. Іске қосылған нысандар елді-мекеннің 30 мыңнан астам тұрғынын, оның ішінде 6 жарым мың жеке тұрғын үй, 84 көппәтерлі үй, 74 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорынды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Серік Естайдың айтуынша, «үйлерге газ қосып, тұрғындарға жылу мен қуаныш сыйлай отырып, «ҚазТрансГаз» АҚ халықтық компания екенін тағы бір дәлелдеді. Оған мысал, жыл сайын Ұлттық оператор республика бойынша 35 мыңнан астам абоненттің үйіне газ кіргізіп отыр. Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жоба аясында бір ғана Қызылорда облысында биыл 1250 км газ құбыры салынды. «ҚазТрансГаз» әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қоятын компания. Істеп отырған жұмысымыз түгелдей халықтың тұрмысын жақсартуға еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған».

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның соңында компания Жаңақорған кентін көгілдір отынға қосқан болатын. Алдағы уақытта Әйтеке би ауылы мен Арал қаласының тұрғындары да табиғи газға қол жеткізеді деп жоспарланып отыр. «Қызылорда облысының 5 елді-мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы жыл соңында Байқоңыр қаласын газдандырғаннан кейін аяқталады деп күтілуде.

Жалпы, жоба аясында Қызылорда облысының 190 мың тұрғыны көгілдір отынға қосылады. Осы уақытқа дейін 1439 км газ құбыры тартылып, 81 газ тарату пункті, 258 шкафтық пункттер салынды. Құбырлар мен инфрақұрылымдық нысандар түгелдей дерлік кестеден ерте іске қосылып жатқанын айтып өту керек.

Ақпарат:

Соңғы 5 жылда 7 мың жаңа үй газ тарату жүйесіне қосылды. Ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес нысандары экологиялық тұрғыдан таза отынға ауыстырылды. 2013 жылы Қызылорда қаласының газ жүйесі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қосылды. Осылайша облыс орталығында қыс мезгілінде туындайтын көгілдір отын тапшылығы толығымен жойылды.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі 7 (7172) 55-23-16

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу