"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҚазТрансГаз» АҚ британдық инвесторлармен әріптесе отырып Астананы газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр
04.11.2015

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары барысында Қазақстан-британ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Іс-шара шеңберінде «ҚазТрансГаз» мен Independent Power Corporation PLC. арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қою рәсіміне «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры Қайрат Шәріпбаев және Independent Power Corporation PLC президенті Питер Эрл қатысты.

Меморандум Қазақстанның елордасы Астананы, сондай-ақ республиканың солтүстік және орталық өңірлерін газдандыру үшін жоспарланып отырған «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының бойымен төрт газтурбиналық электр станциясын салуды көздейді.

Құжатта британдық әріптестер Астанада, Қарағандыда, Теміртау мен Жезқазғанда әрайсысының атаулы қуаты 400 МВт болатын 4 газтурбиналық электр станциясын салуды қаржыландырады деп көзделген. Жобаланған инвестициялардың сомасы - 3 млрд. 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

«ҚазТрансГаз» АҚ, Independent Power Corporation PLC компаниясынан тартылатын инвестициялық қаражаттың есебінен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан Астанаға дейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салады және газтурбиналық электр станциялары үшін газ тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте, жобаны іске асыру кезіндегі барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын тек қазақстандық компаниялар орындайтын болады.

Астананы, солтүстік және орталық Қазақстанды газдандыру жобасы тұтынушыларды үнемді әрі ыңғайлы жылыту жүйесімен қамтамасыз етуге, электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, табиғи газды пайдалану өңірдегі экологиялық ахуалға оң әсер етеді. Сондай ақ, жаңа «Сарыарқа» газ құбыры арқылы тұтынушылар үшін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан отандық табиғи газ жеткізілетін болады.

«ҚазТрансГаз» мен Independent Power Corporation PLC. арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тығыз коммерциялық байланыстарды дамыту және екіжақты инвестициялар мен инновациялық технологиялар трансфертінің көлемін ұлғайту үшін негіз болады.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев Қазақстанның елордасы Астана қаласын, сондай-ақ солтүстік және орталық Қазақстанды газдандыру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жобалау және салу жөніндегі жұмыс, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша орындалуда деп атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан астанасын, сондай-ақ орталық және солтүстік өңірлерді газдандырудың әртүрлі нұсқалары мен жобалары қарастырылған болатын, ақырында газ құбырының неғұрлым ұтымды схемалары мен бағыттары таңдап алынды. Осы жоба ҚазТрансГаз үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Оны әзірлеу кезінде компанияның мамандары осы сәтке тоқтап тұрған жұмысшы газ құбырларын пайдалануды жоспарлай отырып, құрылыстың неғұрлым экономикалық тұрғыдан ұтымды нұсқасын таңдап алды. Бұл дегеніміз, газ құбырын салудың өзіндік құнын барынша төмендетуге, ал кейін тұтынушылар үшін газға деген қолайлы баға мен тарифтердің пайда болуына мүмкіндік береді.

Анықтама: International Power Corporation Plc ("IPC") Біріккен Корольдігінің электр станцияларын жетекші әзірлеушілері мен операторларының бірі болып табылады. 1995 жылы құрылған IPC Солтүстік Америкада, Латын Америкасында, Оңтүстік Африкада, Азияда және Еуропада 7000 МВт болатын жылыту және гидростанцияларды әзірледі және оларға иелік етіп, оларды пайдаланады.

IPC электр станцияларын BP сияқты үшінші елдер үшін пайдаланады, BG, Лукойл және Shell-ға тиесілі электр станцияларын пайдалану үшін, сондай-ақ Азиялық даму банкін (АБР), Еуропалық қайта құру және даму банкін (ЕБРР), Анд даму корпорациясын (АКР) және Халықаралық қаржылық корпорациясын (МФК) – Дүниежүзілік банкінің бөлімшесін қоса алғанда, көп ұлттық кредиторлар қаржыландыратын жобаларды іске асыру үшін де біліктілігі бар.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі 7 (7172) 55-23-16

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу