Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
Кәсіпке деген махаббат – ұрпақтан ұрпаққа Газшылардың еңбек династиясынан шыққан Ещановтар әулетінің өкілдері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-дан марапатқа ие болды
13.05.2016

2016 жылғы 13 мамырда «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Ибулла Сердиев, сондай-ақ газшылардың еңбек династиясы – Ещановтар әулеті «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының дәстүрлі Халықаралық отбасы күніне орайластырылған «Еңбек династиялары күніне» арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Осы іс-шараны өткізу мақсаты ұрпақтар сабақтастығын қоғамдық ынталандырудың және әлеуметтік тұрақтылықтың тиімді құралы ретінде еңбек династиялары институтын кеңінен насихаттау және қолдау болып табылады.

«Еңбек династияларын ынталандыру ұжымымыздағы ауызбірлік пен қолайлы климатты қалыптастыруда, әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мен әлеуметтік серіктестікті дамытуда өзекті факторлардың бірі болып табылады», - деп атап өтті өз сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев. Оның айтуынша, қызметкерлердің кәсібіне шынайы берілуін күшейту бойынша шаралар жекелеген компаниялар қызметінің тиімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар жалпы Қазақстанның өркендеуіне оң әісерін тигізеді.

Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаздың» атынан газшылардың еңбек династиясы ретінде атыраулық Ещановтар әулеті ұсынылды.

Жалпы еңбек өтілі 128 жылды құрайтын әулеттің 7 мүшесі табиғи газды магистралды тасымалдау саласында еңбек етеді. «Самұрық-Қазына» АҚ «Еңбек династиясы» медалін салтанатты тапсыру рәсіміне Атыраудан әулет басшысының жұбайы Мәрияш апа мен, оның үлкен ұлы Марат Победаұлы және немересі Айдана келіп қатысты.

Әулет басшысы Ещанов Победа Жұмағалиұлы 1945 жылы туылған. Газ саласына 1971 жылы инженер болып келген. Еңбек жолын жөндеу-механикалық шеберханасының шеберінен бастап «Қазақэнергожөндеудің» Бас директоры лауазымына дейін көтерілген әкем газ турбиналарын жөндеуге бар білімі мен күш-жігерін салады. Ол өз шеберлігімен бөлісуге әрқашан дайын тұратын, жас мамандарға мұқият білгенін үйретіп, өзінің зор бай тәжірибесін бере білді, ол кездері газ саласы енді ғана қалыптасып келе жатқан, әлі жас болатын, Ол қоғамдық жұмыстарды да ұмытпады, бірнеше рет Мақат ауданының депутаты болып сайланды.

Победа Жұмағалиұлы жұбайы Ещанова Мәрияшпен бірге жеті бала тәрбиелеп өсірді, және осы керемет шаңырақта туылған 19 немерені тәрбиелеуге зор үлестерін қосты. Ещановтардың түгелге дерлік ұрпақтары өз өмірлерін газ саласымен байланыстыра отырып, Победа Жұмағалиұлының ісін одан әрі жалғастырды.

- Мамандық таңдау мәселесі біздің алдымызда ешқашан тұрмаған болатын, - деді «Атырау» МГҚБ бас инженері болып еңбек ететін үлкен ұлы Марат Победаұлы Ещанов. Өз әкемізді үлгі тұтып, оның соңынан ілестік, ұрпақтан ұрпаққа газшы кәсібін зор махаббатпен жеткізе білдік. Газшылар – өте жоғары тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін ерекше мамандық. Туысқандығымыз жарасқан біздер бір-бірімізді жерге қаратпай, әрқашан «биікте» болып, Ещановтар әулетінің атына дақ түсірмеуге тырысып келеміз әрі өзіміздің күнделікті абыройлы ісімізбен сүйікті компаниямыз «ҚазТрансГаздың» және жалпы еліміздегі газ саласының дамуына өз үлесімізді қоса береміз!

Іс-шара аясында еңбек династиясының өкілдері Қордың Еңбек династиясы аллеясына ағаш отырғызып, Астана қаласы бойынша саяхат жасауға қатысты.

31.12.2019
Президент газ және газбен жабдықтау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды
Әрі қарай оқу
25.12.2019
Таразда газ тарату желілерін жаңарту аяқталып келеді
Әрі қарай оқу
12.12.2019
ҚАЗТРАНСГАЗ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН САЛТАНАТТЫ АТАП ӨТТІ
Әрі қарай оқу
24.10.2019
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР «ОКАРЕМ-БЕЙНЕУ» ГАЗ ҚҰБЫРЫНА ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАСАЛДЫ
Әрі қарай оқу