"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының Астана қаласында орналасқан қызметкерлері марапатталды
28.08.2017

Бүгін Конституция күні мен Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында салтанатты жиын өтіп, онда «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының Астана қаласында орналасқан қызметкерлері марапатталды.

Ұжымды Конституция күнімен және кәсіби мерекемен және алдағы Құрбан айт мейрамымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президенті, «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Қайрат Шәріпбаев құттықтап, наградаларды табыстады.

Қоғамның ең үздік қызметкерлері «Мұнай-газ кешенін дамытуға косқан үлесі үшін» медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен наградталып, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» атты ҚР Энергетика министрлігінің төсбелгілерімен, «ҚазМұнайГаздың» естелік белгілерімен, ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Барлығы компаниялар тобы бойынша – 134 жұмыскер марапатталды.

Бұған қоса, «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырының 50 жылдығын мерекелеуге орай, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы жұмыскерлерінің жоғары кәсіби деңгейін, қосқан үлесін тани отырып, 300-ден астам жұмыскер мен ардагер құрмет грамотасына ие болды.

Қайрат Шәріпбаев сөйлеген сөзінде бірінші жарты жылдықтағы жұмыстардың негізгі қорытындыларын айтып өтті және кәсіпорынның барлық жетістіктері керемет тәжірибиеге ие және өз ісіне берілгендіктерін бірнеше рет дәлелдеген кәсіби қызметкерлер ұжымының мықты және табанды еңбегінің арқасы екендігіне тоқталды. Газшы кәсібі – бұл, ең алдымен, ауыр да, қауіпті және қазақстандықтардың әл-ауқаты тікелей соғай байланысты болатын үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек. Нақты айытқанда, осы фактіні түсіну біздің ұжымға біртұтас және тату отбасы – ҚазТрансГаз компаниялар тобының болашағының кепілі болуға мүмкіндік береді.

Қорыта келе ол бүкіл ұжымға жоғары кәсібилігі, ісіне деген адалдығы, еңбек сүйгіштігі мен құзыреттілігі үшін үлкен алғыс айтып, барлығына зор денсаулық, бақыт, жұмыста сәттілік пен жаңа жетістіктер тіледі.

Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай ведомстволық наградалармен марапатталған «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері:

«Мұнай-газ кешенін дамытуға косқан үлесі үшін» медалімен мына адамдар наградталды:

Мельдеханов Б.Н. – «ҚазТрансГаз» АҚ бас бухгалтері,

Рубанов Н.В. - «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының орынбасары,

Қыдырсихов С.С. - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» МГҚБ-ның БӨҚжА слесары,

Оспанқұлов К.А.- «Азиялық Газ құбыры» ЖШС-ның үйлестірушісі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен:

Есалиев І.С. - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан ӨФ газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесары,

ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен мына адамдар наградталды:

Бурихужаев С.К. - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» МГҚБ-ның РАҚ слесары.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен мына адамдар наградталды:

Мантеев М. А. - «Амангелді Газ» ЖШС аусымының бастығы,

Қобдабаев А.Р. – «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС-ның Бейнеу ГӨС жетекші инженері.

ҚР Энергетика министрлігінің алғыс хатын алғандар:

Өтепов А.Т. - «ҚазТрансГаз» АҚ өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары,

Сагдиева С.М. - «ҚазРосГаз» ЖШС Бас директорының орынбасары.

«Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен мына адамдар марапатталған:

Несонов Е.Г. - «ҚазТрансГаз» АҚ диспетчерлендіру және газ тасымалдау департаментінің директоры,

Кенетаев А. - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ-ның машинисі,

Базарханов К.К. - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан ӨФ пайдалану жөніндегі слесары,

Қарабалаев Е.К. - «Амангелді Газ» ЖШС газ және конденсат өндіру жөніндегі шебері,

Макашев Б.Б. – «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС-ның ЕҚ, ТҚ, ҚОҚ департаментінің жетекші инженері,

Жанабаев Е.Д. - «ҚазРосГаз» ЖШС Бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

Бекмұхамбетова А.А. - «ҚазТрансГаз» АҚ корпоративтік дамыту, жиынтық-үйлестіру жұмысы және ИМЖ департаментінің директоры,

Абуов С.И. - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» МГҚБ-ның желілік құбыр жүргізушісі,

Бекбергенов Е.Ж. - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ-ның монтері,

Семенова Г.Е. - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы ӨФ АДҚ диспетчері,

Тілеужанова А.Ж. - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе ӨФ газ шаруашылығының есепшісі,

Асаубаева А.А. - «Амангелді Газ» ЖШС химиялық талдау зертханашысы,

Әлиев Б.Ж. - "Азиялық Газ құбыры" ЖШС Бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары,

Нұрғалиев А.К. - "Азиялық Газ құбыры" ЖШС "Алматы" ГТБ директоры,

Ажмаханбетова Ж.А. - «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС-ның персоналды басқару жөніндегі департаменттің директоры,

Надопта В.И. - "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС Қостанай ӨФ автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесары,

Рахменов А.А. - "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС Қызылорда ӨФ автомобиль жүргізушісі,

Иманбаева А.Е. - «ҚазРосГаз» ЖШС маркетинг департаментінің жетекші маманы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның естелік белгілерін еншіленгендер:

Құрманқұлов Б.Т. - «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінің басшысы,

Сисенов А.А. - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» МГҚБ-ның АДҚ слесары,

Тажиев С.М. - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» МГҚБ-ның технологиялық компрессорлар машинисі,

Клименко В.А. – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан ӨФ өткізу және газбен жабдықтау режимі қызметінің инженері,

Панин А.А. - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай ӨФ газ шаруашылығының бас маманы,

Буханов К.К. - «Амангелді Газ» ЖШС слесарь – жөндеушісі,

Адилов Т.А. - «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары,

Ләппаев Қ.Ж. - "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС Ақтөбе ӨФ учаскесінің автомобиль көлігі кранының машинисі,

Жұматаева А.Н. - «ҚазРосГаз» ЖШС газды қайта өңдеу департаментінің жетекші маманы.

«ҚазТрансГаз» АҚ Құрмет грамотасына «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының 95 жұмыскері ие болды.

Біздің әріптестерді наградаларымен құттықтаймыз!

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу