Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
Ақтөбеде Қазақстандағы ең қуатты газ тарату станциясы пайдалануға берілді
05.10.2017

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысында Ақтөбеде өнімділігі сағатына 300 мың текше метрді құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) іске қосты. Бүгінде бұл АГТС Қазақстандағы ең қуатты станция саналады.

Елбасы Н.Назарбаевтың Ақтөбені миллион тұрғыны бар заманауи қалаға айналдыру жөніндегі тапсырмасы бірқатар стратегиялық шешімдерді қажет етеді. Солардың бірі – саны артып келе жатқан қала тұрғындары, қазір жұмыс істеп тұрған коммуналдық және өндірістік нысандардың табиғи отынға деген қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Елбасы тапсырмасын жүзеге асыра келе, қаладағы жұмыс істеп тұрған АГТС-тердің қуатын күшейтіп әрі оларға түсетін салмақты азайтуды мақсат етті. Құрылыс барысында 32 км жаңа газ құбырлары және 2 газ реттеуіш пункт салынды.

Өнімділігі сағатына 300 мың текше метр болатын аталған автоматтандырылған газ тарату станциясы облыс орталығы Ақтөбе қаласын ғана емес, қала маңындағы және шалғайдағы 4 ауданның елді мекендерін үздіксіз газбен жабдықтауға қауқарлы. Станцияның қуаты жұмыс істеп тұрғандарды ғана емес, болашақта салынатын өзге де нысандарды газбен қамтуға жетеді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе рельс-арқалық зауыт, Индустриалдық аймақ, қалалық телефон станциясы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Қазхром, ЖЭО секілді ірі кәсіпорындармен қатар, көптеген ірілі-ұсақты коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысандар газбен үздіксіз қамтылады. Сонымен қатар станция Ақтөбе маңындағы Қобда, Мәртүк, Алға және Қарғалы аудандарының елді-мекендеріне газ жеткізеді. Бұл серпінді жобаның жүзеге асырылуы және пайдалануға берілуі Ақтөбе өңірінің дамуына оң ықпал етті. Жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстары өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің артуына жағдай жасайды.

Инвестжобаларды жүзеге асыру кестесіне сай, газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2030 жылға қарай Ақтөбе облысының 96% тұрғынын табиғи газбен қамтуды жоспарлап отыр. Облыс бойынша 287 км газ құбыры салынады.

Анықтама: Қолданыстағы ГТС-1, ГТС-3 Ақтөбе қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде өндірістік аймақ пен тұрғын үйлер арасында орналасқан. Ал оған тартылған жеткізуші газ құбыры тұрғын үйлердің арасымен өтеді. Осыны және өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған ГТС-1-дің ескіргенін ескере отырып, облыс әкімдігі заманауи АГТС-300-ді қала сыртында Жаңа Әлжан элеваторының маңында салу туралы шешім қабылдады. Бұл жердің таңдалуы бекер емес. Дәл осы маңда «Жаңажол-Ақтөбе» және «Бұхара-Орал» магистралдық газ құбырлары тоғысқан. Бұл бір-біріне тәуелсіз екі қуат көзінен магистралдық газ құбырларының бірінде апат бола қалған жағдайда үздіксіз газ таратуға мүмкіндік береді. ГТС-1 және ГТС-3-ке жалғанған тұтынушылар жаңа станцияға ауыстырылғаннан кейін қолданыстан шығарылады.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ Компаниялар тобына газ өндіретін және оның өнімдерін тасымалдап, жеткізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі Тел: 8(7172) 55 23 16

30.11.2017
«Қазақстан-Қытай» газ құбырының «С» тармағында жаңа компрессорлық станция жұмысын бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2017
Осымен «Интергаз Орталық Азия» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) хабарлайды
Әрі қарай оқу
16.10.2017
«ҚазТрансГаз» АҚ Қытайға қазақстандық газды экспорттай бастады
Әрі қарай оқу
05.10.2017
Ақтөбеде Қазақстандағы ең қуатты газ тарату станциясы пайдалануға берілді
Әрі қарай оқу