Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
Қытайға экспортталатын қазақстандық газ көлемі жылына 10 млрд текше метрге жеткізіледі
15.01.2018

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы (бұдан әрі – ҚҰМК) бұған дейін екі мемлекет басшылары қол қойған келісімді орындау шеңберінде екі жақты келіссөздер жүргізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қытайға газ экспортын жылына 10 млрд. текше метрге дейін ұлғайту туралы уағдаластық жасалды. Тараптар газ инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру қажеттігін және жұмыс істеп тұрған газ магистралдарының өткізу қабілетін арттыру бойынша ортақ көзқарас білдіріп, бірлескен кеңесулер өткізуге келісті.

Қытай корпорациясы қазақстандық газды жеткізу туралы келісімнің орындалу барысын жоғары бағалады. Сонымен қатар 2019 жылдың аяғына дейін «Қазақстан-Қытай» МГҚ «А» және «В» екі тармағының қуатын кезең кезеңмен ұлғайтуға шешім қабылданды.

Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауды кеңейту үшін жаңа компрессорлық станцияларды салу және қолданыстағыларын жаңғырту есебінен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ қуатын ұлғайту жоспарлануда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті Қ.Шәріпбаев қазақстандық газды Қытай Халық Республикасына жеткізудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесі газ тасымалы мен экспортты кеңейтуге дайын екенін айтты. – «Қазақстандық газдың Қытайға экспорты екі мемлекет басшыларының уағдаластықтары мен бірлескен жобаларды дамытуға және іске асыруға ықпал ететін екі ұқсас «Нұрлы жол» және «»Бір белбеу – бір жол» Қазақстан мен Қытай бағдарламаларының арқасында мүмкін болды» - деп мәлімдеді.

Қытай тарабы қазақстандық газды шығысқа экспорттау ісін ұйымдастыруға және әріптестік деңгейіне жоғары баға беріп отыр. Қазақстандық газдың Аспан асты еліне экспорты 2017 жылғы 15 қазанда басталған болатын.

2017 ж қорытындысы бойынша «Орталық Азия - Қытай» трансұлттық газ құбыры арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалданған ортаазиялық елдердің газ көлемі 13,4 %-ға артып, 38,7 млрд текше метрге жетті. 2009 жылы іске қосылғалы бері осы халықаралық газ құбыры арқылы Қытайға тасымалданған газ көлемі 203 млрд текше метрден асып түсті.

28.02.2018
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ 2017 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ
Әрі қарай оқу
01.02.2018
Қазақстанның газ саласы посткеңестік елдер арасында ең үздігі деп танылды
Әрі қарай оқу
25.01.2018
«ҚазТрансГаз» АҚ мен оның еншілес компаниялары «Танылған кемелділік» EFQM Еуропалық сапа сыйлығы сертификатын алды
Әрі қарай оқу
15.01.2018
Қытайға экспортталатын қазақстандық газ көлемі жылына 10 млрд текше метрге жеткізіледі
Әрі қарай оқу