"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҚАРАӨЗЕК» КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
03.07.2017

 Қызылорда облысында «Қараөзек» жоғары технологиялық газ компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді.  Салтанатты рәсімге Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз» АҚ-ның басшылығы қатысты.

«Қараөзек» жаңа станциясы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан 944 шақырымда орналасқан, осы жылғы сәуірде Ақтөбе облысында пайдалануға енгізілген «Бозой» станциясынан қосарлы жұмысқа есептелген. Станцияның мүмкіндігі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының өткізгіштік қабілеттілігін 10 млрд. текше метр газға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «Қараөзек» КС құрылысы Қазақстанның астанасы Астананы және солтүстік өңірлерді  алдағы газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Бұл мақсатты орындауға станция қуаты толығымен жетеді.    

Станцияны іске қосу салтанатында сөз сөйлеген Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңір үшін осы объектінің маңыздылығын атап өтті. «Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар - "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Мемлекет басшысының бізге жасаған тікелей қамқорлығы. Аталмыш станцияның іске қосылуы газ саласы қызметкерлерінің Астана күніне жасаған сыйы, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа компрессорлық стацияны іске қосу салтанатында сөйлеген сөзінде.   Бұдан басқа жаңа объектілерді пайдалануға енгізу жаңа жұмыс орындарын құруды болжайды, халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыруға ықпал етеді» - деді облыс әкімі.

«Қараөзек» және «Бозой» компрессорлық станцияларынсыз, қазақстандық газдың Қытайға экспортын жүзеге асыру және елдің оңтүстігіндегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес. Уақыт көрсеткеніндей, бұл дер кезіндегі шешім болды. Таяу арада ғана біз Қытаймен жылына 5 млрд. текше метр отандық газ экспорты туралы меморандумға қол қойдық. Бұдан басқа ҚазТрансГаз «Қарөзекті» салу мерзімін жоспарланғаннан жарты жыл ерте аяқтады  және ҚазТрансГаз компаниясының ішкі резервінен газ айдаушы қондырғыларды қолдану есебінен миллиардтаған қаржы үнемдеуге қол жеткізді.

Жаңа станция газ айдаушы агрегаттармен, жаңа технологиялар негізінде әзірленген және жұмыстың күрделі режимдерінде пайдалануға арналған соңғы буындағы қосалқы жабдықтармен  жабдықталған. Жобаны іске асыру шеңберінде сонымен қатар газ құбырлары, газды есепке алу торабы және басқа да инфрақұрылымдық объектілер салынды.

Станцияның негізгі элементі жұмыстың ең күрделі режиміне арналған  «Solar Turbines» америкалық компаниясының жоғары технологиялары негізінде әзірленген үш газтурбиналық қондырғылар  болып табылады.  Барлық үш агрегатты пайдаланған кезде компрессорлық станцияның өнімділігі тәулігіне 43,5 млн. текше метр газды құрайды.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін  кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу