"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ҚАЗТРАНСГАЗ ЕҚДБ -МЕН БІРЛЕСІП ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГАЗ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТАТЫН БОЛАДЫ
18.04.2018

 «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти газ секторындағы реформалар және газ саласын дамыту бойынша ынтымақтастық қатынастардағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

ЕҚДБ мен «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум газ нарығының жұмысын жақсартуға, сондай-ақ қажетті реформалар мен бағалардың ашықтығы арқылы ең жақсы халықаралық тәжірибеге сәйкес энергетикалық сектордың анағұрлым кең дамуына бағытталған, бұл бәсекелетіктің күшеюіне және газ жеткізілімдерінің сенімділігіне әкеледі. Инвестициялар сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, өңірлік теңсіздіктерді жою, ресурстарды пайдаланудың жалпы тиімділігін жақсарту және парниктік газдар шығарындыларының деңгейін төмендету үшін маңызды. Олар ЕҚДБ-ның «жасыл» экономикаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жасыл экономика Тұжырымдамасына сәйкес келеді және сол арқылы Қазақстанның тұрақты өсуіне ықпал ететін болады.

ЕҚДБ және ҚТГ Қазақстанның газ және энергетикалық секторларында реформалар жүргізу және орнықты энергетикаға, атап айтқанда жаңа өңірлерді газдандыруды, қолданыстағы активтерді жаңғыртуды және ілеспе мұнай-газын өңдеу мен газ-моторлық отын нарығын дамыту сияқты жаңа нарықтарды дамыту жөніндегі инвестицияларды сәтті іске асыру мүмкіндігін қарастыруға дайын.  

«ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев «Меморандум Мемлекет басшысы Н.Назарбаев газ саласы алдына қойған міндеттерді шешуге ықпал ететін болады. – Бүгінгі күні ең заманауи газ саласы жүйесіне ие болып отырмыз және магистральдық газ құбырының ұзындығы бойынша да, тауарлық газдың транзиті бойынша да Орталық Азиялық өңірде көшбасшы орында тұрмыз. Барлық жаңа жобалар біздің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған»,- деді Қайрат Шәріпбаев.

«ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді) отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газэнергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ қоймаларын салу, пайдалану және қаржыландыруды жүзеге асырады.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу