"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ экологияны сақтауға қосқан үлесі үшін «Парыз» сыйлығын алды
11.12.2018

«ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторының компаниялар тобына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсында «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша гран-при сыйлығының иегері атанды.

«Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен марапаттау еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында, Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болып өтті.

Лайықты награданы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев табыс етті. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстан Республикасы газ тасымалдау жүйесінің ұлттық операторы болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру – компанияның жұмысындағы ажырамас бөлігі, және оның қорытындысы бойынша жыл сайын экологияға жағымсыз әсерлер азайтылуда.

Соңғы бірнеше жыл ішінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ атмосфераға түсетін ластаушы заттардың және парниктік газдардың шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асырды.

Компания Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да қоршаған ортаның интеграцияланған менеджмент жүйесі жұмыс істейді, ИСО 14001 (МС ISO 14001:2004) халықаралық стандарттары енгізілген. Елдің газ тасымалдау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттарының бірі «Оларды пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру» болып табылады.

«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына  газды және оның өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. 

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу