"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ҚазТрансГаз Қытай Даму Банкінен алған қарыз бойынша 500 млн. АҚШ долларын мерзімінен бұрын өтеді
24.12.2018

«ҚазТрансГаз» АҚ 500 млн. АҚШ доллары сомасына алынған банктік қарызды мерзімінен бұрын өтеп, несие мерзімін 2 жылға қысқартты.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес ұйымы «Азиялық Газ құбыры» ЖШС «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырын салу жобасын іске асыру мақсатында 2008 және 2012 жылдары Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының 100%-дық корпоративтік кепілімен жалпы сомасы 10,2 млрд. АҚШ долларына синдикатталған банктік қарыз алды.

Бүгінгі таңда екі қарыз бойынша берешек сомасы 5,2 млрд. долларын құрайды. Осы кезең ішінде «ҚазТрансГаз» АҚ борыштық жүктемені төмендетуге бағытталған бірқатар мәмілелерді табысты жүргізді, оның нәтижесінде осы қарыздар бойынша борыштық міндеттемені 5 млрд. долларына азайтты, оның ішінде мерзімінен бұрын – 1 млрд. 450 млн. доллары өтелді.

2018ж. 20 желтоқсанда «ҚазТрансГаз» АҚ қосымша 800 млн. долларын өтеді, оның 500 млн. доллары – мерзімінен бұрын. Мерзімінен бұрын өтеу қарыздар бойынша 600 млн. астам АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді, ал қарыз қайтару мерзімі 2 жылға қысқартылды.

«Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры іске қосылғалы бері 250 млрд. текше метрден астам ортаазиялық газ тасымалданды және 11 млрд. доллардан астам қаражат түсті.

«Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры отандық газ саласындағы ең ірі халықаралық газ тасымалдау жобасы болып табылады. «А», «В» және «С» желісінің әрбірінің ұзындығы 1310 километрді құрайды. Магистраль жұмысы басталған күннен бастап 2008 жылы 16 индустриальдық, жоғары технологиялық объектілер бой көтеріп, іске қосылды, оның ішінде 13 компрессорлық станция. Осы күні газ құбыры бойынша 250 млрд. текше метрден астам газ тасымалданды. "ҚазТрансГаз" АҚ - Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы.

«ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: 7(7172) 55 23 16

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу