"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
14.12.2018

 «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты іс-шара өткізілді.    

Отандық газ саласы қызметкерлерін басты мемлекеттік мерекемен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Шәріпбаев құттықтады. 

- Әр халық үшін, әрбір адам үшін өмірдегі ең құнды нәрсе – тәуелсіздік болып табылады. Бұл мереке барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды!  Еліміз жүріп өткен жолы, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы, оның әлемдік аренаға нық қадам басуы, дамуы – Мемлекет басшысы, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің арқасы – деп айтып өтті Қайрат Шаріпбаев өз сөзінде.

Ол сонымен қатар, осы жылы қазақстандық газ саласы  бірден бірнеше атаулы мерекелерді атап өтетіндігін ескертті, оның бірі «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры жұмысына 10 жыл толуына орай мерекеленеді.

- Газ саласы тарихында бұл бірден бірнеше мемлекетті – Түркіменстанды, Өзбекстанды, Қазақстанды, Қытайды байланыстыратын   және барлық мүдделі тараптардың  талаптарына жауап беретін керемет халықаралық мега жоба. Қытай Халық Республикасының «Бір белбеу және бір жол» халықаралық бастамасының және «Нұрлы жол» қазақстандық мемлекеттік бағдарлама шеңберінде біздің күш-жігеріміз трансконтинентальдық транзиттік және сауда-экономикалық жолдарды одан әрі кеңейтуге бағытталған, - деп ескертті Қайрат Шәріпбаев. 

«Қазақстан-Қытай» газ магистралі 10 жыл ішінде өз жұмысын тек қана тиімділікпен емес, сонымен қатар біздің мемлекеттеріміз үшін маңызды экономикалық және геосаяси маңыздылығын көрсетті. Мысал ретінде, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қытайға экспортқа 5 жыл ішінде 50 млрд. текше метр қазақстандық газды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғандығын айтып өтті. Бұл ұзақ мерзімдік шарт Қазақстанға 10-нан астам миллиард доллардан астам мөлшерде валюталық пайда  әкеледі.

Іс-шара қатысушылары аяқталып келе жатқан жылдың басқа да маңызды оқиғаларымен ерекшеленді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай «С» желісінің №5 және №7 компрессорлық станциялары пайдалануға енгізді. Жұмысы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының қуатын 10 млрд.-тан 15 млрд.-қа дейін арттыратын  «Арал» КС қосылды. Осы объектілердің барлығы тым қысқа уақытта тұрғызылғандығы ерекше ескерілді. Осы барлығы «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы мен «ҚазТрансГаз»  Ұлттық газ операторының жетістіктері.                                                                                                                                         

«ҚазТрансГаз»  АҚ компаниялар тобы барлық өндірістік көрсеткіштерді орындады. Бұл ретте ұлттық оператор осы жылы рекордтық табысқа қол жеткізді.

Индустрияландыр күніндегі тағы бір жағымды жаңалық «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ға экологияға қосқан үлесі үшін «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың  бас жүлдесінің тапсырылуы болды.

Осы жетістіктердің барлығы Мемлекет басшысының елдің көліктік және транзиттік әлеуетін арттыру, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайту туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Қайрат Шәріпбаев айтып өткендей, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 2018 жылғы жоспары орындалды және осының барлығы компания ұжымының ұйымшылдығының арқасы.

Салтанатты рәсім газ саласының үздік қызметкерлеріне  мемлекеттік наградалар мен құрмет грамоталарын тапсырумен жалғасты.

Қоғамның үздік қызметкерлеріне «Құрмет» ордені, ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы»  ордені,  "Ерен еңбегі үшін" медалі, "Астана 20 жыл" мерейтойлық медалі, ҚР Энергетика министрлігінің "Мұнай - газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі, ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы,   «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ естелік белгілері, ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ Құрмет грамотасы, алғыс хаттары тапсырылды. Компаниялар тобы бойынша барлығы 350-ден астам қызметкер марапатталды.

«Құрмет» орденімен:

Айдосов Галым Аллаярбекович - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары

 

Толстобров Александр Владимирович - "Интергаз Орталық Азия"   АҚ «Алматы» магистральдық газ құбыры басқармасы» филиалы директорының бірінші орынбасары 

 

Маханова Зауреш Едыгеевна - «ҚазТрансГаз» АҚ кеңсесінің басшысы

 

Джанабаев Ерен Джапарович - «ҚазРосГаз» ЖШС Бас директорының орынбасары

 

Жолдасбеков Ержан Нуркасымович - «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС «Алматы» өндірістік филиалының жүргізушісі

 

 

ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен:

Курушин Владимир Сергеевич  -        «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Қостанай өндірістік филиалы «Рудный» көлік учаскесінің құбыр салғыш машинисі

                          

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Кенетаев Аман  - «Тараз» магистральдық газ құбыры басқармасы «Ақыр-Төбе» жер асты газ сақтау сығымдау компрессорлық станциясы технологиялық компрессорлар машинисі

«Астана 20 жыл» мерейлі медалімен:

Нығмет Самат Ермекұлы  - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбыры басқармасы авариялық және авариялық-жөндеу учаскесіндегі жөндеу жұмыстары қызметінде газ қиюшы.

Скаков Ермек Башарович - «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС «Тараз» өндірістік филиалының директоры

 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Құрмет грамотасы:

Касенов Сабит Сакенович - «ҚазТрансГаз» АҚ жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің басшысы

Сабит Айбат Аянұлы - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ орталық бухгалтерия ақша ағынын жоспарлау тобының бас менеджері

 

 «ҚазМұнайГаз»  ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен мыналар марапатталды:  

Бактыгереев Жетписбай Айдаркулович – «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» магистральдық газ құбыры басқармасы» «Бозой» Арал желілік-өндірістік басқармасы филиалы   «Бозой» жер асты газ сақтау сығымдау компрессорлық станциясы технологиялық компрессорларының машинисі. 

Байтуганов Есенгелды - «Интергаз Орталық Азия»  АҚ «Ақтау» магистральдық газ құбыры  басқармасы»  филиалы Оперненск желілік-өндірістік  басқармасы ЭХҚ қызметінің жер асты құбырларын тотығудан қорғау бойынша монтері

Серещева Анна Анатольевна - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбыры басқармасы» филиалы Алматы газ шаруашылығының  газ желілерін пайдалану қызметі жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі (тексеріп қараушы)

Кошкимбеков Елдос Ашимбекович - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы ішкі бақылау бөлімінің бастығы      

Абдилдиев Сансызбай Тухпатович - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы Мақат газ шаруашылығының директоры

Таженов Туремурат Елеуович - "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС Атырау өндірістік филиалы автомобиль жүргізушісі

Чемпеков Боронбек Бекасилович - "Азиялық газ құбыры" ЖШС №4 компрессорлық станциясы электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері

Куандыков Бауржан Тлектесович - " Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС өндірістік-техникалық департаменті «Бейнеу» ГӨС жетекші инженері

Кирабеков Султанбек Саниович - «Амангелді Газ» ЖШС Шу-Сарысу өндірістік филиалы 5-разрядты электр дәнекерлеушісі

Арыстангулова Гульжан Сембыевна - "ҚазРосГаз" ЖШС экономикалық талдау және бюджеттеу департаментінің жетекші маманы

 

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісімен мыналар марапатталды:

Узенбаев Марат - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбыры басқармасы»  филиалы тарату газ шаруашылығы Қазтал ауданы газ шаруашылығының газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметі жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь

Костюченко Татьяна Викторовна - "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы  

Иванько Иван Николаевич - "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС Ақтөбе өндірістік филиалы  Ақтөбе көліктік учакскесінің автомобиль жүргізушісі

«Жумагалиев Асет Нуржауович - «Амангелді Газ» ЖШС Шу-Сарысу өндірістік филиалы 5-разрядты мұнай және газ өндіруде пультты басқару операторы

Имамбаев Сабир Кенжабаевич - "Азиялық газ құбыры" ЖШС «Алматы»  газ тасымалдау басқармасы (ГТБ) желілік құбыршысы

 

Тунгышбаев Ильяс Жанатович – «Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС Өндірістік-техникалық департаменті өндірісті техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің бастығы

 

«ҚазТрансГаз» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары қызметкерлерінің көпшілігі  «ҚазТрансГаз» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу