Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
СЕНІМДІЛІК – ШЕБЕРЛІК БЕЛГІСІ."ҚАЗТРАНСГАЗ" АҚ "YЗДІК МАМАН-2019" КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ
20.06.2019

 Газ саласының мамандары бірден 15 кәсіп бойынша үздік маман атағына жарысты. 

ҚазТрансГаз ұлттық газ операторы  "Yздік маман-2019",  дәстүрлі конкурсының қорытындыларын шығарды, жеңімпаздар бірден 11 номинация бойынша анықталды.

"ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобында бейсенбіде  "Үздік маман-2019" жұмысшылардың кәсіби шеберлігінің дәстүрлі конкурсы аяқталды.

Ағымдағы жылы газ саласының мамандары үздік атағыны бірден 15 кәсіп бойынша жарысқан болатын, Былтырғыдай конкурс екі кезеңнен тұрды, оның біріншісі "Мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор", "Бұрғылаушы", "Бұрғылаушының көмекшісі" және "Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор", Жамбыл облысындағы «Ақыртөбе» жер асты газ сақтау қоймасының базасында сәуірде аяқталды. 

Екінші, конкурсты  аяқтайтын кезең 11 кәсіпті қамтыды және Қызылорда облысындағы «Қараөзек» жаңа компрессорлық станциясының базасында  18 маусымнан бастап 20 маусымды қоса алғанда өтті, Бұл жерде үш күн ішінде конкурсқа қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік   қағидаларын сақтау саласындағы білімдерін көрсетуге тиіс болды. 

Қорыта келгенде, жарыстар нәтижелері бойынша 11 кәсіптік номинациялардың жеңімпаздары анықталды: 

1. "Технологиялық компрессорлардың машинисі" - Ерболат Құжамұратов (Қызылорда);

2. "Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь" - Самат Жұбаниязов (Ақтау);

3. "Желілілк құбыр өткізуші" - Төлеген Сатарқұл (Шымкент);

4. "Газ тарату станцияларының операторы" - Виталий Семёнов (Қостанай);

5. "Жер асты құбырларын тотығудан қорғау жөніндегі монтер" - Игорь Иванов (Қостанай);

6. "Электр қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электромонтер" - Асланбек Қодаров (Орал);

7. "Электрмен газ дәнекерлеуші" - Пирмаханбет Данчаев (Тараз);

8. "Газ қиюшы" - Жамал Нұртяқов (Шымкент);

9. "Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарь " - Нұрлан Шадманов (Атырау);

10. "Газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь" - Досжан Қазанқап (Алматы);

11. "Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі" - Данияр Сидаков (Ақтөбе)

Конкурстық комиссия төрағасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Мұқатай Шаңбатыров айтып өткендей, "Үздік маман-2019"  конкурсының басты мақсаты – бұл бір компанияда жұмыс істейтін және ауқымды аумаққа қызмет көрсететін  мамандардың бетпе бет кездесуі, сондай-ақ  саланың үздік жұмыскерлерін анықтау және көтермелеу. 

- Осы күндер ішінде мамандар көптеген кәсіби мәселелерді талқылады және олар жұмыста алған білімдерін талдады. Бір сөзбен алғанда «Үздік маман» конкурсы компанияның корпоративтік дамуының маңызды элементі болып табылады.  Конкурсқа қатысушылар дайындықтың жоғары нәтижесін көрсете білді, ал олардың жұмысының сапасы табиғи газды үздіксіз және авариясыз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Мұқатай Шаңбатыров. 

Дәстүрлі конкурс жыл сайын өткізіледі және екі кезеңнен тұрады: біріншісі филиалдарда, екіншісі жалпы ҚТГ деңгейінде өткізіледі, екінші кезеңге бірінші іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар қатысады. Бұл ретте, әрбір кәсіп бойынша бірден үш жүлдегер айқындалады, одан әрі олар  «ҚазМұнайГаз» бас компания  конкурсына қатысуға жіберіледі. 

"ҚазТрансГаз" АҚ-да конкурстың негізгі мақсаты кәсіби шеберлікті жетілдіру, сондай-ақ жұмыс кәсібінің танымалдылығын арттыру болып табылады.  Компания, осындай конкурсты өткізу фактісі жұмыс кәсіптеріне оқыту және жұмыспен қамту үшін жастарды тартуға ықпал ететіндігіне сенімді, бұл Қазақстандағы Жастар жылында ерекше өзекті мәселе болып тұр.  

 

29.08.2019
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да бірінші жартыжылдықтағы өндірістік-қаржылық қызметінің қорытындылары шығарылды
Әрі қарай оқу
29.08.2019
«ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Әрі қарай оқу
09.08.2019
Fitch «ҚазТрансГаз» АҚ мен оның еншілес компанияларының рейтингін «BBB-» деңгейінде растады
Әрі қарай оқу
05.08.2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГАЗ МАМАНДАРЫ #BIRGE #TAZAQAZAQSTAN ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Әрі қарай оқу