"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Таразда газ тарату желілерін жаңарту аяқталып келеді
25.12.2019

 Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ, Тараз қаласының газ тарату желілерінің 2019 жылға белгіленген ауқымды жаңғырту жұмыстарын толығымен аяқтады.

Жобаның негізгі мақсаты – тұтынушыларға газ жеткізудің сенімділігін арттыру үшін газ желілері мен жабдықтарын толық жаңарту. Облыс орталығы жарты ғасырдан астам уақыт бұрын газдандырылған болатын және жаңғырту жұмыстары басталған кезде таратушы газ құбырлары мен жабдықтардың 66%-ның тозығы жеткен еді. Шұғыл шараларды қолға алмаса, апаттар мен газ берудегі үзілістердің  болуы анық еді.

Тараз қаласының газ тарату жүйесін жаңғырту жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мақұлдаған инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Жобаға сай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы жұмыстарды екі кезеңге бөліп атқаруда. Жобаның бірінші кезеңінде 712 шақырым газ құбыры тартылды, 14 660 жеке шкаф орнатылды, 23 233 абонент газға қайта қосылды.

2017 жылы басталған жобаның 2-кезеңінде газ тарату кешенінің барлық нысандары іске қосылды, 82 шақырым газ құбыры тартылды, 2532 жеке шкаф орнатылды, соның арқасында 3518 абонент жаңа жүйеден газ ала бастады.

Жобаны жүзеге асыру барысында қаланың жеке секторында 899 км ескірген газ құбыры ауыстырылды. Бұл тұтынушылар арасындағы газдың жеткіліксіз қысымы мәселесін шешуге, газбен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілеттілігін бір жарым есе арттыруға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, Тараз – Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ инвестициялық жобалары аясында ескірген газ тарату желілері толықтай жаңартылып жатқан Шымкенттен кейінгі екінші ірі қала. Жүргізілген жұмыстар газ құбырларының өткізу қабілеттілігін ұлғайтып қана қоймай, оңтүстік аймақтағы екі ірі қаланың бүкіл газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Жаңартылған жүйе барлық тұтынушыларға газды үздіксіз жеткізіп отырады, шағын және орта кәсіпорындардың, коммуналдық мекемелердің жұмысын тұрақты қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы газ құбырларының жалпы ұзындығы шамамен 5 мың шақырым, оның ішінде Тараз қаласында 1510 шақырым. Сонымен қатар, облыстың Талас, Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай аудандары газдандырылған.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу