Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ
28.02.2020

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Валентин Хван еңбек ұжымына компанияның 2019 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынды.

2019 жылы компания барлық алға қойған мақсаттарына қол жеткізді және маңызды міндеттерді орындады:

- Өндірістік бағдарламаның 2019 жылғы газ тасымалдау көлемдері бөлігіндегі параметрлері толығымен орындалды. Жоспар бойынша 72,4 млрд. м³, факт 73 млрд. м³, немесе жоспардың 101% құрады;

- ӨҚжЫ газ шығыны 13%-ға азайды;

- оңтайландыру бойынша бағдарламаны енгізу және бақылау дәрежесін арттыру арқылы энергияны тұтыну бойынша шығындар 32%-ға азайды;

- «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ-да үш жаңа компрессорлық станция пайдалануға берілді және газ құбырының өткізгіштік қабілетін 15 млрд. м³ дейін арттыруды қамтамасыз ететін «Үстірт» КС-1А құрылысы аяқталды;

- «Интергаз Орталық Азия» АҚ пайдасына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-дан газ концессиясының активтерін беру бойынша жұмыстар аяқталды.

Тиімді менеджмент бойынша шаралар кешені, сондай-ақ магистральдық газ құбырларының желілерін жөндеу және жаңарту бойынша шұғыл жұмыстар компанияға тасымалдау жоспарын орындауға және барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсуге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелеріне және өткен жылдың негізгі оқиғаларына тоқтала келе, Валентин Хван компанияның кадрлық, әлеуметтік және жастар саясатының іске асырылуы туралы айтты.

Мысалы, 2019 жылы компанияның жұмысшы кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын тапты. Есептік кезеңде 9 603 адам өз Оқу-курстық комбинатымыздың базасында оқытудан өтті, бұл жоспарлы көрсеткіштен 8%-ға жоғары. Енгізілген аралық және онлайн-оқыту компанияға іссапар шығындарын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік берді.

2019 жылы кадрлық персоналды ротациялау 592 қызметкерді құрады, соның ішінде тігінен ауыстыру - 276 қызметкер және көлденеңінен ауыстыру - 316 қызметкер. Кадрларды ротациялау кезінде компанияның кадрлық резервінде тұрған қызметкерлер мен қызметкерлер әлеуетін бағалау кезінде жоғары нәтижелер көрсеткен жұмысшылар қарастырылды.

Еңбек ұжымына арнаған сөзінде Бас директор бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Және жемісті еңбек етіп, өзін өзі дамытып, техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтайтын және компанияның дамустратегиясын іске асыруға ұмтылатын әрбір қызметкер кадрлық ротациялауға қатыса алады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ кадрлық саясатын іске асыру шеңберінде өз кадрлық құрамының еңбегін ынтыландыруды күшейту саласында белсенді жұмыстар жүргізуде. Жыл сайын компанияда «Үздік маман» кәсіби шеберлік конкурсы өткізіледі. 2019 жылы конкурс екі өңірде болып өтті: Тараз қ. «Ақыртөбе» ЖАГҚ базасында 4 жұмысшы мамандығы бойынша және Қызылорда қ. «Қараөзек» КС базасында 11 жұмысшы мамандығы бойынша. Конкурс қорытындысы бойынша 118 қатысушының ішінен 45 жүлдегер анықталды, оларға бір күнтізбелік жылға компания қаражаты есебінен әрбір мамандық бойынша тарифтік мөлшерлемелеріне үстеме ақы белгіленді.

Сонымен қатар, компанияның кадрлық әлеуетін дамытудың негізөгі элементі корпоративтік жастар саясатын жүйелі іске асыру болып табылады, оған сәйкес компанияда жыл сайын бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

Мысалы, 2019 жылы Қазақстандағы жастар жылы шеңберінде компанияда «Интергаз жастары – өзгереміз және алға ұмтыламыз» атты ауқымды жылдық іс-шаралар жоспары іске асырылды. Жыл бойына әлеуметтік және корпоративтік бағдарламалар бойынша көптеген іс-шаралар болып өтті: түрлі инновациялық білім тренингтері, «Жасыл қала – жасыл ауыл» сенбіліктері, «Мейірімділіктің даңғыл жолы» акциясы, «Ұлы жылдарға тағзым» конкурсы, «Жастар отбасылық өмірде – ИОА жас отбасы» ұйымдастырылды, Филиалдардың жастары арасында алғаш рет жазғы спартакиада болып өтті және т.б.

Жас мамандар слеті компанияның ізгі дәстүрлерінің бірі болып үлгерді, слет 2019 жылы елордада кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күнінде және қазастандық мұнайдың 120 жылдығына орай өткізілген болатын. Слет қорытындысы бойынша «Үздік инновациялық жоба» конкурсының әзілқазылар алқасы жас мамандармен ұсынылған 4 үздік инновациялық жобаны анықтады, бұл жобалар шынайы өндірістік қызметке енгізілмек.

2019 жылы компания әлеуметтік саясатты іске асыру шеңберінде қызметкерлер алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толығымен орындады, еңбек ақыларынан бөлек, өндірістік көрсеткіштерді орындағаны үшін мынадай сыйлықақы төлемдерін уақытылы төлеуді жүргізді: қызметкерлерге материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік кепілдіктер, өтемақылық төлемдер, біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар. Компанияның барлық филиалдарында «Наурыз мейрамы» мерекесіне, Жаңа жылды қарсы алуға арналған мерекелік іс-шаралар, соның ішінде балаларға арналған жаңажылдық мерекелер өткізілді.

Жыл сайын жасалатын науқастану жағдайында ерікті медициналық сақтандыру шартының шеңберінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері жайлы жағдайларда жоғары сапалы медициналық көмекті алу және ең заманауи технологияларды қолданып қымбат тұратын диагностикалау және емдеу түрлерін пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр. 2019 жылы 7 458 қызметкер сақтандырылды. Салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты, белсенді демалыс пен қызметкерлер денсаулығын нығайтуды насихаттау мақсатында, компания спортпен шұғылдану үшін барлық жағдайларды жасап отыр, сондай-ақ жыл сайын санаторлық-курорттық емдеу мен демалыс кезінде сауықтыруларға жеңілдікпен жолдамалар беріледі.

Есептік кездесу барысында Валентин Хван қызметкерлерге 2020 жылдың «Интергаз Орталық Азия» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жылы болып жарияланғанын хабарлады, оның негізгі мақсаттары:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экологияны басқару процестерін автоматтандыру және цифрландыру;

- апаттардың, оқиғалардың және жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздіктің оң мәдениетін құру;

- барлық мүдделі тараптар (бөлімшелер, құрылымдар) арасындағы тиімді коммуникациялар;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша барлық деңгейдегі басшыларды ынталандыру және оқыту;

- жедел әрекет ету және ақпарат алмасу үшін барлық лауазымдар деңгейінде «ашық диалог» жүйесін әзірлеп, енгізу.

Жыл бойына бірқатар іс-шаралар жоспарлануда, олардың ішінде қызметкерлердің «Салауатты өмір салты» әлемдік челенджіне қатысуы, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу (сенбіліктер, ағаштар отырғызу, өзен жағалауларын тазалау және т.б.), «Парамедик» сертификатын берумен «Дәрігерге дейінгі кезек күттірмейтін медициналық көмек» бағдарламасы бойынша огқыту және т.б. бар.

Еесеп қорытындысы бойынша, Бас директор бүкіл ұжымды атқарған жемісті еңбектерімен құттықтап, ағымдағы жылы компания тұрақтылықты сақтап, қызметтегі жоғары көрсеткіштерді төмендетіп алмау үшін бұдан да жақсы еңбектенуі қажеттігін атап өтті. Өз тарапынан компания әрбір қызметкерге өз әлеуетін іске асыру үшін жақсы еңбек жағдайларын, толық әлеуметтік пакетті және лайықты еңбекақыны алуына бар мүмкіндіктерді жасайтын болады.

Кездесу шеңберінде қызметкерлер компания басшылығына сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ұсыныстар мақұлданып, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

26.03.2020
Интергаз Орталық Азия экологиялық жауапкершілік саласындағы көшбасшы
Әрі қарай оқу
24.03.2020
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жедел штабтың отырысын өткізді
Әрі қарай оқу
20.03.2020
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ А.АЙДАРБАЕВТЫҢ КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАҒАН ҮНДЕУІ
Әрі қарай оқу
17.03.2020
Коронавирус инфекциясын алдын алу жөніндегі шаралар туралы
Әрі қарай оқу