"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Интергаз Орталық Азия экологиялық жауапкершілік саласындағы көшбасшы
26.03.2020

«ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық газ операторының еншілес компаниясы болып табылатын «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларының ашықтығы рейтингінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес компаниялары арасындағы экологиялық жауапкершілік саласында 1-ші орынды иеленді.

Посткеңестік кеңістіктегі мұнай-газ компанияларының экологиялық ашықтығын тексеру 2014 жылдан бері Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (Ресейдің WWF) және CREON компаниялар тобымен «Здравый смысл» жобасы шеңберінде жүргізіліп келеді.

2017 жылы тексеруге Қазақстан Республикасының мұнай-газ компаниялары қосылды. Жобаны іске асырған 6 жыл ішінде ол өзінің нәтижелілігін дәлелдеді. Ресей мен Қазақстанның мұнай-газ компаниялары қоршаған ортаны қорғау саласында жаңа тәсілдерді енгізу және экологиялық менеджмент саласында процестерді оңтайландыру үшін көбінесе рейтинг нәтижелерін бағдарға алады. Биылғы жылы рейтинг Еуразиялыққа айналды (Ресей, Қазақстан және Әзірбайжан).

Биылғы жылы рейтингке өндіруші компаниялар ғана емес, сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қайта өңдеу мен тасымалдау бағыта бойынша жұмыс істейтін барлық еншілес компаниялары қосылды. 2019 жылғы рейтинг іріктеліміне Қазақстандағы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес кәсіпорындары (қатысу үлесі 50% кем емес) болып табылатын барлығы 17 мұнай-газ компаниясы кірді.

Бұл кіші рейтинг "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ерікті бастамасы болып табылатынын атап өткен жөн. Оның жасаудағы мақсат еншілес компаниялардың экологиялық ашықтығы мен «ішкі бәсекелестігін» арттыру болып табылады, ал бұл кәсіпорынның да, жалпы холдингтің де экологиялық менеджмент деңгейін көтеруге ықпал етуі тиіс.

Рейтингке арналған компаниялар тізімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін өндіру көлемімен айқындалды. Қорытындысында, «Интергаз Орталық Азия» АҚ 1-ші орын, «Ембімұнайгаз» АҚ 2-ші орын, «ҚазТрансОйл» АҚ 3-ші орын алды.

Рейтинг жыл сайын жүргізіледі. Бұл экологиялық көрсеткіштер динамикасын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ өзінің еншілес қоғамдарының жыл сайынғы бағалау жүйесіне есептеу критерийлерін қабылдады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясындағы гран-при лауреаты болып табылатынын атап өту керек. Компания Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің және қоршлаған ортаны қорғау саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да қоршаған ортаны қорғаудың интеграцияланған менеджмент жүйесі жұмыс істейді, ИСО 14001 (МС ISO 14001:2004) халықаралық стандарттары енгізілген. Елдің газ тасымалдау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттарының бірі «Оларды пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру» болып табылады.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу