Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«Самұрық-Қазына» қоры өз құрамына кіретін компаниялардың қызметкер қыз-келіншектері үшін «Көктем шуағы» байқауын ұйымдастырды. Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» МГҚБ филиалының Электрхимқорғау (ЭХҚ) жөніндегі жетекші инженері Гүлмира Ибрагимова көш бастап, алға оза шықты.
Іс-шараны өткізудің мақсаты өзінің мансап жолында жарқын кәсіби қасиеттерімен және жетістіктерімен ерекшеленген ең дарынды әйел қызметкерлерді анықтау және марапаттау болды.
Барлық қиын да күрделі іріктеу процесі бірнеше кезеңге бөлініп, шамамен бір айға созылды. Алдымен өз жұмысында ерекшеленген 55 үздік қызметкер таңдалды. Одан кейін викториналық сауал жүргізіліп, ең білімді 36 қатысушы анықталды. Соңғы кезең онлайн-дауыс беру болды, оның қорытындысы бойынша Қордың портфельдік компанияларының ең үздік 11 өкілі қалды.
Марапаттау рәсімінде «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова атап өткендей, Қор басшылығы әйелдердің мансаптық өсуі мен әлеуетін арттыру үшін барлық жағдайларды жасайды. «Көктем шуағы» байқауы біздің қызметкерлердің маңдай тері мен еңбегін мойындаудың бір мысалы болып табылады, өйткені персоналдың жалпы санындағы әйелдердің үлесі 28%-ды және 83 мыңнан астам адамды құрайды», – деді Ләззат Боранқұлова.
Конкурс көшбасшыларының бірі болған Гүлмира Ибрагимова «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да тура 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бұл «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы. Бұған дейін Ресей Мемлекеттік аграрлық университеті жанындағы Механика және энергетика институтын бітірген. Жеңімпаздың айтуынша, инженер-электрик мамандығы отбасылық дәстүр болып табылады.
Гүлмира Ибрагимованың міндетіне магистральдық газ құбырларын жерасты коррозиясынан тиімді қорғауды ұйымдастыру кіреді. «Менің ойымша, бұл ер адамның жұмысы. Бірақ қазіргі әлемде әйелдер әрдайым нағыз ер адамдыкі болып саналатын көптеген салаларда жұмыс істейді. Егер де сен өз күшіңе сенімді болсаң, тиімді болуыңа, өз міндеттеріңе толықтай жауап беруіңе және өз жеке басыңның ең мықты жақтарын қолдануыңа болады, онда сенің алдыңда барлық жолдар, кез келген мамандықтар ашық!» – деп сендірді Гүлмира Ибрагимова.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|