"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
МҰНАЙ-ГАЗ ФОРУМЫ ЖӘНЕ КӨРМЕСІ-2021
08.10.2021

Осы аптада Нұр-Сұлтанда энергетика саласының өкілдері үшін маңызды іс-шаралар - KAZENERGY ХIV Еуразиялық Форумы және KIOGE-нің 27-ші «Мұнай және газ» Қазақстандық халықаралық көрмесі өтті. Форумның негізгі сессияларының бірі бүгінгі күнгі ең өзекті отын түрі – табиғи газға арналды.

Елордада өтіп жатқан KAZENERGY Еуразиялық форумында мұнай-газ нарығының даму перспективалары мен қазақстандық газ саласының рөлі талқыланды. Форумның негізгі сессияларының бірі бүгінгі таңда ең өзекті отын түрі – табиғи газға арналды.

Телекөпір режимінде «Ресей мен Қазақстанның энергетикалық балансындағы газдың рөлі» сессиясы өтті. KAZENERGY-мен қатар Петербург халықаралық газ форумы ұйымдастырушылар болды.

Қазіргі уақытта газ мәселесі өте өзекті, өйткені көптеген мемлекеттердің саясаты энергия балансының құрылымын табиғи газдың пайдасына өзгертуге бағытталған. Бұл дәстүрлі энергия көздерінің ең перспективалы және болашақта жаңартылатын энергия көздерімен бәсекелесетін жалғыз көзі.

Сөз сөйлеген спикерлер отынның неғұрлым экологиялық таза түрлерінің бірі ретінде газды пайдалануды кеңейту әлемдік экономиканы декарбонизациялау және Қазақстан 2016 жылы қосылған климат туралы Париж келісімінің қолданылуы тұрғысынан ерекше маңызды деген пікірге келді.

Бұл туралы Қазақстанның Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков те айтты. Ол таяу болашақта ел ішінде газ тұтынудың болжамды өсімі жылына 25 млрд. текше метрге жететінін, ал 2030 жылға қарай ол 30 млрд.-қа дейін артатынын атап өтті.

Тұтынудың күрт өсуіне өңірлерді газдандыру, қайта өңдеу және газ химиясы зауыттарын салу, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың газға вуысуы және көмір орнына газ генерациясын пайдалану алып келеді. Бұл Қазақстан болашақта газ тапшылығын болдырмау мақсатында ресурстық базаны ұлғайту үшін барлық мүмкіндікті жасауға арналған шараларды қабылдауы қажет дегенді білдіреді.

Қазақстанда Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексте технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу мен авариялық жағдайдан басқа, кен орнын өнеркәсіптік игеру сатысында алауларда ілеспе газды жағуға тыйым салынған. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың шикі газды өңдеуді дамыту жөніндегі өндіру, қайта өңдеу, кәдеге жарату көлемдері және алауларда жағу параметрлері егжей-тегжейлі сипатталған бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі міндеті заңнамалық түрде белгіленген.

Осы бағдарламаны іске асыру барысында жағылатын газ көлемі 2006 жылғы 3 млрд.текше метрден 4 млн.-ға дейін қысқарды, бұл соңғы 15 жыл ішінде 8 есеге жуық. Бұл тұтастай алғанда ел өңірлеріндегі экологиялық жағдайға оң әсерін тигізді, ресурстарды ұтымды пайдалануға, оның ішінде ілеспе газды электр энергиясын және тауарлық газды өндіру үшін пайдалану есебінен монетизациялауға ықпал етті.

Қазіргі уақытта ірі өнеркәсіптік тұтынушыларды газға көшіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл өз өнімдерін шетелге, соның ішінде Еуропалық Одақ нарықтарына экспорттайтын ірі өндірушілер.

Біз барлығымыз Еуропалық Одақтың көміртегі шекара салығын енгізу жөніндегі бастамасын қарсы алуға дайындалып жатырмыз және көміртегі ізін азайту мен көмір генерациясынан газға көшу бойынша барлық осы іс-шараларды жүргізіп жатырмыз.

Экономиканың көлік секторын мотор отыны ретінде газды тұтынуға көшіру туралы да әңгіме болды. Сарапшылардың пікірі бойынша бұл процесс айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсерлермен бірге жүреді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының орынбасары Абзал Қисметовтың пікірі бойынша газ бен газ конденсатын геологиялық барлау, өндіру, тасымалдау, сақтау, қайта өңдеу және сатуды жүзеге асыру құқығымен Ұлттық газ компаниясын құру осы мәселедегі маңызды шешімдердің бірі болады.

Абзал Қисметов ұлттық оператордың заманауи технологиялар мен саланы цифрландыруды енгізуін жалғастыру тағы бір маңызды сәт деп санайды. Бұл процестер газ тасымалдау инфрақұрылымын пайдаланудың қауіпсіз және экологиялық процесіне кепілдік береді.

Ресей тарапының өкілдері маңызды тақырыпты қозғады. Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы Энергетика комитетінің төрағасы, Ресей газ қоғамының президенті Павел Завальный ЕАЭО ортақ газ нарығының энергетикалық теңгеріміндегі көгілдір отынның рөлі мен перспективалары туралы айтты. 

2021 жылғы 7 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік энергетикалық апта және KAZENERGY ХIV Еуразиялық форумы аясында өтіп жатқан «Әлемдік энергетикалық трилемма 2021 – компоненттер теңгерімі: энергетикалық өңірлер бойынша өзгерістер навигациясы» жаһандық пленарлық отырысында бейнеүндеу жасады. Президент атап өткендей, Қазақстан 90 елдің басшылары мен беделді тұлғаларының кездесу орнына тағы да айналды. «Глазгодағы COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі конференция қарсаңында біз қол жеткізілген нәтижелер мен ортақ болашаққа деген көзқарасымызды талқылау үшін жиналдық», - деп атап өтті Тоқаев.

Президент әлем дамудың жаңа фазасына өтіп жатыр деген пікір білдірді. Оның айтуынша, жаңа технологиялар қазбалы отыннан жаңартылатын энергия көздеріне, сутегі мен ядролық энергияға жаһандық энергетикалық ауысуды талап етеді.

Тоқаев өзінің саясатына сәйкес Үкімет энергия өндірісі, энергияны үнемді тұтыну, цифрландыру және тұрақты экономикалық өсу сияқты негізгі бағыттарда ілгерілеуге ықпал ететін бірқатар ұлттық жобаларды әзірлеп жатқанын айтты.

«Бұл әзірлемелердің бірінші кезектегі маңызы бар деп ойлаймын, өйткені олар бизнес жүргізу мен миллиардтаған адамдардың күнделікті өмірі үшін «жаңа нормаға» айналады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сөзінің соңында Қазақстан Президенті Форумның диалог алаңының бірегейлігін, ол жетекші сарапшыларға жаһандық мақсатқа – әлемге климаттың өзгеруін тоқтатуға көмектесуге арналған ағымдағы үрдістерді, болжамдар мен жоспарларды қарауға тамаша мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Мұнай және газ» - KIOGE 2021 халықаралық көрмесінде келушілер мұнай-газ және сервистік компаниялардың өнімдерімен және әзірлемелерімен таныса алды. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниясы да өз стендін қойды. Көрме қонақтарын Ұлттық газ операторының жұмысымен «Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік филиалдарының қызметкерлері және инженерлік-техникалық орталығының өкілдері таныстырды.

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев атап өткендей: «Көрме елімізге жаңа технологияларды тарту және ынтымақтастық үшін біздің кәсіпорындар арасында жаңа байланыстар орнату тұрғысынан өте маңызды іс-шара болып табылады».

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу