"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДАУЫЛДАН КЕЙІН ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
19.11.2021

 Тараз қаласы мен Жамбыл облысында болған дауыл салдарынан 550-ден астам әкімшілік ғимараты мен тұрғын үйдің шатыры қирап, 6523 метр газ құбыры зақымданды. Синоптиктердің мәліметінше, желдің екпіні секундына 30 метрден асқан.

Дауыл аймақтағы газ шаруашылықтарына да зиянын тигізді. Атап айтқанда, Байзақ ауданындағы газ шаруашылығының әкімшілік ғимараты, қоймалары мен гаражының шатырлары жұлынған. «Ақыртөбе» жерасты газ қоймасы орналасқан Т.Рысқұлов ауданында сорғы стансасының өндірістік ғимаратының шатыры қирады, Жамбыл облысында «Тараз» магистралдық газ құбырлары басқармасының желілік өндірістік бөлімі автокөлік цехының төбесі үңірейіп қалды.

Ұйытқып соққан жел салдарынан шатырлар зақымданып, билбордтар мен жол белгілері, ағаштар мен қоршаулар құлап, газ құбырларын майыстырды. Соның салдарынан 545 абонент газдан уақытша ажыратылды.

18 қараша күні кешке дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы жұмысшыларының күшімен барлық газ құбыры қалпына келтіріліп, абоненттер газға қосылды. Зақымданған газ желілерін сырлау, құбырлардың қисайған тіреуіштерін түзету сияқты жұмыстар толық аяқталғанша жалғасады.

30.11.2021
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ҮШ БІРДЕЙ ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАБЫ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
30.11.2021
ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫМЕН «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ҒА ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ
Әрі қарай оқу
30.11.2021
ҚАРАҒАНДЫ МЕН ТЕМІРТАУДА АЛҒАШҚЫ ТҰТЫНУШЫЛАР ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Әрі қарай оқу
25.11.2021
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақтөбе облысында тағы екі елдімекен табиғи газға қосылды
Әрі қарай оқу