"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақтөбе облысында тағы екі елдімекен табиғи газға қосылды
25.11.2021

 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Вознесеновка және Достық ауылдарына көгілдір отынды қосты.

Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Әсет Әбіләшев қатысты. Жыл сайын ауылдық жерлердегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға қомақты қаражат бөлінеді. Ұлттық оператордың арқасында өңірдің барлық аудан орталықтары газдандырылды. Енді шалғай кенттер мен ауылдарды газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жоба аясында елдімекендерге «көгілдір отынды» жеткізетін 30 шақырымнан астам газ құбыры салынды. Екі елді мекендегі ішкі жерасты газ тарату желілерінің ұзындығы шамамен 16 км. Қазіргі уақытта үйлерге газ кіргізуге қажетті газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Газ жеткізілген екі ауылдың бірінде 148, екіншісінде 112 абонент бар, ал тұрғындардың жалпы саны 1300 адамды құрайды. Сондай-ақ, 9 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газға қосылуға дайын.

              

Оңдасын Оразалин – Ақтөбе облыс әкімі

-         Өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға жыл сайын ауқымды қаржы бөлінеді. Бұған дейін барлық аудан орталықтарын газдандырдық. Вознесеновка ауылына дейін жол салдық. Енді міне газ жүргіздік. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғаса береді.

             

Әсет Әбіләшев - "ҚазТрансГаз Аймақ"АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры:

-         Қазіргі уақытта облыс бойынша газдандыру көрсеткіші 92,5 пайызға жетті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді. Газ – тұрмыста пайдалану үшін өте ыңғайлы отын. Бірақ қауіпсіздік туралы еш ұмытуға болмайды. Мұржаны уақытында тазалап, пештің түтін тартқыштығын үнемі тексеріп отыру керек. Газ жабдықтарын өздігінен жөндеуге, тасымалдауға болмайды. Міне, осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз – өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріне қауып төнбейді, үйіңізге жылу мен жайлылық орнайды.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі

 

Тел: 7(7172)-55 89 60

 

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу