"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ГАЗ САЛАСЫ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЕҢ БАСТЫСЫ – ҚАУІПСІЗДІК.
10.12.2021

10.12.2021. Мобильді қосымша енді газшыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды сақтау бойынша білім алуға көмектеседі. Мұндай бағдарлама «ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық компаниясында бизнес-процестерді цифрландыру шеңберінде әзірленді.

Енді газ құбырларында қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын алу үшін шалғай өңірлерден оқу орталығына келу міндетті емес. Мобильді қосымшаның тағы бір артықшылығы-сізге кез-келген ыңғайлы уақытта дайындалуға болады.

Мұндай ноу-хау өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізілген Шымкент қаласында таныстырылды.

Іс-шараға компанияның өндірістік филиалдарының бас инженерлері және еңбекті, қоршаған ортаны қорғауға және әлеуметтік-еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты мамандар қатысты.

Кездесу «Интергаз Орталық Азия» газ тасымалдау компаниясының оқу-курстық комбинаты базасында өтті және бірнеше сессиялар бойынша бөлінді. Бұл ретте, кездесу тек теория нысанында өтпей, қатысушылар қауіпсіздік дағдыларын практикада игерді. 

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Бақтияр Ізбасаров атап өткендей, практикалық дағдыларды алу – оқу комбинаты жұмысының басты міндеті. «Бұл жерде біздің жұмыскерлерді барлық мамандықтар бойынша оқыту үшін қажеттінің бәрі бар. Бұл магистральдық газ құбырларында жұмыс істегендей дағдылана алады және барынша шынайы жағдайға жақындатылған», - деп атап өтті Бақтияр Ізбасаров. 

Мұнда қызметкерлердің білімін бағалаудың дербес жүйесі де әзірленген. Бұл ретте, құрылымдық бөлімшелердің басшылары емтихан сынақтарынан алдын-ала өтіп, дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Өндірістік қызметтегі жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғау және сақтау – бұл сөзсіз басымдық. Бүгінгі таңда заманауи компаниялар осылай жұмыс істеуі керек. Сондықтан «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ-да еңбек жағдайларын бағалау үшін «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі» рәсімі қолданылады. Бұл қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын бағдарламалық-мақсатты қалыптастыруға және оларды үнемі жақсартуға бағытталған іс-шаралар, әдістер мен құралдардың кешені.

Бұдан басқа, «Интергаз Орталық Азия»-да ұйымға, жұмыс берушімен, жұмыскерлермен және кәсіподақпен бірлескен іс-қимылдарға қойылатын талаптарды белгілейтін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылды.

Мұндай мақсатты жұмыс назарсыз қалдырылмайды, газ тасымалдау компаниясының барлық өндірістік филиалдары еңбекті қорғау саласындағы табысты жұмысты растайтын «Сенім сертификатының» иегерлері болып табылады. 

Кеңесте коронавирустық инфекцияның өзекті тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ. Өткен жылдың наурыз айынан бастап, пандемияның өршіп тұрған кезеңінде компанияның барлық өндірістік филиалдарында барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қызметкерлерді вакцинациялау белсенді жүргізілді, қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қоспағанда, жұмыскерлердің жалпы санының 96,3%-ы екпе алды. Бұл отандық тұтынушыларға газды қауіпсіз және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге және экспорттық жеткізілімдер көлемін толық сақтауға мүмкіндік берді.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу