"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«Газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» стратегиялық жоспары бекітілді - «ҚазТрансГаз»
27.09.2015

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобын одан әрі дамытудың - «Газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» атты стратегиялық жоспарын әзірледі және бекітті. 

Бұл туралы «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамында және мұнай-газ секторындағы отандық кәсіпорындардың арасында осындай стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыратын алғашқы компания болып отыр.        

Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың стратегиялық бағдарламасында көрсетілген барлық қадамдар, жаңа бағыт-бағдарлар ғана емес, сонымен қатар ҚазТрансГаз компаниялар тобы жүзеге асырып отырған нақты іс-қимылдардан жасақталған. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 нақты қадамы шеңберінде компания қызметінен мемлекет үшін барынша пайда келтіруге мүмкіндік береді.  

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның стратегиялық бағдарламасы мынадай алты негізгі блоктан тұрады:

1.   Кадр саясатын және әлеуметтік саясатты жетілдіру

2.   Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

3.   Индустрияландыру және экономикалық өсу

4.   Инновациялық даму және прогрессивті техникалық саясат

5.   Ресурстық базаны ұлғайту

6.   Басқару жүйесін және бизнес-процестерді жетілдіру

Жоспарды іске асырудың басты мақсаттары - сұйытылған газ нарығы саласын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы газ секторының Ұлттық операторы болу, компанияның кредиттік және инвестициялық рейтингін жақсарту, инвестициялық тартымдылықты арттыру. Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан Үкіметі мақұлдаған елімізді газдандырудың Бас сызбасын табысты іске асыру «ҚазТрансГаз» АҚ-ның басым міндеттерінің бірі болып қала береді.   

 «ҚазТрансГаз» АҚ - Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіру, өңдеу, тасымалдау және газ өнімдерін өткізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.  

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу