Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
ЫРҒЫЗҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
24.11.2016

Ырғыз – газдандырылған соңғы аудан орталығы. Енді облыстың барлық аудан орталықтарының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көретін болды.

«ҚазТрансГаз» АҚ аудан орталығындағы көшеаралық және жеткізуші газ құбырының құрылысын аяқтап, 6 мың тұрғынды көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр. Бұл мақсатта автоматтандырылған газ тарату станциясы, блокты газ реттеу пункті, 38 шкафты газ реттеу пункті, 164 шақырым жеткізуші газ құбыры мен ұзындығы 53 шақырымды құрайтын көшеаралық газ құбыры салынды.

Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев биылғы жыл Қазақстан үшін айрықша маңызды екеніне, еліміздің Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерелегелі отырғанына тоқталды. Егемендік алған күннен бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын, соның жарқын куәсі Ырғызға газ келгенін жеткізді.

-Қазір облыстың 92 пайыз халқы газбен қамтамасыз етілді. Осының барлығы еліміздің экономикасы дамуының, Мемлекет Басшысының өзінің халқына жасаған қамқорлығының нәтижесі. Осы құрылысқа 6 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Енді жылдың соңына дейін кемінде 250 үй, 30-дан астам мекеме газға қосылады. Одан кейін үйлер дайындығына байланысты бірте-бірте газға қосылатын болады. Енді газ құбырының бойында орналасқан 4 елді мекенді де қамту ойластырылуда, — деді өңір басшысы.

Одан соң «ҚазТрансГаз» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Аманжол Тәжіғалиев, еңбек ардагері Нұрқасым Сәрсенбайұлы және басқа сөйлеушілер ізгі тілектерін білдіріп, аудан тұрғындары атынан еңбек ардагері Амантай Нұрбаев ақ батасын берді. Жоғарыда аталған азаматтармен бірге Бердібек Сапарбаев газ тарату қондырғысын салтанатты жағдайда іске қосты.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы,

Ырғыз ауданы.

13.11.2018
Standard and Poors «ҚазТрансГаз» АҚ рейтингін арттырды
Әрі қарай оқу
07.11.2018
«ҚазТрансГаз» АҚ 10 айдағы жұмысын қорытындылады
Әрі қарай оқу
19.10.2018
Қазақстандық газшылар Қытайдағы халықаралық конкурста үздік үштіктер қатарына кірді
Әрі қарай оқу
15.10.2018
ҚазТрансГаз Қытайға газ экспортын ұлғайтуда
Әрі қарай оқу