Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
ҚОЛЖЕТІМДІ КӨГІЛДІР ОТЫН
23.03.2017

Бүгінгі күні ауданымыздың гүлденуіне тиісті мемлекеттік бағдарламалар аясындағы айрықша жұмыстарға көңіл бөлініп келеді. Мәселен, бұдан бірер жыл бұрын шиеліліктер «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының арқасында өздері көптен күткен таза ауыз суға қол жеткізіп, бір жырғап қалған. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болатынының жарқын үлгісіндей, былтырдан бері өркениетке құлаш ұрған кентімізде газдандыру жұмысы қолға алынып, көгілдір отын бірқатар тұрғын үйлерге де кіргізіліп берілді. Біздің облысымыз елдегі газдың қоры мол өңірлердің қатарына жатқызылатынын да айта кеткен жөн.

Ауданымызға келген газды мекемелер мен үйлерге жеткізу жұмысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жергілікті жердегі мекемесі айналысады. Одан бөлек қолынан келгендер газ жүргізуге бағытталған жеке кәсіптерін де ашып алды. Алайда, бәрінің бірдей сапасы сын көтере бермейді. Себебі, табиғи газды қалай болса солай жүргізуге болмайтыны белгілі. Сапасыз тартылған газ құбыры қоршаған орта мен адам өміріне өте қауіпті. Сондықтан, мамандар бүгін ашылып, ертең қайда екенін таппай қалатын қаптаған жеке газ жүргізетін орындардан гөрі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның қызметіне жүгінген жөн деп есептейді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шиелі аудандық филиалының директоры Серікжан Қашақов: «Біздегі газ жүйелері «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырына қосылған. Бүгінгі күнге дейін кенттегі 2640 тұрғын үй көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Тұрғындар газдың бір текше метрі үшін 19 теңге 92 тиын төлейді. Үйіне газ кіргізгісі келген адам алдымен бізге келіп, өтініш береді. Содан соң арнайы мамандар құбыр жүргізілетін аумақты өлшеп, қанша қаржы жұмсалатынын анықтайды. Ал, тұрғын ақшасын төлеген сәтте бірнеше сағаттың ішінде біздің қызметкерлер сапалы, әрі сенімді көгілдір отынды орнатып беретін болады».

Қазіргі таңда тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу жұмысын жеделдету үшін газдандыру және монтаждау қызметтерінің ақысын 5 айға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылғанын айта кеткен жөн. Бұл тұрғындарға үлкен мүмкіндік. Оның үстіне газдың тарифі де аса қымбат емес. Бәрібір көмірден арзанға түседі. Дегенмен, тұрғындардың көгілдір отынды баспанасына кіргізуге неліктен асықпайтынын түсіне алар емеспіз. Өкінішке орай тұтынушылардың осы уақытқа дейін пайдаланған көгілдір отыны үшін қарызы 18 млн. теңгеге жетіп отыр. Тұрғындар немқұрайлылық танытпай, тұтынған газының қаржысын уақытылы төлеп отырса дейміз. Алдағы уақытта жергілікті бюджеттен қаржы қаралған сәтте елді мекендерді газдандыру жұмысын бас­тайтын боламыз.

Ерзақ БАЙНИЯЗОВ кент тұрғыны:

«Бұрын от жағып, күл шығармайтын қала тұрғындарына қызығып, сол жақа көшкіміз келетін еді. Қазір ол күнге өзіміз де жеттік. Көптен күткен көгілдір отынның пайдасына кенелудеміз. Енді біз де отын жарып, пешке от жағып, күл шығармайтын болдық. Әсіресе, әйелім мен келіндерімнің қуанышында шек жоқ. Олар қолдарын ыстық суға малып, жылы үйде уайымсыз тіршіліктерін қамдайтындықтарына дән риза. Күн суыса көмір, отын сатып алу керек деп бас қатырмаймыз. Әсіресе, биыл көмір тапшылығы орын алған кезде үйіме газ кіргізіп алғаныма қатты қуандым. Тұрмыс тауқыметі азайып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды деген осы емес пе? Алыстағы ауылдардың өзі өркениетке қарай оң қадамдар жасап жатыр. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп міне, осыны айтуға болады».

Қаракөз АШУРОВА, кент тұрғыны:

«Өзім 6 баланың анасымын. Үйдегі табыс көзі отағасының жалақысы ғана болғандықтан, қаржы тапшылығынан өткен жылы көгілдір отынды кіргізе алмадық. Алайда, алдағы қаһарлы қыс жетемін дегенше көштен қалмай ретін тауып, үйге газ кіргіземіз деп отырмыз. Егер жоспарымыз іске асса үйдің тіршілігі шамалы жеңілдер еді. От жаққан соң ыс болады, оның күлін шығару керек дегендей бітпейтін жұмыстардан арылар едік».

Гүлхан ЯХИЯЕВА

Дереккөз: «Өскен өңір» газеті

13.11.2018
Standard and Poors «ҚазТрансГаз» АҚ рейтингін арттырды
Әрі қарай оқу
07.11.2018
«ҚазТрансГаз» АҚ 10 айдағы жұмысын қорытындылады
Әрі қарай оқу
19.10.2018
Қазақстандық газшылар Қытайдағы халықаралық конкурста үздік үштіктер қатарына кірді
Әрі қарай оқу
15.10.2018
ҚазТрансГаз Қытайға газ экспортын ұлғайтуда
Әрі қарай оқу