Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
Көшеров Даир Әділбекұлы |
Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
Астанада «QazaqGaz» ҰК» АҚ топ-менеджментінің компаниялар тобының қызметкерлерімен Town Hall форматындағы екінші кездесуі өтті. Кездесуге офлайн және онлайн режимде ұлттық компанияның аймақтардағы өндірістік филиалдарының қызметкерлері, QazaqGaz сараптамалық кеңесінің мүшелері, газ саласына еңбек сіңірген қайраткерлер және салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Астанада «QazaqGaz» ҰК» АҚ топ-менеджментінің компаниялар тобының қызметкерлерімен Town Hall форматындағы екінші кездесуі өтті. Кездесуге офлайн және онлайн режимде ұлттық компанияның аймақтардағы өндірістік филиалдарының қызметкерлері, QazaqGaz сараптамалық кеңесінің мүшелері, газ саласына еңбек сіңірген қайраткерлер және салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Ұлттық компанияның басшысы Санжар Жаркешов QazaqGaz-дың жаңа, 2032 жылға дейінгі даму стратегиясын таныстырды, сондай-ақ Қазақстанның газ әлеуетін іске асырудың негізгі басымдықтарын жария етті.
QazaqGaz стратегиясы дамудың 12 бағытынан тұрады:
1. Сұранысты оңтайландыру үшін өзгерістерді ынталандыру;
2. Газ саласының дамуын және энергия тиімділігін ынталандыратын әділ тарифтер мен бағалар, сондай-ақ газ нарығын кезең-кезеңімен еркіндікке апаратын құрылымдық өзгерістер;
3. Ресурстық базаның өсуі мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету;
4. Газ өңдеудің негізгі жобаларының қуаттарын уақтылы кеңейтуді қамтамасыз ету;
5. Сатып алудың оңтайлы бағасы арқылы елдегі газ балансын қамтамасыз ету;
6. Газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету және елдің экспорттық-транзиттік әлеуетін барынша арттыру;
7. Елді газдандыруға қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету және шығындарды азайту;
8. Газ-химия саласының болашақ жобаларын газбен қамтамасыз ету;
9. Операциялық және инвестициялық қызметті жетілдіру;
10. Газ саласындағы құзыреттерді дамыту және жоғары құзыретті ұйым құру (оның ішінде ҒТО);
11. Цифрландыруды қолдану арқылы ұйымның тиімділігін арттыру;
12. Компанияны сәтті IPO-ға дайындау.
Ұлттық компания басшысының айтуынша, жаңа Даму стратегиясы Қазақстанның газ саласындағы үлкен әлеуетін ашуға көмектеседі. Бүгінгі таңда Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22-ші орында. Сонымен қатар, елімізде көгілдір отынды ішкі тұтыну жыл сайын өсуде - 7 жылдан кейін тауарлық газды тұтыну 2 есеге артуы мүмкін.
«Біздің мақсатымыз – нарықты монополиялау емес, инвесторлар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін мүмкіндіктер жасаудың катализаторы болу. Біз еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, саланың инвестициялық тартымдылығын арттырғымыз келеді», - деді Санжар Жаркешов.
2022 жылдан бастап Қазақстанда газ саласында бұрын-соңды болмаған реформалар жүзеге асырылуда. Олардың бірі – жер қойнауын пайдаланушылардан газ сатып алу бағасының жаңа формуласының енгізілуі. Жаңа формула геологиялық барлау мен газ кен орындарын игеру үшін инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Газды сатып алу бағасының жаңа формуласын енгізу газдың ресурстық базасын едәуір арттыруға көмектеседі деп күтілуде.
21.10.2024
QazaqGaz-дың HR мамандары персоналды басқару саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті
Әрі қарай оқу
|
18.10.2024
«Денсаулық жылы»: QazaqGaz-да HSE мәселелері бойынша жыл сайынғы стратегиялық сессия өтті
Әрі қарай оқу
|
17.10.2024
«ҮЗДІК МАМАН» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ
Әрі қарай оқу
|
24.09.2024
QazaqGaz Алматы қаласы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады
Әрі қарай оқу
|