| Қасеев Еркін Зарипұлы1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер. Жұмыс тәжірибесі: 1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды; 1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары; |
| Серді Ибулла Жұмағұлұлы |
| Көшеров Даир Әділбекұлы |
| Алдажаров Айтмухаммед Турарбекұлы |
| Сайднасимов Марат Абдулазизұлы |
| Торғаев Бақытқали Нұрғалиұлы |
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да денсаулықты сақтау, алғашқы көмек көрсету және психологиялық саулықты қолдау мәселелері бойынша қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өтті.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Жыл сайын 7 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік денсаулық күні аясында компанияның Орталық кеңсесінде «Алғашқы көмек: инсульт, инфаркт, жүректің тоқтауы» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қызметкерлер өмірге қауіп төндіретін жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық білім мен дағдыларды меңгерді. Қатысушылар жүрек-өкпе реанимациясының (ЖӨР) негізгі тәсілдерін үйреніп, оқу-жаттығу автоматты сыртқы дефибрилляторы мен AmbuMan манекенін пайдалана отырып, шұғыл жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін пысықтады.
.jpg)
.jpg)
Инсульт пен инфаркт белгілерін уақтылы тануға, медицина қызметкерлері келгенге дейінгі дұрыс әрекет ету тәртібіне, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету кезінде жиі жіберілетін қателіктерге ерекше назар аударылды. Оқытудың практикалық форматы қатысушыларға алған білімдерін бекітіп, шұғыл жағдайларда жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу және дефибрилляторды қолдану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған іс-шаралар компания филиалдарында да өтті. Атап айтқанда, «Тараз» МГҚБ қызметкерлері үшін психологтың қатысуымен шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар эмоцияларды басқару, мазасыздықты төмендету және күйзелісті жағдайларда эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау әдістерімен танысты. Күнделікті кәсіби қызмет барысында психологиялық саулықты сақтауға көмектесетін өзін-өзі реттеудің практикалық тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінді.
.png)
.png)
Өткізілген іс-шаралар компанияның қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қызметкерлердің штаттан тыс жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.
Дүниежүзілік денсаулық күні өз денсаулығына және айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салады. «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға және әрбір қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтауға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруда.
|
07.04.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ
Әрі қарай оқу
|
|
19.03.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА «ЖЕР САҒАТЫ» АКЦИЯСЫНА ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
Әрі қарай оқу
|
|
05.01.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Әрі қарай оқу
|
|
08.12.2025
QAZAQGAZ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНДА ГАЗ МАМАНДАРЫНА АРНАП ЗАМАНАУИ МОДУЛЬДІК КЕШЕНДЕР САЛДЫ
Әрі қарай оқу
|