"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
QAZAQGAZ ЖЕРАСТЫ ГАЗ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮҒА ДАЙЫН ЕКЕНІН РАСТАДЫ
23.07.2026

                 23 шілде күні «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның («QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) «Ақыртөбе» жерасты газ қоймасы базасында «Арқанды жабдықты қолдана отырып, бекіту жабдығын орнату арқылы №23 ұңғыма сағасындағы ашық газ-су фонтанын жою» тақырыбында кешенді командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығуға «Ақыртөбе» ЖАГҚ өндірістік персоналы, мамандандырылған авариялық-құтқару құрылымдары, өртке қарсы қызмет бөлімшелері, медициналық қызметтер, нысанды күзету қызметкерлері, сондай-ақ Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері қатысты.

Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, ұңғыма сағасында герметикалығының бұзылуы салдарынан газдың сыртқа шығуы орын алып, ашық газ-су фонтаны пайда болды. Шынайы жағдайға барынша жақындатылған жағдайда қатысушылар төтенше жағдай туралы жедел хабарлау, төтенше жағдайды жою жөніндегі штабты орналастыру, персоналды эвакуациялау, аварияны оқшаулау және жою, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ зақымданған жабдықтарды аумақтан тазарту бойынша іс-қимылдардың толық алгоритмін пысықтады.

Оқу-жаттығудың жеке кезеңі ретінде зардап шеккен адамды құтқару бойынша іс-қимылдар пысықталды. Медициналық бригада алғашқы медициналық көмек көрсетудің толық кешенін орындап, оның ішінде реанимациялық шараларды жүргізді, иммобилизация жасап, зардап шегушіні қауіпсіз аймаққа эвакуациялап, кейіннен ауруханаға жеткізу үшін тиісті қызметке тапсырды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Абзал Кисметов іс-шараның негізгі мақсаты барлық тартылған бөлімшелердің төтенше жағдай кезінде бірлесіп жұмыс істеуге дайындығын тексеру болғанын атап өтті.

«Қатысушылардың барлық іс-қимылдары мұқият тіркеліп, жан-жақты талданды. Оқу-жаттығу персоналдың кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, барлық қызметтердің өзара іс-қимылының тиімділігін және кез келген штаттан тыс жағдайларға жедел ден қоюға толық дайын екенін көрсетті. Осындай тәжірибелік оқу-жаттығулар өндірістік нысандарды қауіпсіз пайдаланудың негізі болып табылады және тұтынушыларымызды табиғи газбен үздіксіз әрі сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Абзал Кисметов.

Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу QazaqGaz компаниясының өндірістік қауіпсіздік жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Олар персоналдың практикалық дағдыларын тұрақты жетілдіруге, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және еліміздің газ инфрақұрылымы нысандарының сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

29.09.2026
«АҚЫРТӨБЕ» ЖЕРАСТЫ ГАЗ ҚОЙМАСЫНА — 40 ЖЫЛ
Әрі қарай оқу
22.09.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-ДА «ҮЗДІК МАМАН-2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Әрі қарай оқу
18.09.2026
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДАҒЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Әрі қарай оқу
23.07.2026
QAZAQGAZ ЖЕРАСТЫ ГАЗ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮҒА ДАЙЫН ЕКЕНІН РАСТАДЫ
Әрі қарай оқу